Windowsобъектілері: Терезе Терезе – Windows жүйесіндегі ең негізгі ұғым болып табылады. Терезе – экранның төртбұрышты қоршаулы аумағы, онда әртүрлі программалар орындалады, кез келген мәліметтер түзетіліп, өңделеді және басқару әрекеттері жүргізіледі. Терезелер негізгі, сұхбаттық және мәліметтік болып үш түрге бөлінеді. Windows терезесі экранды жартылай, толығымен алуы немесе белгілі бір бөлігін ғана қамтуы мүмкін. Экран бетінде бір мезетте бірнеше терезе орналаса береді.
Жұмыс столы Жұмыс столы – екінші негізгі түсінік болып табылады. Windows ортасында жұмыс столының рөлін дисплей экраны орындайды. Онда жұмыс істейтін программалардың терезелері, құжаттардың жеке файлдары шартбелгілер түрінде орналасқан. Іске қосу (Пуск) батырмасы жұмыс столының төменгі қатарындағы панельге орналастырылып қойылады. Бұл қатарды Есептер панелі (Панель задач) деп атайды. Есептер тақтасының негізгі қызметі – программалар арасында мәлімет алмасу. Іске қосу (Пуск) – Windows-ң бас мәзірін экранға шығару батырмасы . ол үшін батырманы бір рет шерту жеткілікіті немесе пернетақтадан Ctrl+Esc пернелерен басу қажет. Оның құрамындағы жеке мәзірлер: Программалар (Программы) - Windows-ң негізгі мәзірі, мұнда қосымша программаларды жүктеуге арналған мәзірлер тізімі экранға шағарылады; Құжаттар (Документы) – пайдаланушы жұмыс істеген соңғы 15 файлдың тізімі шығады; Бапқа келтіру (Настройка) – компьютердің аппараттық құрамын және программалық жабдықталуын өзгертуге арналған командалара тізімі орналасқан; Іздеу (Поиск) – дискіден қажетті мәліметті табуға мүмкіндік береді; Анықтамалық (Справка) – Windows жайлы мәлімет; Орындау ... (Выполнить ... ) – компьютердегі программаны не құжатты іске қосу үшін сұралатын терезені ашады; Жұмысты аяқтау ... (Завершение работы ... ) – компьютерді сөндіруге даярлайтын терезені ашады.
Шартбелгілер, жарлықтар, бумалар Шартбелгі – бұл экран бетіндегі қысқаша жазуы бар кішірейтілген графикалық бейне. Ол дисплей экранындағы программаны, терезені, функцияны, файлды т.б. бейнелеп тұруы мүмкін. Экранда мынадай шартбелгілер кездеседі:
қосымша программалар шартбелгісі
белгілі бір топтар шартбелгісі
функциялар шартбелгісі.
Жарлық – бұл белгілі бір объектімен тікелей қатынас жасауды іске асыратын командалық файл. Мысалы, жарлық арқылы каталогтың, желідегі дискінің ішіндегісін көрсетуге болады, тез арада басқа каталогта орналасқан программаларды іске қосуға, файлды да жылдам ашуға болады және т.б.
Бума – экранда каталогтарды және программалық топтарды белгілеу үшін қолданылады. Мұның мағынасы мынада: каталог пен программалар тобы белгілі бір объектілерді орналастыруда қолданылатын контейнер болып табылады.
Мәлімет алмастыру буфері Өзінің жұмыс істеуі кезінде Windows жүйесі программалр мен құжаттар арасында мәлімет алмастыру үшін компьютер жедел жадтың арнаулы бөлігін алмасу буфері ретінде пайдаланады. Буфер әртүрлі программалар мен құжаттар арасында мәліметтерді тасымалдап, олардың фрагменттерін бір-біріне ауыстырып отыру үшін қолданылады. Тасымалданатын мәлімет ретінде текст үлгілері, сурет, кесте және т.б. объектілер алынуы мүмкін.