Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің2017 жылғы № бұйрығына қосымша Жаңартылған мазмұн бойынша негізгі орта білім беру деңгейінің 5-7-сыныптарына арналған Өлкетану курсының оқу бағдарламасы



бет2/2
Дата04.12.2019
өлшемі361,47 Kb.
#53004
1   2
Байланысты:
Өлкетану 5-6сынып факултатив

«Бекітемін» «Келісілген»

Мектеп директоры Директордың тәрбие іс

Ф.Б.Идрышева жөніндегі орынбасары

____________ Л.С.Доданова________
ҮЙІРМЕ ЖҰМЫСЫНЫҢ ЖУРНАЛЫ

Алматы облысы, Іле ауданы, Чапаев ауылы


«№45 орта мектеп»

5 «Г» сынып


Үйірме жетекшісі: Жусипбекова А.Ш
Үйірменің аты: «Жас эколог»

2019-2020 оқу жылы


Түсінік хат

«Жер жәннаты - Жетісу» Елбасымыз тарихтың маңызы туралы «Өркениетті алға бастырар ғылым десек, соның бірден-бір саласы жас ұрпақты дәл тарихтай отаншылдыққа, ұлтжандылыққа, әділдікке тәрбиелей алмайды»-дейді.

Отансүйгіш ұрпақ тәрбиелеу үшін Отан тарихын сапалы әрі тиімді оқыту қажет. Бүгінгі орта білім беру жүйесіндегі Отан тарихын оқытуды «Жас эколог» пәні арқылы бекітетін болсақ, оқушының тарихи санасының қалыптасуы мен патриоттық сана-сезімі анағұрлым арта түсер еді. Себебі, «өзгені тану үшін, алдымен өзіңді тани біл!» деген жалпыадамзаттық қағиданы басшылыққа ала отырып, Қазақстанның мектептерінде «өлкетану» пәнін енгізіп оқыту – Отан тарихын өлке тарихы арқылы тануға негіз қалар еді. Мектепте өлкетану жұмыстарын жүргізу, жинаған материалдарды тарих сабақтарында пайдалану өте маңызды. Сабақ барысында өлкетану материалдарына көп уақыт бөле алмайсың, сондықтан Жас эколог бойынша жеке курстарда оқыту керек. 

«Жас эколог» сабағы оқушылардың өзіндік ғылыми негізді ізденістері мен шығармашылығына негізделуі қажет.

Жас эколог пәні арқылы мектепте мұражайлар ұйымдастыруға да болады. 

Білім беру жүйесіндегі бүгінгі күндегі өзгерістер Отандық тарихтан білім беруде оқытудың ғылыми және әдістемелік деңгейін көтеруді талап етеді. Туған жері мен елінің, халқының өткен өмірі мен бүгінгі тіршілігін оқытып үйрету оқушыларды азаматттық пен ұлтжандылыққа, Отанға деген сүйіспеншілікке тәрбиелейді, жеке тұлғаның дамуына септігін тигізеді. 

Осы мақсатта «Жас эколог» курсы бойынша орта буын оқушыларына арналған курс бағдарлама ауыл тарихына арналып жасалды. Бағдарлама оқу процесінде 5-сыныпқа, аптасына 1 сағаттан, жалпы оқу бағдарламасы 34 сағатқа арналған.

«Жас эколог» курсының мақсаты: Еліміздің елдігі, жұртымыздың теңдігі үшін үлес қосқан бабаларымыз бен күрескер азаматтарымыз , өлкеміздің ерекшеліктері туралы мағлұмат беру.  Табиғатпен үйлесім табуы, баланың бойында табиғатқа деген қамқорлығы, жауаптылығы, жанашырлығы артады.

Дамытушылық міндеті: Оқушы зердесін және рухани дамуын арттыру.

Тәрбиелік міндеті: Өлке тарихын ұғындыра отырып , туған жерге сүйіспеншілікті оқушы бойына сіңіру.

