Ерете, ерте ертеде жүрек тіршілік етіпті. Ол жанның түкпірінде ғұмыр кешіпті. Әрі ешкімге кедергі келтірмепті. Бір күні жанға Сезім кіріпті. Ол бұрында болған екен. Сезім Жүрекке ұнап қалады. Жүрек Сезімді жоғалтып алудан қорқып, оны қатты қастерлепті. Тіптен есікті құлыптап қоятын болыпты. Олар жанның түкпір-түкпірін ұзақ аралап, сөйлесіп, армандайды. Кешқұрым олар жанды жылыту үшін бірігіп от жағады. Жүрек сезімге үйірсектеніп, Сезім оның жанында мәңгі қалатындай көрінетін. Әрі Сезім де солай деп сөз берген. Ол сондай қиялшыл болатын. Бірақ бір күні Сезім жоғалып кетеді. Жүрек оны барлық жерлерден іздейді. Ұзақ іздейді. Бірақ кейін ол жанның бір бұрышынан балтамен шабылған жараны тауып алады. Сезім үлкен жара қалдырып, жай қашып кеткен екен. Жүрек барлығына өзін кінәлайды - ренжитіндей ол Сезімге қатты сенім білдірген еді. Сезім жайлы естелік ретінде жан жарасы ғана қалады. Ол ешнәрсемен жаба алмай қояды. Түнімен ол арқылы Суық та Ызғарлы жел еседі. Ол кезде жан бүрісіп, қатып қалатын. Кейін Жүрекке басқа да сезімдер кіруге ниеттенеді. Бірақ Жүрек оларды кіргізбей, әркез жара арқылы сыпыртқымен сыпырып тастап отырады. Бірте-бірте сезімдер мүлде кірмейтін болады. Алайда бір күні жанға мүлде өзге Сезім келіп, есігін қағады. Алғашында Жүрек ашпай қояды. Сезім алдыңғылар сияқты жара арқылы кірмей, есіктің алдында күтіп отырады. Кеш бойы Жүрек жанның ішінде жай таппай серуендеп жүреді. Түнде әлдеқандай жағдай болар ма деп басына сыпыртқысын жастап, ұйқыға кетеді. Ешкімді қуудың қажеттігі туындамады. Таңертенгісін Жүрек кілттің ұңғымасына сығаласа, Бейтаныс Сезімнің сол қалпында есіктің алдында отырғанына көзі жетеді. Жүрек әлі кірмегенді қууға болмайтынын түсініп, мазасы қашады. Тағы бір күн өтеді. Жүректің бұлқынғаны соншалықты, ол бейтаныс Сезімді жанға кіргізгісі келгенін өле-өлгенше қалағанымен олай жасауға да қатты қорқады. Жүректі үрей билейді. Ол бейтаныс Сезімнің алғашқы Сезімдей қашып кете ме деп қорқады. Олай болса, Жүректе екінші жара пайда болады. Оның салдарынан азынаған жел тұруы мүмкін. Солайша күндерге күндер жалғаса береді. Жүректің есіктің алдындағы бейтаныс Сезімге еті үйреніп қалады. Содан, бір күні көңіл-күйінің жайдарлылығымен бейтаныс Сезімді кіргізеді. Кешқұрым олар алғаш рет от тұтатып, бірнеше жылдардан кейін жандарын шынайы жылытып алады.
- Сен кетіп қаласың ба?- дейді Жүрек шыдамастан.
- Жоқ, -дейді бейтаныс Сезім, - мен кетпеймін. Бірақ менің бір шартым бар сен есікті кілттеп, мені ұстамайсың.
- Мен есікті кілттемеймін, - деп келіседі Жүрек, - бірақ сенің ескі жарамен қашып кетуіңе болады ғой.
Сөйтіп Жүрек бейтаныс Сезімге өзінің әңгімесін баяндап береді.
- Мен ескі жаралармен жүрмеймін,-деп күледі бейтаныс сезім, - мен мұлде өзге Сезіммін.
Жүрек оған сенбейді. Бірақ жанның ішін аралап, серуендеуге шақырады.
- Сенің ескі жараң қайда?-деп қызығушылық білдіреді бейтаныс Сезім.
- Міне, - деп Жүрек ащы жымиып, жара орналасқан жерді көрсетеді.
Бірақ жара өз орнында болмай шығады. Жүрек жанының сыртында суық та ызғарлы, желдің ашулы дауысын естиді. Жүрек бейтаныс Сезімге көз тастап, жымияды да, есікті ешқашан кілттемейтінін айтады.