1)байланыс жүргізілетін телефонның нөмірі; 2)қолданушының аты (login); 3)паролі (password); 4)сервердің адресі. Бүкіл әлемдік масштабта әрбір файлдың адресі-URL адреспен (Uniform Resouree Locator – унифицированный указатель ресурса – ресурстардың ерекшеленген нұсқағышымен) анықталады. URL – адрес үш бөліктен тұрады:
1)берілген қызметке сәйкес келетін қолданбалы хаттаманың атын көрсету. Мысалы, WWW-қызметі үшін қолданбалы хаттама HTTP болып табылады. HTTP – Hyper Text Transter Protocol (гипермәтінді жіберу хаттамасы): http:// ;
Хаттаманың атынан кейін : және // белгілері міндетті түрде қойылады.
2)компьютердің (сервердің) домендік атынкөрсету – мысалы:
http://www.khabar.kz – адрес соңындағы екі символдан тұратын кеңейтілме – сервердің географиялық аймағын білдіреді (ru – Ресейлік іздеу сервері; kz – Қазақстандық іздеу сервері; tr – Түркиялық іздеу сервері және т.б.);
3)берілген компьютердегі файлға баратын толық жолды көрсету қажет (араларына “/” символын қою арқылы), мысалы:
http://www.Microsoft.com/games – Microsoft компаниясының ойындары.
Интернет серверлерінде файлдар түрінде сақтаулы құжаттар көп. Оларды қабылдап, экранға шақыру үшін FTP атты қызметші хаттама пайдаланылады.