«Жас эколог» курсының міндеттері:

Жер жаннаты -Жетісу Алматы облысы аумағын білетін болады

-оқушының тарихи біліктері мен дағдыларын жетілдіру

-өзіндік ізденіс, шығармашылыққа баулу

-өлкенің өсімдікпен жануарлар әлемін, Қызыл кітапқа енген жануар,өсімдікті білетін болады

«Жас эколог» үйірмесі 5 «Г» сыныбына арналған 

Алматы облысы, Іле ауданы, Чапаев ауылы «№45 орта мектеп» МКМ Жаратылыстану пәнінің мұғалімі: Жусипбекова Айымхан Шарибековна



Тексерілді оқу ісінің меңгерушісі___________________


«Өлкетану курсы»

Уақыты:

Кабинет:4

Мұғалім: А Жусипбекова

Сабақтың тақырыбы

Өлкетану кітабымен танысу және Туған өлкенің аңыз-ертегілері

Мақсаты

А) Білімділік. Облысымыздағы сырлы және ғажайып орындар жайлы жайлы білім беру.

А) Дамытушылық. Танымдық қабілеттерін ,ой -қиялын, тілін дамыту.

Ә) Тәрбиелік. Оқушыларды еліміздің табиғатын және тарихын құрметтеуге , халық мұрасын қадірлеуге, қорғауға тәрбиелеу .




Күтілетін нәтиже

Облысымыздың ғажайып өлкелері туралы ақпарат береді, оны өзгелерге таныстыра алады. Осы жерлердің тарихы туралы сипаттайды. Тақырып аясында сыныптастарымен ғажайып жерлері туралы тілдеседі,

Сабақтың түрі:    

Жаңа сабақ


Пәнаралық байланыс

Жаратылыстану пәні


Әдісі:   

Топтық жұмыс ,  түсіндіру, зерттеу, сұрақ-жауап

Қолданылатын технология

7 модульді ықпалдастыру

Көрнекілігі:        

Суреттер, интерактивті тақта,бейнероликтер,ойыншықтар

Сөздік жұмыс:

Сарқырама,шың

Психологиялық ахуал

Қонақтармен сәлемдесу,сабаққа сәттілік тілеу

Қызығушылықты ояту

Өткен тақырыптар бойынша Алматы облысы жайлы мәліметтерді қайталау/ Диалогтік әдісті ойын арқылы қолдану/


Жаңа сабақ

1.а)Кіріспе сөз :Өлкеміздегі түрлі ғажайып орындар жайлы таныстырады:

а) Жер жаннаты -Жеісу

б)Бұрқан бұлақ сарқырамасы

в)Баян жүрек тауы

«7 керемет » ойыны арқылы топтық жұмыс жүргізу /табиғи құндылықтарды сақтауға,қорғауға тәрбиелеу/


Сергіту сәті

«Балдәурен»




Бекіту

« Білімпаз» ойыны арқылы сабақта алған білімдерін

Жағдаят: -Шетелде сенің досың бар. Ол сені сол мемлекетке демалуға шақырды.Шипалы сулар барын айтып,жазғы демалысты пайдалы өткізуіңе кеңес берді. Сен оған не айтар едің?/

1.Бейнекөрініс арқылы әлемдегі ғажайып бақтарды тамашалату ,болашақта Қазақстанда осындай бақтар салуға кеңес беру.




Үйге тапсырма

Туған өлкенің аңыз-ертегілері жайлы, мәліметтер,суреттер, бейнематериалдар жинақтау




Бағалау

Кері байланыс


Формативті бағалау

Сабақта не үйренгендері жайлы оқушылар бір-біріне сұрақ қою арқылы сабақты қорытындылайды







Тексерілді оқу ісінің меңгерушісі___________________




«Өлкетану курсы»

Уақыты:

Кабинет:

Мұғалім: А Жусипбекова

Сабақтың тақырыбы

Біздің айналамыздағы тарихи ескерткіштер

Мақсаты

А) Білімділік. Облысымыздағы сырлы және ғажайып орындар жайлы жайлы білім беру.

А) Дамытушылық. Танымдық қабілеттерін ,ой -қиялын, тілін дамыту.

Ә) Тәрбиелік. Оқушыларды еліміздің табиғатын және тарихын құрметтеуге , халық мұрасын қадірлеуге, қорғауға тәрбиелеу .




