Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі «Алматы облыстық білім басқармасы» мм



бет1/24
Дата08.02.2022
өлшемі3,13 Mb.
#119273
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24
Байланысты:
Шәріпхан Парзина Курстық жұмыс слайд 400 топ


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
«Алматы облыстық білім басқармасы» ММ
« Есік гуманитарлық-экономикалық колледжі» МКҚК
Курстық жұмыс
ПЦК атауы: Қазақ тілі мен әдебиеті
Мамандығы :0105000 «Бастауыш білім беру»
Біліктілігі:«Бастауыш білім беру»
Пән атауы: Қазақ тілін оқыту әдістемесі
Тақырыбы:«Бастауыш сыныптарда ертегілерді жаңа технологиялар арқылы оқыту жолдары»
Орындаған: Шәріпхан Парзина. 400-топ студенті
Жетекшісі: Құрманғалиева Құралай Жеңісқызы
2020-2021ж
Зерттеу жұмысының мақсаты: Бастауыш сыныптарда ертегілерді жаңа технологиялар арқылы оқытудың тиімді жолдарын анықтау.
Зерттеу жұмысының міндеттері:
- Бастауыш сыныптарда ертегілерді оқытудың маңыздылығын айқындау;
- Жаңа инновациялық технологияларға жалпы шолу;
- Бастауыш сыныптарда жаңа технологияларды қолданудың ерекшеліктеріне тоқталу;
- Бастауыш сыныптарда ертегілерді жаңа технологиялар арқылы оқыту талдап, тиімді жолдарын анықтау.
Зерттеу жұмысының ғылыми болжамы: Егер, Бастауыш сыныптарда ертегілерді жаңа технологиялар арқылы оқытудың тиімді жолдары анықталса, онда оқушының ертегі мен қоса пәнге деген қызығушылығы артады, өйткені жаңа педагогикалық технологиялар – өз бетімен білім алатын, ақпараттық технологияларды жақсы меңгерген, білімді жеке тұлғаны қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Зерттеу жұмысының нысаны: Бастауыш сыныптарда ертегілерді оқыту
Зерттеу жұмысының әдіс – тәсілдері: педагогикалық – психологиялық, әлеуметтік әдебиеттерге ғылыми – теориялық талдау, мәліметтерді талдау, жалпылау және интерпретациялау, әдістер.
Зерттеудің теориялық маңыздылығы: Бастауыш сыныптарда ертегілерді жаңа технологиялар арқылы оқыту жұмыстары ғылыми – теориялық тұрғыдан негізделді, ғылыми жұмыстың мазмұнын практикада пайдалануға болады.
Тақырыптың өзектілігі
Бүгінде бастауыш сынып оқушыларына ертегілерді жаңа технологиялар арқылы оқыту – оқыту үрдісінің басты міндеттерінің біріне айналып отыр. Ертегілерді оқыту балаларға тілдің дәлдігі мен мәнерлілігін үйретеді, ана тіліміздің қаншалықты бай екендігін көрсетеді. Ал, ертегілерді жаңа технологиялар арқылы оқыту оқушылардың заман ағымымен қатар ілесіп, сонымен қатар фольклорлық жанрымызды ұмытпай, бірге ұштастыра білу ерекшелігін қалыптастырады. Жоғарыда аталған өзекті мәселелерді негізге ала отырып, курстық зерттеу жұмысым - «Бастауыш сыныптарда ертегілерді жаңа технологиялар арқылы оқыту жолдары» тақырыбына арналып отыр.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет