Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі Қарағанды қаласы Октябрь ауданы «№22 негізгі мектеп-интернаты» кмм жоба тақырыбы



бет2/2
Дата27.05.2018
өлшемі163,28 Kb.
#40942
1   2

Орындаған:

Қарағанды қаласы Октябрь ауданы

«№22 негізгі мектеп-интернатының» КММ

2 «А» сынып оқушысы

Мұқтархан Таңшолпан

Жетекшісі:

Сейсенова Камажай Жұмабаевна,

бастауыш сынып мұғалімі

Қарағанды 2018 ж

«Ойын – бала үшін өмірлік тәжірибе»

(М. Жұмабаев)

Қазақтың ұлттық ойындары - халқымыздың мәдени асыл мұрасы

Қазақтың ұлттық ойындары бес түрге бөлінеді. Олар: аңға байланысты, малға байланысты, түрлі заттармен ойналатын, зеректікті, ептілікті және икемділікті қажет ететін, соңғы кезде қалыптасқан ойындар. Олардың негізгілерінің өзі жүзден астам. Бұл ойындардың көбісінің ежелден қалыптасқан арнайы өлеңдері бар. Өлеңдер ойынның эстетикалық әсерін арттырып, балалардың өлең-жырға деген ыстық ықыласын оятып, көңілін көтереді, дүниетанымын арттырып, еңбекке баулиды, ширықтырып, шынықтырады. Этнограф – ғалымдардың пайымдауынша, ата-бабаларымыздан бізге жеткен ұлттық ойындарымыздың тарихы Қазақстан жерінде б.з.б. бірінші мыңжылдықта-ақ қалыптасқан. Олардың ішінде тоғызқұмалақ, қуыршақ, асық ойындары Азия елдерінде тайпалық одақтар мен алғашқы мемлекеттерде кеңінен тарады. Біздің қоғамыздағы ұлттық ойындардың негізі, шығу тегі халқымыздың көшпелі дәстүрлі шаруашылық қарекеттерінен бастау алады. 

Бұлардың көбісі мал шаруашылығына, аңшылыққа, жаугершілікке негізделген.  Ахмет Жүнісовтың айтуынша (Фәниден бақиға дейін, - Алматы: «Қайнар», 1994), «Өзге халықтар сияқты қазақтың да ертеден қалыптасқан, атадан – балаға мұра болып жалғасып келе жатқан ұлттық ойын-сауық түрлері бар. Зер салып байқап отырсақ, ол ойын-сауықтар қазақтың ұлттық ерекшелігіне, күнделікті тұрмыс-тіршілігіне тығыз байланысты туған екен және адамға жастайынан дене тәрбиесін беруге, оны батылдыққа, ептілікке, тапқырлыққа, күштілікке, төзімділікке т.б. әдемі адамгершілік қасиеттерге баулуға бағытталған екен». Ал енді, «Қазақстан. Ұлттық энциклопедия» кітабында қазақтың ұлттық ойындарының мән-маңызы туралы былай деп жазылған: «Қазақ ұлты негізінен ұрпақ қамын басты мақсат етіп қойып, балалардың нағыз азамат болып қалыптасуына аса зор мән берген. Нәтижесінде дәстүрлі бала тәрбиесінің басты құралы ретінде ұлттық ойынды орайластырып, дамытып отырған».

Ойын- дегеніміз не? Ойын дегеніз – халықтың баланы әдептілікке, сауаттылыққа баулитын қүралдың бірі.

Ойынның түрлері өте көп. Мысалы: рөлдік ойындар, денешынықтыру ойындары, сюжеттік ойындар, дидактикалық ойын. Соның ішінде маңыздысы – дидактикалық ойын. Бұл ойынның пайдасы – баланың ой өрісінің қалыптасуын, дамуын мақсат етіп қояды. Сондай-ақ балалардың адамгершілік сезімін оятуға, адамдармен дұрыс қарым –қатынас жасау, еңбек адамдарына, басқа ұлт өкілдеріне, достық, туған жеріне сүйіспеншілік сезімін тәрбиелеуге көңіл бөлінеді. Дидактикалық ойындар арнайы мақсатты көздейді және нақты міндеттерді шешеді.



Ойынның міндеті баланың қызығушылығын оятып, белсенділігін арттыру мақсатында іріктеліп алынатын нақты мазмұнмен анықталады.

ТОҒЫЗҚҰМАЛАҚ ОЙЫНЫ ТУРАЛЫ


Ертеде малшылар жапан далада қазан мен отауды жерге жүкып жіберіп , қалталарында жүрген 162 қойдың кепкен құмалақты әр отауға тоғыз тоғыздан салып қояды да ойыңға кіріседі. Кім көп құмалақ жинаса 82 құмалақ ұткан болып саналады Егерде 81 ден болса тең ойын дейді. Қазақ халқы атам заманнан спортқа әуес болған сонын ішінде Ұлттық ойын түрлері тоғызқұмалақ, қазақша күрес, асық ойындары, арқан тартыс, көкпар, аламан бәйге, аударыспақ, жорға жарыс, қыз куу, теңге алу, алтыбақан, ақ сүйек , садақ ату т.б.

Тоғызқұмалақ ойыны қай кезде шығып, қалай қалыптасқаны белгісіз. Әркім әр түрлі айтат. Қазақстанда 1975 інші республикалық спартакиада өткізілді. Қазақтың ұлт спорт түрлерінен 2004 жылдан бастап халықаралық спорт бағдарламасына енген.

Қазіргі кезде халықаралық жарыстар турнилер өткізіліп тұрады .Тоғызқұмалақ ойынының екі түрі бар .Оның біріншісі қазіргі ойындар , ал екіншісі « қоздату» ол оңайлау. Бұл жас балаларға сондайақ тоғызқұмалақты жаңадан ойнай бастағандарға арналған . Ерте замаңда тоғызқұмалақ тактасын тау таска ойып жасағаң сол замаңда Баттырларымыз ойнаған ойын казіргі кеде Ұлттық ойындар даму үстіңде . алға койған мақсатым Тоғызқұмалақ ойыңың окушыларға үйрету, кызығушылықтарың артыру дамыту .

Қазақ халқының ағартушылары Ш. Уәлиханов, Ы. Алтынсарин, А. Құнанбаев тоғызқұмалақ ойынын ерекше мадақтаған, әсіресе Абай бұл ойынды сүйсініп ойнаған. Тоғызқұмалақ – 4 мың жылдық тарихы бар, ерекше маңызға ие ата-бабамыздан қалған асыл мұраларымыздың бірі. 


   Тоғызқұмалақ ойынының мәні – адамға үйлесімді тәрбие беру, кез- келген жанның ақыл-ойын шыңдау, ми қызметін дамыту және қоғам алдындағы жауапкершілігін арттыру. Ойын негізінен екі ойыншының арасында өтеді. Ойынды бастайтын ойыншыны – бастаушы, ал оның қарсыласын қостаушы деп атайды. Бастаушы ойыншы жеребе арқылы немесе рейтингтік көрсеткіштер бойынша анықталады. Тоғызқұмалақ ойынында қарсыластар алма-кезек жүрістер жасайды. Ойын «Тоғызқұмалақ тақтасы» деп аталатын арнаулы тақтада ойналады. Ойында шар тәріздес құмалақтар пайдаланылады. Бұл тақта тең екі бөлікке бөлінген он сегіз тік және екі көлденең отаулардан тұрады. Тең екі бөліктің әрқайсысында 9-дан отау және бір-бірден қазан болады. Бұл қазанға әр ойыншы ұтып алған құмалақтарын салады. Әр ойыншының қазаны өз бөлігінде емес, қарсыласының жағында орналасады. Отаулардың рет сандары 1-ден 9-ға дейін белгіленіп, солдан оңға қарай орналасқан. Ойын басында әр отауға 9-дан құмалақтар салынады, яғни ойын басталар кезде әр ойыншының жағында 81-ден құмалақтары болып, ойынға жалпы 162 құмалақ қатысады.