Күтілетін нәтиже

Облысымыздың ғажайып өлкелері туралы ақпарат береді, оны өзгелерге таныстыра алады. Осы жерлердің тарихы туралы сипаттайды. Тақырып аясында сыныптастарымен ғажайып жерлері туралы тілдеседі,

Сабақтың түрі:    

Жаңа сабақ


Пәнаралық байланыс

Жаратылыстану пәні


Әдісі:   

Топтық жұмыс ,  түсіндіру, зерттеу, сұрақ-жауап

Қолданылатын технология

7 модульді ықпалдастыру

Көрнекілігі:        

Суреттер, интерактивті тақта,бейнероликтер,ойыншықтар

Сөздік жұмыс:

Сарқырама,шың

Психологиялық ахуал

сәлемдесу,сабаққа сәттілік тілеу

Қызығушылықты ояту

Өткен тақырыптар бойынша Алматы облысы жайлы мәліметтерді қайталау/ Диалогтік әдісті ойын арқылы қолдану/


Жаңа сабақ

1.а)Кіріспе сөз :Өлкеміздегі тарихи ескерткіш орындар жайлы таныстырады:

а) Археологиялық ескерткіштер

б)Сәулет ескерткіштер

в)Тарихи мәдени ескерткіштерді қорғау

«7 керемет » ойыны арқылы топтық жұмыс жүргізу /табиғи құндылықтарды сақтауға,қорғауға тәрбиелеу/


Сергіту сәті

«Балдәурен»




Бекіту

« Білімпаз» ойыны арқылы сабақта алған білімдерін

Жағдаят: -Шетелде сенің досың бар. Ол сені сол мемлекетке демалуға шақырды.Шипалы сулар барын айтып,жазғы демалысты пайдалы өткізуіңе кеңес берді. Сен оған не айтар едің?/

1.Бейнекөрініс арқылы әлемдегі ғажайып бақтарды тамашалату ,болашақта Қазақстанда осындай бақтар салуға кеңес беру.




Үйге тапсырма

Менің өлкемдегі ескерткіштер жайлы сөз жұмбақ құрастыру.




Бағалау

Кері байланыс


Формативті бағалау

Сабақта не үйренгендері жайлы оқушылар бір-біріне сұрақ қою арқылы сабақты қорытындылайды







Тексерілді оқу ісінің меңгерушісі___________________




«Өлкетану курсы»

Уақыты:

Кабинет:

Мұғалім: А Жусипбекова

Сабақтың тақырыбы

Өңірдің тарихи тұлғалары: билер,батырлар мен палуандар

Мақсаты

А) Білімділік. Облысымыздағы сырлы және ғажайып орындар жайлы жайлы білім беру.

А) Дамытушылық. Танымдық қабілеттерін ,ой -қиялын, тілін дамыту.

Ә) Тәрбиелік. Оқушыларды еліміздің табиғатын және тарихын құрметтеуге , халық мұрасын қадірлеуге, қорғауға тәрбиелеу .




Күтілетін нәтиже

Облысымыздың ғажайып өлкелері туралы ақпарат береді, оны өзгелерге таныстыра алады. Осы жерлердің тарихы туралы сипаттайды. Тақырып аясында сыныптастарымен ғажайып жерлері туралы тілдеседі,

Сабақтың түрі:    

Жаңа сабақ


Пәнаралық байланыс

Жаратылыстану пәні


Әдісі:   

Топтық жұмыс ,  түсіндіру, зерттеу, сұрақ-жауап

Қолданылатын технология

7 модульді ықпалдастыру

Көрнекілігі:        

Суреттер, интерактивті тақта,бейнероликтер,ойыншықтар

Сөздік жұмыс:

Сарқырама,шың

Психологиялық ахуал

сәлемдесу,сабаққа сәттілік тілеу

Қызығушылықты ояту

Өткен тақырыптар бойынша Алматы облысы жайлы мәліметтерді қайталау/ Диалогтік әдісті ойын арқылы қолдану/


Жаңа сабақ

1.а)Кіріспе сөз : Батыр дегеніміз кім?

а) Батыр атағын кімдерге беріледі?

б)Өз өлкеңнің батырларын білесіңбе?

в) Би деген кім?

«7 керемет » ойыны арқылы топтық жұмыс жүргізу /табиғи құндылықтарды сақтауға,қорғауға тәрбиелеу/


Сергіту сәті

«Балдәурен»




Бекіту

« Білімпаз» ойыны арқылы сабақта алған білімдерін

Жағдаят: -Шетелде сенің досың бар. Ол сені сол мемлекетке демалуға шақырды.Шипалы сулар барын айтып,жазғы демалысты пайдалы өткізуіңе кеңес берді. Сен оған не айтар едің?/

1.Бейнекөрініс арқылы әлемдегі ғажайып бақтарды тамашалату ,болашақта Қазақстанда осындай бақтар салуға кеңес беру.




Үйге тапсырма

Жетісудің палуандары кім? Мәлімет жинау.




Бағалау

Кері байланыс


Формативті бағалау

Сабақта не үйренгендері жайлы оқушылар бір-біріне сұрақ қою арқылы сабақты қорытындылайды






Тексерілді оқу ісінің меңгерушісі___________________



«Өлкетану курсы»

Уақыты:

Кабинет:4

Мұғалім: А Жусипбекова

Сабақтың тақырыбы

Жетісу өлкетану мұражайына саяхат

Мақсаты

А) Білімділік. Облысымыздағы сырлы және ғажайып орындар жайлы жайлы білім беру.

А) Дамытушылық. Танымдық қабілеттерін ,ой -қиялын, тілін дамыту.

Ә) Тәрбиелік. Оқушыларды еліміздің табиғатын және тарихын құрметтеуге , халық мұрасын қадірлеуге, қорғауға тәрбиелеу .




Күтілетін нәтиже

Эскурсияның мақсаты: оқушыларға тарихи-өлкетану мұражайы жайлы түсінік беру; оқушылардың ой-өрістерін, танымдық қабілеттерін арттыру, туған өлке тарихына деген қызығушылығын қолдау және дамыту; оқушылардың бойында ата-бабаларына деген құрмет сезімді және өзінің туып-өскен жеріне деген сүйіспеншілікті тәрбиелеу. Саяхат барысында оқушыларға бірінші мұражай туралы түсінік берілді.

Сабақтың түрі:    

Жаңа сабақ


Пәнаралық байланыс

Жаратылыстану пәні


Әдісі:   

Топтық жұмыс ,  түсіндіру, зерттеу, сұрақ-жауап

Қолданылатын технология

7 модульді ықпалдастыру

Көрнекілігі:        

Суреттер, интерактивті тақта,бейнероликтер,ойыншықтар

Сөздік жұмыс:

Сарқырама,шың

Психологиялық ахуал

сәлемдесу,сабаққа сәттілік тілеу

Қызығушылықты ояту

Өткен тақырыптар бойынша Алматы облысы жайлы мәліметтерді қайталау/ Диалогтік әдісті ойын арқылы қолдану/


Жаңа сабақ

Мұражай, музей, (грек тілінде museіon – муза сарайы) – тарихи-ғылыми дерек ретіндегі ескерткіштерді, өнер туындыларын, мәдени құндылықтарды, т.б. мұраларды сақтап, жинақтап, ғылыми-танымдық қызмет атқаратын мекеме.Музей заттық және рухани құндылықтарды танытуда, ғылыми тұрғыда зерттеп, оның нәтижелерін насихаттауда, осы негізде тәлім-тәрбие беруде маңызды рөл атқарады. Музей ғылымның, білімнің, мәдениеттің қалыптасуына ықпал ететін ғылыми мекеме ретінде өскелең ұрпақтың тәрбиесіне, тарихи сананың қалыптасуына ықпал етеді.


Сергіту сәті

«Балдәурен»




Бекіту

Мұражай негізгі бaғыты тұрғысынан бірнеше топтарға бөлінеді: тарихи музейлер (жалпы тарих, археологиялық, антропологиялық, этнографиялық, нумиcматикалық, т.б.), көркемөнер музей (көркемөнер, мүсін, қолөнер, қолдaнбалы өнер, театр, музыка кино, т.б. музейлер), ‘‘жаратылыстану музейі’’ (биологиялық, зоологиялық, геологиялық, минералдық, палеонтологиялық, т.б), техникалық музейлер (авиация, автокөлік, кеме жасау, тау-кен ісі, өнеркәсіп, өндіріс өнімдері, т.б.), ‘‘кешенді


Үйге тапсырма

Жетісу өлкетану мұражайына саяхат эссе жазу




Бағалау

Кері байланыс


Формативті бағалау

Сабақта не үйренгендері жайлы оқушылар бір-біріне сұрақ қою арқылы сабақты қорытындылайды






№45 орта мектеп мкм

Жаратылыстану пәнінің

мұғалімі Жусипбекова А.Ш ға

6 «Г» сынып оқушылары атынан
Өтініш
Өтініш жазумыздың себебі 2019-2020 оқу жылында 6 «г» сынып оқушыларын «Өлкетану» факультативне қабылдауыңызды сұраймын.

