Кесте – жазбалар мен өрістерден тұратын ДҚ-ның негізгі объектісі, Кестелерде берілгендер сақталады.
Сұраныс – берілгендерді бір немесе бірнеше кестелерден қолданушының анықтаған шарты бойынша іріктеп алуға арналған құрал. Сұраныстар көмегімен берілгендерді зерттейді, іріктейді, таңдайды, өзгертеді, біріктіреді, яғни өңдейді.
Қалып (форма)– кестелер мен сұраныстардағы берілгендерді ыңғайлы түрде экранда бейнелейтін және оларды басқаратын құрал.
Есеп (отчет) – кестелер мен сұраныстардағы берілгендерді ыңғайлы және көрнекі түрде экран бетіне басып шығару құралы. Есеп парақтары түзілгеннен кейін ондағы мәліметтерді редакциялауға болмайды.
Макрос – макрокомандалар жиынтығы. Егер ДҚ-да қандай да бір операциялар жиі орындалатын болса, онда олардың командаларын бір макроста жинап, оған пернелер комбинациясын сәйкестендіруге болады.