Қазіргі таңда әлемнің көптеген елдерінде тоғызқұмалақ жақсы насиахаттаып жатыр. Мәселен, Моңғолияда мектептерде тоғызқұмалақтан олимпиада өтеді екен. Қытайда, Қарақалпақстанда кітаптар, ғылыми еңбектер шығуда. Сондай-ақ, көршілес Алтайда, Қарашай-Шеркеште, Сахада үйірмелер ашылып, Еуропаның бірнеше елдерінде тоғызқұмалақ ойналып жатыр деген дерек бар. Қазір әлемде тоғызқұмалаққа ұқсас мысырлық калах, Шри Ланкада олинда калия, қырғыздарда тогузкоргоол, африкалықтарда манкала, габата, абапа, нам-нам, бао, тамподуо, омвесо, маработ, тұрақты америкалықтарда аджи-бото, варри роунд және роунд, азиялықтарда сунгка, паллангули, гонкак сынды ойындар бар. Мәселен, Африкадағы Уганда елінің омвесо деген ұлттық ойыны бар. Оның тоғызқұмалақтан ерекшелігі отау саны  (32 отау) көп те бірақ құмалақ саны аз (64 құмалақ). Осы ойынды угандалықтар әлемдік интеллектуалдық ойындардың қатарына кіргізіп, одан жыл сайын біресе Америкада, біресе Англияда олимпиадалар өткізеді екен. Немесе Шри-Ланканың манкала типіндегі жеті отаулық олинда калия ойын түрін алайық. Белгілі тоғызқұмалақ маманы Мақсат Шотаевтың айтуынша, қазір бұл ойын, Интернет арқылы жедел дамып келе жатыр. Қазіргі таңда республикада оның жеке қауымдастығы бар, облыс орталықтарында тоғызқұмалақты үйренемін деушілерге қауымдастықтың бөлімшелері мен үйірмелері ашылған. Бүгінде Қазақстанда осы жұмыстардың ұйытқысы болып отырған танымал бірнеше азаматтар бар. Солардың ішінде «Таңғажайып тоғызқұмалақ» кітабының авторы, тоғызқұмалақтан мемлекеттік жаттықтырушы Мақсат Шотаев деген азаматтардың есімін атау тұрарлық.
Тоғызқұмалақ ойыны арнайы тақтада екі адам арасында ойналады. Ойын тақтасы – 2 қазан, 18  отау, 162 құмалақтан тұрады. Ойын басында әр ойыншыға бір қазан, тоғыз отауға тоғыз-тоғыздан салынған 81 құмалақ тиесілі. Алғашы жүріс жасаған ойыншыны – бастаушы, қарымта жүріс жасаған ойыншыны – қостаушы деп атайды. Кейде бастаушы үшін – ақ жағы, қостаушы үшін қара жағы деген тіркестер қолданамыз. Жүріс ойыншылар тарапынан кезектесіп жүріледі. Жүрісті кімнің жасайтыны жеребемен немесе қарсыластардың келісімімен анықталады:

  1. Жүріс жасау үшін өз жағыңыздағы отаулардың бірінен біреуін орнына қалдырып, қалған құмалақтарды қолға алып, солдан оңға қарай бір-бірлеп тартамыз. Тарату сәтінде құмалақтар өз отауларымыздан асып кететін болса, қарсыластың отауына таратамыз. Егер соңғы құмалақ қарсыластарың тақ санды құмалағы бар отауына түсіп, ондағы құмалақтарды жұп қылса (2,4,6,10,12), сол отаудың құмалақтар ұтып алынып, өз қазанымызға салынады. Егер соңғы құмалақ қарсыластың жұп санды құмалағы бар отауына түсіп (3 құмалақтан басқа) тақ қылса немесе өз отауымызға түссе, құмалақ ұтып алынбайды.

  2. Отаудағы жалғыз құмалақ көрші отауға жүргенде орны бос қалады.

  3. Жүріс жасаған кезде отауларға құмалақ салмай немесе 2-3 құмалақ бөліп алып жүруге болмайды. Тоғызқұмалақ ойынында құмалақтан басқа ойында бір рет қарсыластың отауын ұтып алуға да болады.оны ежелден – «тұзды үй», қазіргі тілде – тұздық деп атайды.

  4. Тұздық алу үшін жүріс жасаған кезде, қарсыластың екі құмалағы бар отауына таратқан құмалағыңыздың соңғысын түсіру керек. Сонда сол отауда қалыптасқан 3 құмалақпен бірге отау да ұтып алынып, ойынның аяғына дейін сіздің меншігіңізге айналады. Енді жүріс жасалған сайын тұздық алынған отауға түсетін бір құмалақ, міндетті түрде сіздің қазаныңызға салынып отырады. Тұздық алынған отауға арнайы белгі қойылады.

  5. Тұздық ойында бір рет алынады және №9 отаудан ешқашан алынбайды.

  6. Тұздық аттас отаулардан алынбайды.

Ойын аяқталуға жақындаған сайын әр ойыншының отауларындағы құмалақ таусыла бастайды. Әр құмалақ ұтып алынған сайын немесе тұздыққа түскен сайын қарсыластардың жүріс мөлшері кеми береді. Сондықтан ойын соңында қарсыластардың бірінің отауларында жүріс жасай алмайтын жағдай да кездеседі.

  1. Ойыншылардың бірінің отауларындағы құмалақты бірінші тауысып алып, жүріссіз қалуы – атсырау деп аталады.

  2. Атсырауға ұшыраған ойыншының қарсыласы бұл жағдайда қосымша бір жүріс жасап, барлық құмалақтарды өз қазанына салады.

  3. Егер «атсырау» жағдайына қосымша жүріс жүрілген кезде, құмалақтар амалсыздан қарсыластың отауларының біріне түсіп, жүріс беретін болса, ойын әрі қарай жалғаса береді. Сонымен қатар ойыншы ойын барысында 82 құмалақ жинаса да, нәтиженің дәлдігі үшін ойынды соңына дейін ойнауы тиіс.

Тоғызқұмалақ ойынындағы жүріс жасау бағыты дәстүрлі дүниетамындық негіздерден туындаған. Мәселен, Қ.Сапарбеков: «Қазақ атқа мінгенде үзеңгіге сол аяғын салып, оң аяғын ердің оң жағына асырып түсіреді. Былайша айтқанда оң жағына бағыт ұстайды. Сол секілді тоғызқұмалақшылар да құмалағын жүріс кезінде оң жағындағы отауларға салып отырады», - дейді. Қазақстан тәуелсіздін алған жылдан бері тоғызқұмалақ жылдан-жылға дамып келеді. Бұл жерде тоғызқұмалақ федерациясының ықпалы зор болып отыр. Бүгінгі таңда осы қауымдастықтың арқасында елдің түкпір-түкпірінде үйірмелер ашылып, тоғызқұмалақтан жарыстар жиі өткізіліп келеді.

Тоғызқұмалақ сөздігі

«Тоғызқұмалақ тақтасы» - тең екі бөлікке бөлінген 18 тік отаудан және 2 көлденең қазаннан тұратын арнаулы тақта.


«Құмалақ» - ойында пайдаланылатын шар пішінді зат.
«Отау» - тоғызқұмалақ тақтасындағы құмалақтар орналасатын арнайы ұяшық.
«Қазан» - ұтып алынған құмалақтар салынатын көлденең отау.
«Бастаушы» - ойында алғашқы жүріс жасайтын ойыншы.
«Қостаушы» - бастаушыдан кейін жауап жүріс жасайтын ойыншы.

«Арт» - бірінші отаудың атауы.


«Тектұрмас» - екінші отаудың атауы.
«Ат өтпес» - үшінші отаудың атауы.
«Атсыратар» - төртінші отаудың атауы.
«Бел» - бесінші отаудың атауы.
«Белбасар» - алтыншы отаудың атауы.
«Қандықақпан» - жетінші отаудың атауы.
«Көкмойын» - сегізінші отаудың атауы.
«Маңдай» - тоғызыншы отаудың атауы.
«Тұздық» - қарсыластың жағынан ұтып алынған отау.
«Атсырау» - ойын соңына қарай жүрістің таусылуы.
«Тақ сандар» - екі санына қалдықпен бөлінетін сандар.
«Жұп сандар» - екі санына қалдықсыз бөлінетін сандар.
«Ашық отау» - тақ санды құмалақтар жатқан отау.
«Жабық отау» - жұп санды құмалақтар жатқан отау.
«Табысты жүріс» - ұтысқа ие болған жүріс.
«Табыссыз немесе кезекті жүріс» - ұтысқа ие болмаған жүріс.
«Диаграмма» - тоғызқұмалақ тақтасының қағазға немесе тақтаға түскен сұлбасы.
Тоғызқұмалақ – бабаларымыздың ұрпағына қалдырған баға жетпес сыйы, рухани құндылығы, аманаты. Бұл ойын ең жетілген спорт түрлерінің бірі ретінде адамзатты жаңа шыңдарға жетелейтін ойы кең, рухы биік, саналы тұлғаларды тәрбиелеудің қуатты құралы бола алады.

ҚОРЫТЫНДЫ
Тарихының көнелігіне қарамастан ойын үнемі жаңа, ол тат баспайтын, ескірмейтін нәрсе. Өйткені, күн сайын дүниеге келіп жатқан сәбилердің қиялын қозғап, сезімдерін аялайтын, дүниеге қуат, жанға саулық беріп, рухани азық болатын да – осы ойын. Этнограф ғалымдардың пайымдауынша, ата-бабамыздан бізге жеткен ұлттық ойындарымыздың тарихы Қазақстан жерінде б.з.б. І-мыңжылдықта-ақ қалыптасқан. Біздің қоғамымыздағы ұлттық ойындардың негізгі шығу тегі халқымыздың көшпелі дәстүрлі шаруашылық әрекеттерінен бастау алады.

Ұлттық ойын-салауатты өмір салтын мұрат тұтқан арманшыл, елі мен жерінің қамын ойлайтын, ұлтқа тән барлық қасиетті қадір тұтатын, дара тұлға – жаңа адамды тәрбиелеп шығарудың құралы.Сабақ кезінде немесе сабақтан тыс кезде баланы ұлттық ойын арқылы өмірге тәрбиелеу үздіксіз процестің жалғасы.Жас ұрпақтың қалыптасып өсіп-өнуіне әсер ететін факторлардың бірі, дәстүрлі мәдениетіміздің бір бағыты- халықтың ұлттық ойындары болып табылады.

Ұлттық ойындарды қолдануың негізгі мақсаты бала бойындағы дене күшінің сапалық қасиеттерін дамытып жетілдірумен қатар, оның мінез-құлқы мен адамгершілік қабілеттерін сәби кезеңнен тәрбиелеуге ұлттық ойындардың пайдалы ықпалы бар екендігін көрсету тақырыптың өзектілігін айқындай түседі.
«Қазақ елінің жолаушы қонаққа көрсететін құрметімен бірге ұлттық ерекшеліктері, ұлттық күрестері мен ат жарыстары өзіндік ерекшелігімен сүйсіндіріп, сырт адамды қызықтырады» (А.Гумьбольд)

Ойнамайтын бала жоқ, ойынға қызықпайтын адам, сауық құрмайтын халық жоқ. Үлкен де кіші де ойнап көңіл көтереді, бір нәрсеге беріле қызығады, әр жетістікпен қанағат табады. «Қазақ халқы- ұлт ойындары ерлікті, өжеттілікті, батылдықты, шапшаңдықты тағы басқа қуаты молдылығын, білек күшін дененің сомданып шынығуын қажет етеді.


Сонымен бірге, бұл ойындар әділдік пен адамгершіліктің жоғары принциптеріне негізделген. Өйткені, ойынға қатыспай тұрып-ақ оған күн ілгері көп адамдардың тер төгіп, еңбек етуіне тура келеді.
Әдебиеттер тізімі:

Ақшораев А. Тоғызқұмалақ. Алматы. 1979. 


Алдабергенов А. Қозғалмалы ойындар. “Бастауыш мектеп”, 1993,№11. 
Бержанов К. , Мусин С. Педагогика тарихы. Алматы. “Мектеп”,
Бүркітбаев Ә. Спорттың ұлттық түрлері мен оның тәрбиелік мәні.
Бүркітбаев Ә. Қазақтың ат спорты. Алматы. 1974. 
Бекбатчаев Т. Применения традиционных казахских народных игр и упражнений
Долданова С. Ойын элементі оқушының белсенділігін арттырады. Алматы. 1973ж. 
Жарықбаев .Қазақ ағартушылар жастарды тәрбиелеу туралы. Алматы. 1965. 
Жұмағожина Р. Балалар ойыны тәрбие құралы. “Бастауыш мектеп”, 1993,
Рахимқұлов. Тоғыз құмалақ. Алматы. 1957ж. 
Қоянбаев Р. Білім беру және оқыту теориясы Алматы 1990ж. 
Тәнікеев Қазақтың ұлт – спорт ойындары. Алматы 1957ж. 
Төтенаев Б. Қазақтың ұлттық ойындары. Алматы. 1987ж. 
К.Д. Ушинский, Балаларды тәрбиелеу және оқыту жөнінде таңдамалы пікірлері.
Молдагаринов А. Қазақтың балалар ойындары. Алматы. “Жалын” 1987. 
Сағындықов Е. Ұлттық ойындардытәрбие жұмыстарында қолдану. “Қазақстан мектебі”,
Сағындықов Е. Ойын – тәрбие құралы. “Білім және еңбек”,
Сағындықов Е. Халық ойындарының балаларды тәрбиелеудегі ролі. “Қазақстан мектебі”,



Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет