4) Саяси партиялар: большевиктер, кадеттер, әлеуметтік революционерлер.
Большевиктер партиясы, социалистік талаптармен қатар демократиялық институтардың Ресей мемлекетінің ерекшеліктеріне сай болуын жақтаған социалист- революционерлер партиясы (эсерлер) құрылды.Большевиктер партиясы ұлттық-мемлекеттілік құрылысты жақтап, жалпы ұлт мәселесінде әр ұлтқа өзін-өзі басқару құқығы берілетіндігін туралы айтқанымен, қазан төңкерісінен кейін оны ұлттық мүддеде тек сөз жүзінде ғана болмаса, іс жүзінде шешпеді.Эсерлер партиясы мемлекеттік мәселеде конституциялық республиканы орнатуды жақтайтын көзқарасты ұстанды.
Қазақ зиялыларының рухани жетекшісі Әлихан Бөкейханов 1906 жылы кадеттер партиясының Орталық комитетіне мүше болып сайланды.Осы мақсатта 1905 жылы желтоқсанда Ә.Бөкейханов басшылығымен Орал қаласында кадет партиясының қазақ қоғамындағы филиалы құрылды.
Кадеттер партиясының идеясын ұстанған қазақ зиялылары Ресейде парламенттік, коститутциялық жолмен мемлекет арқылы болашақта республикалық мәртебесі бар ұлттық автономияға қол жеткізуді көздеді. Алайда бұл мәселе тек идея түрінде қалып қойды. Себебі 1917 жылдан бастап кадет партиясының басшылары Ресейдің мемлекеттік тұтастығын сақтау мақсатында біртұтас теңдік және мәдени автономия ғана беруді ұсынды.Ә.Бөкейханов кадет партиясының автономия, жер мәселелеріне байланысты бағдарлмалары мен пікірлеріне наразылық білдіріп, оның құрамынан шығып кетті.
Достарыңызбен бөлісу: |