Курстық жұмыстың құрылымы: кіріспеден, үш бөлім, қорытынды және пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1. Бейнелеу өнеріндегі қолданылатын әдіс-тәсілдер
1.1 Бастауыш сыныптарда бейнелеу өнерін оқыту әдістері
Бейнелеу өнерін оқыту әдістерін сөз етпес бұрын, жалпы педагогика ғылымындағы әдіс, тәсіл ұғымдарына тоқталып кетейік. Педагогикалық энциклопедияда: "Оқыту әдістері - мұғалім мен оқушылар жұмысының тәсілдері, солардың көмегімен білімді, іскерлікті және дағдыны игереді, оқушылардың, дүниетанымы қалыптасады, қабілеттері дамиды", - деп берілген. Яғни, оқыту әдістері - мұғалім мен оқушылардың арасындағы оқу-тәрбие жұмыстарын нәтижелі етіп ұйымдастыру іс-әрекетінің тәсілдері. Дәлірек айтқанда, әдіс - белгілі бір мақсатқа жету іс-әрекетін нақты жүйеге келтіретін тәсілдердің жиынтығы. Ол оқу-тәрбие жұмысындағы әдістерді педагогикалық дидактика негіздерін бетке ұстай отырып, оқушылардың танымдық қабілеттерінің дамуына мүмкіндік туғызуы тиіс, яғни оқушы - лардың ойын, қиялын дамытуға, өз бетімен ізденіп, жаңа білім меңгеруге ықпал жасауы тиіс.
Оқыту әдісі белгілі бір мақсатқа жетудің саналы түрде қолданылатын тәсілдері, ал мақсатқа жету мұғалімнің сол тәсілдерді тиімді таңдап алып, шебер пайдалана отырып оқыту барысын ұйымдастыруына, оқушылардың қабылдауға даярлық дәрежесіне, мұғалім мен оқушылардың белсенді педагогикалық ынтымақтастығына байланысты. Жалпы әдіс пен тәсілді ажыратып жіктеп көрсету пікірталас туғызады, өйткені оқыту барысында екеуі бір-бірімен ауыспалы болып келуі мүмкін. Мысалы: Мұғалім сабақты ауызша баяндау барысында кейбір суретшілердің шығармаларына көрнекі көрсетсе, онда көрнекі әдіс әдістемелік тәсілге айналады. Өнер туралы әңгіме сабағында оқушылар белгілі бір көрнекіліктер арқылы суретші шығармаларын зерттеп, талдап, нақты білім алса, онда осы сабақта қолданған жетектеме ауызша баяндау тәсілге айналады да, көрнекі көрсету әдіс болып саналады.
Сонымен, мектептегі бейнелеу өнері пәнін оқыту және төрбиелеу мақсатміндеттерін орындауға пайдаланатын бірнеше педагогикалың әдіс-тәсілдер бар. Мұғалім осы әдіс-тәсілдерді таңдаи пайдалануда оқылатын жаңа сабақтың мазмұнын, мақсат-міндеттерін, оқушылардың танымдық деңгейін ескеруі қажет. Бір сабақ барысында бірнеше әдіс-тәсілдер пайдалануы мүмкін. Бейнелеу өнерін оқытуда пайдаланылатын негізгі мынадай әдіс-тәсілдерге тоқталып өтейік.
Достарыңызбен бөлісу: |