Тақырып: Менің ауылымда өсетін өсімдіктер күні: 26.11.2019ж

Жобаның бағыты: жаратылыстану
Жоба жетекшісі: Жусипбекова АШ. Биология пәнінің мұғалімі.
Чапай ауылы – 2019жыл.
Мектеп: №45 орта мектеп мкм 5 «Г» сыныбы
АННОТАЦИЯ
Зерттеу мақсаты:Жергілікті жерде өсетін өсімдіктердің қасиеттерін зерттеп, оны күнделікті тұрмыста қолдану.
Болжам:Жергілікті жерде өсетін өсімдіктерді дәрі ретінде пайдалансақбіріншіден денсаулыққа пайдалы (құрамында химиялық қоспалары жоқ), екіншіден қаржымыз үнемделуші еді.
Зерттеу кезеңдері:

 Әдебиеттерге шолу.

 Қажетті мәліметтерді іздестіру, яғни медицина қызметкерлерімен кездесу, ауыл адамдарымен жолығу.

 Бағдарламаның жобасын жасау.

 Жасалған жұмыстарға қорытынды жасау.
Жаңалық:Жергілікті жердің өсімдіктерін пайдаланып дәрі – дәрмек жасау бағдарламасы жасалды
Қорытынды және нәтиже:Жергілікті жердің өсімдіктерін пайдаланып дәрі – дәрмек жасау бағдарламасы жасалды және бағдарлама жобасын ұсындым.

Медицинада шырынды және құрғақ жемістерді пайдаланады. Одарды тек піскен кезде ғана жинаған дұрыс. Шырынды жемістерді таңертең ерте немесе кешке жинайды. Оларды жинағанда үлкен сақтықпен езіп алмай жинап, ішінде тартып-керіп қойған қалта немесе қабы бар себетке салады. Тез түсіп шашылып қалатын жемістері бар өсімдіктердің жемістерін жинағанда олардың гүлшоқтарын кесіп алып бауға (сноп) байлап көлеңкелі жерге жемістері пісіп жетілгенше іліп қою керек. Сосын сондай кептірілген бауларды өңдеп жемістерін алады. Тұқымдарды піскеннен кейін жинайды, қыста зең (плесень) пайда болмас үшін шаңнан, әртүрлі қоспалардан тазартады, таза ауада кептіреді. Тамырлар және тамырсабақтарды күзде өсімдіктің жер үсті мүшелері сола бастағанда дайындайды.

Жерден күрекпен қазып алынған тамырларды және тамырсабақтарды сілкіп-сілкіп, тазалап жуып қағазда, матаға немесе таза жерге жайып кептіру керек.

Жалпы өсімдіктерді кептірудің 4 әдісі бар:

1. Табиғи, бұл жағдайда шикізатты қағаздың немесе матаның бетіне жайып қойып жиі-жиі аударып тұрады.

2. Көлеңке кептіру, бұл жағдайда жақсы желденетін жабық ғимараттың ішінде кептіреді. Табиғи нақыштары сақталады.

3. Күн түскен жерде кептіру, бұл жағдайда өсімдіктер қабығы, тамырлары, тамырсабақтары, тұқымдары және жидектері кептіріледі.

4. Жылулықта кептіру (қолдан жылыту арқылы), бұл жағдайда температураны реттеп тұруға болады, шикізат тезірек кебеді. Дәрілік өсімдіктер түрлеріне байланысты әдебиеттерде олардың қайсысын қай мезгілде жинауға болатындығын көрсететін күнтізбесі болады (Мухитдинов Н.М. Паршина Г.Н. 2001). Сол күнтізбесіне байланысты жинау керек



ДӘРІЛІК  ӨСІМДІК  ШИКІЗАТЫН  МИКРОСКОПИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУ  ТУРАЛЫ

Өсімдік шикізатының микроскопиясын зерттеу жарық және люминесцентті микроскоп көмегін жүргізіледі. Микроскоп көзге көрінбейтін объектілердің қатты ұлғайған бейнелерін алуға мүмкіндік береді. Микроскоп көмегімен микробейнелердің мөлшерін, құрылысын, және т.б. сипаттамаларын анықтайды. Микроскоп элементтердің арасы 0,20 мкм-ге дейін болатын құрылымдарды ажыратуға мүмкіндік береді. Микроскоптың шешу қабілеттілігі жарықтың толқындық қасиеттерімен байланысты. Препараттың құрылымын ажырату оның бөлшектерінің жырықты сіңіру, шағылыстыру және сыңдыру қасиеттеріне бір-бірінен ажыратылғанда ғана мүмкін болады. Дәрілік өсімдік шикізатынан микроскопиялық препараттарды даярлау техникасы алуан түрлі және де зерттелініп отырған объектінің морфологиялық тобына, оның күйіне (бүтін, бөлшектелген, кесілген немесе ұнтақ) байланысты болады.



Жапырақ, шөптер, гүлдер.

Бүтін және кесілген шикізат. Бүтін шикізатты зерттеу кезінде жапырақ тақтасының жүйкесі бар бөлшектерін алады. Шөптерден жапырақтарды, кейде сабақ пен гүлдің бөліктерін, гүлдерден-тостағанша мен күлтені жеке қарастырып алады. Кесілген әртүрлі бөліктерді алады. Препараттарды жиі ақшылдандыру қажет болады.

Төмендегідей тәсілдер қолданылады:

1. Шикізаттың бөлшектерін пробиркаға салып, сумен араласқан 5% натрий гидроксидін қосып (1:1), 1-2 минут қайнатады. Кейін Петри табақшаларына көшіріп, сумен мұқият шаяды. Шикізат бөліктерін заттық шыныдағы глицерин немесе хлоралгидрат ерітіндісіне салады.

2. Жапырақтардың бөліктерін 1:1 қатынаста сумен араласқан хлоралгидрат ерітіндісінде 5-10 минут қайнатады да (ақшылданғанға дейін) затты шыныдағы глицерин немесе хлоралгидрат ерітіндісіне салып, скальпель немесе инемен екі бөлікке бөледі. Оның біреуін ақырын аударады. Объектіні жабындық шынымен жауып, ауа көпіршіктері жойылғанға дейін спиртовканың жанында аздап қыздырады да, суығаннан кейін зерттейді. Жапырақтың екі жағын да микроскоп арқылы кіші және үлкен ұлғайтулармен қарастырады. Сабақтың бөлшектерін 5% натрий гидрооксидінде 5-10 минут қайнатып, сумен шаяды. Эпидермисті скальпельмен немесе инемен бөліп алып, бетін қарастырады, қалған ұлпаларынан объектіні заттық шыны бетіндегі хлоралгидрат немесе глицерин ерітіндісіне езу арқылы препарат жасалынады. 10 минут хлоралгидрат ерітіндісіне қайнатылған жапырақтардың көлденең кесіндісін шикізат бөлшектерін өзегінің ортасына қыстыру арқылы әзірлейді.

Ұнтақ. Заттық шыны бетіне 1-2 тамшы хлоралгидрат ерітіндісін тамызып, зерттелінетін ұнтақтың аздаған мөлшерін салады. Ұнтақты хлоралгидрат ерітіндісіне батырылған иненің ұшымен алып, мұқият араластырып болғаннан кейін, бетін жабындық шынымен жабады да, ауа көпіршіктері кеткенге дейін спиртовка жалынына қыздырады. Шынының үстін препараттық иненің сабымен ақырын басып, шетіне шыққан сұйықтықты сүзгіш қағаздың көмегімен сорып алады. Қатты жапырақ пен қатты сабақтан жасалынған ұнтақты 5% натрий гидроксидінде қайнату арқылы мөлдір түске енгізеді.

Тұқымдар, Жемістер.

 Бүтін шикізат. Тұқым қабықшасынан, жемісқап бетінен немесе көлденең кесіндісінен препараттар даярланады.

Тұқым қабықшасынан және жемісқаптың бетінен жасалынған препарттар. 2-3 тұқымды немесе жемісті 5% натрий гидрооксидінде 2-3 минут қайнатып, мұқият сумен шаяды. Объектіні заттық шыныға орналастырып, препараттық инелермен тұқымды қабықшасынан, жемісқапты ұлпаларынан ажыратып, хлоралгидрат немесе глицирин ерітіндісінде қарастырады.

Кесінділер. Кесінділерді әзірлеу үшін құрғақ тұқымдар мен жемістерді тәулікке ылғалды камераға салу арқылы алдын-ала жұмсартады. Ылғалды камера ретінде бірнеше тамшы хлороформ қосылған суы бар эксикатор алынады. Сонымен қатар жұмсартуды объект қаттылығына байланысты су буымен 15-30 минут өңдеу арқылы іске асырады. Ұсақ жемістер мен тұқымдарды 0,5х0,5х1,5 см парафинді блоққа ендіреді. Балқыту төмендегідей жүргізіледі: отқа қыздырылған препараттық иненің ұшымен ойық жасап, дереу арада сол жерге объектіні орналастырады (объектінің беті құрғақ болуы керек). Кесінділер парафинмен бірге жасалынып, парафиннен сұйықтыққа матырылған иненің ұшымен тазартылады. Микропрепараттар глицерин немесе хлоралгидрат ерітіндісінде жасалынады.

Қабық.

Бүтін және бөлшектенген шикізат. Қабықтың тігінен және көлденеңінен кесінділерін төмендегідей тәсілмен дайындайды: 2-3х0,5-1 см мөлшеріндегі шикізат бөлшектерін суы бар пробиркада 5 минут қайнатып, бөлшектердің нақты тігінен және көлденең кесіндісі кесілуі үшін скальпельмен тегістейді. Жасалған кесінділердің микропрепараттарын хлоралгидрат немесе глицерин ерітіндісінде даярлайды. Әртүрлі құрылымдар мен заттарды айқындап қажет болған жағдайда цитохимиялық реакцияларды жүргізеді. Сүректенген (лигнификацияланған) элементтерді флороглюцин ерітіндісінің бірнеше тамшысы мен 25%-дық тұз қышқылының 1 тамшы қоспасымен айқындайды. Бір минуттан кейін сұйықтықты сүзгіш қағазбен сорып алады да, хлоралгидрат ерітіндісі немесе глицеринге салынған кесіндіні жабындық шынымен жауап қыздырусыз қарастырады. Сүректенген арқаулық элементтер алқызыл түске боялады. Сүректенген элементтерді бояу үшін сафранин ерітіндісін де қолдануға болады. Кесінділерді 50% спирттегі 1% сафранин ерітіндісіне 30 минут ұстаған соң (жабық бюкс немесе сағаттық шыныға), алдымен 50% спиртпен, одан кейін қышқылданған спиртпен (100мл спиртке 2 тамшы концентрлі хлорсутекті қышқылды қосады) шайып, заттық шыныдағы глицеринге енгізеді. Сүректенген клетка қабықшалары қызыл түске боялады.



Крахмал. Крахмалды айқындау үшін құрғақ қабықтың кырындысын жасап люголь ерітіндісінде және жоғарыда көрсетілгендей суда қарастырады.

Илік заттар. Илік заттардың барын құрғақ қабықтың ішкі жағына 1 тамшы теміраммонийлі кварцтың немесе хлорид тотықты темірдің ерітіндісін тамызу арқылы айқындайды. Қара-көк немесе қара-жасыл бояу пайда болады.

Антрацен туындылары. Антрацен туындыларын қабықтың ішкі бетіне 1-2 тамшы натрий гидроксиді ерітіндісін тамызу арқылы (қан қызылға боялады) немесе микросублимация арқылы айқындайды.

Тамырлар, тамырсабақтар,

Бүтін шикізат. Тігінен және көлденең кесінділерді даярлайды. Жерасты мүшелерінің кішігірім бөлшектерін суық суға салып, бір тәулік ұстаған соң, 3 тәулік 95% спирт пен глицерин (1:1) қоспасына енгізеді. Жұмсарған объектілердің нақты тігінен және көлденеңінен кесіндісі кесілуі үшін скальпельмен тегістейді. Жасалған кесінділердің микропрепараттарын хлоралгидрат немесе глицерин ерітіндісінде даярлайды. Нақтамалық белгілерді алдымен кіші, сосын үлкен ұлғайтумен қарастырады. Құрғақ жерасты мүшелердің қырындысымен қажетті микрохимиялық реакцияларды жүргізеді. Сүректенген элементтері крахмал, шырыш, шыны мен эфир майлар, илік заттар мен антрацен туындыларының барын «Жемістер мен тұқымдар», «Қабық» бөлімдерінде көрсетілген әдістемеге сәйкес айқындайды.

Инулин. Инулинді айқындау үшін заттық шыныдағы 0,1 г ұнтақты 1-2 тамшы а-нафтол (резорцин немесе тимол) және 1 тамшы концентрлі күкірт қышқылының қоспасына салады. Қызғылт-күлгін бояу (резорцин мен тимолдан шоқсары-қызыл т.с) пайда болады. Инулиннің бары туралы тұжырымдарды крахмал жоқ болған жағдайда ғана жасауға болады.

Бөлшектенген шикізат. Жерасты мүшелерін бөлшектерін 5% натрий гидрооксиді ерітіндісінде 3-5 минут қайнатады. Суға мұқият шайған соң бөлшектерді глицерин немесе хлоралгидрат ерітіндісінде езе отырып микропрепараттарды дайындайды. Жерасты мүшелерін қырындысы және ұнтағымен жүргізілетін микрохимиялық реакциялар «Қабық» бөлімінде көрсетілгендей іске асады.



Ұнтақ. Жерасты мүшелерінің нақтамалық белгілерін және оның құрамындағы заттарды айқындау үшін бірнеше препараттар (хлоралгидрат ерітіндісінде) әзірленеді. Сүректенген элементтер, крахмал, шырыш, шыны мен эфир майлар, илік заттар мен антрацен туындыларының барын «Жемістер мен тұқымдар», «Қабық» бөлімдерінде көрсетілген әдістемеге сәйкес айқындайды.

1 – дөрекі фокустайтын бұранда; 2 - ұстайтын мойны; 3 - окуляр; 4 - бинокулярлы тубус; 5 - револьвер; 6 объектив; 7 - заттық үстел;  8 препаратты жылжытқыш; конденсор; 10 айна; 11 штатив негізі; 12 нақты фокустайтын бұранда.


Микроскоптың құрылысымен танысу. Микроскоптың құрылысы:

  • оптикалық, механикалық, жарық қабылдайтын бөліктерден тұрады.

  • Оптикалық бөліміне окуляр және объектив жатады. Бұлар микроскоптың ең басты бөлімі болып табылады және күрделі линзалар жүйелерінен құралған. Окуляр дегеніміз зерттеушінің көзіне бағытталған үлкейтіп көрсететін бірнеше линза. Окуляр 5,7,10,15 есе үлкейтіп көрсетеді. Объектив дегеніміз объектіге немесе зерттейтін затқа бағытталған линзалар жүйесі. Объектив 8,20,40,90 есе үлкейтіп көрсетеді. Микроскоптың жалпы неше есе үлкейтіп көрсеткен көрсеткіштерін өзара көбейту қажет.

  • Микроскоптың механикалық бөлімі оптикалық және жарық бөлімдерін байланыстырып тұрады. Механикалық бөлімдеріне штатив, тубус, макровинт, препарат қоятын орындық, револьвер, конденсор винті жатады.

  • Микроскоптың жарық қабылдайтын бөлімдеріне айна мен конденсор жатады. Айна микроскоп штативінің төменгі тұсындла орналасқан. Ол жарық сәулелерін зерттейтін объектіге бағыттайды. Айна бір жағы ойыс, екінші жағы тегіс болады. Конденсор айнадан түсетін жарықты шоғырландырып, зерттейтін затқа түсіреді.

2. Микроскоппен жұмыс істеу ережелері:

Микроскопты ыңғайлап, сол жаққа қойыңыз. Айнаның ойыс жағын жарық түсетін жаққа бағыттаңдар. Револьверді айналдырып, 8 есе үлкейтіп көрсететін объективке /кіші/ қойыңыздар. Кіші объектив пен препарат орналасатын орындықтың аралығы 1-1,5 см болуы керек. Айнаны ептеп қозғап біркелкі түсетін жарықты табыңыздар. Препараттың кішкентай шынысын жоғары бағыттап орналастырып, микроскоппен қараңыздар. Макровинтпен тубусты жоғары немесе төмен түсіріп, препараттың біркелкі боялғанын көресіздер, жақсы және ашық көрінетін тұсына қойыңыздар. Фокусын өзгертпей кіші объективтен, үлкен объективке көшіріңіздер. Микровинтті ақырын бұрап, препараттың өте анық көрінетін тұсын табыңыздар. Препаратты ақырын қолмен жылжытуға болады. Препаратты зерттеп болған соң үлкен объективтен кіші объективке көшіріңіздер. Микроскоппен жұмыс істеп болғаннан соң оны салфеткамен жауып қойыңыздар. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет