Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті Азаматтық білім берудің ғылыми-ақпарат орталығы



бет3/3
Дата25.12.2016
өлшемі0,88 Mb.
#4418
1   2   3

Тәсіл қалай қолданылады?

Оқушылармен бірге әңгімені, анимациялық фильмді, суретті немесе тақпақты негізгі тақырып қылып алыңыз. Мысалы егер сынып отбасыда өмір сүру және тәрбиелену құқын оқып жатса, онда босқын бала бейнеленген суретті пайдалануға болады.

Оқушылар бастапқы нұсқаны мұқият оқиды, қарайды немесе тыңдайды. Олар әңгіменің қай бөлігін жаңаша суреттеуге болатынын өздері шешеді және өз таңдауларын түсіндіреді.

Егер сіз суретті пайдалансаңыз, онда оқушылар бейнеленгендер тарихтан сыр шертуі тиіс.

Егер олар суретті түпнұсқада жоқ нәрсемен толықтырғысы келсе, неліктен олай жасағысы келетіндерін түсіндіруі тиіс. Оқушылар жаңа нұсқасын ұсынады.

Ақпаратты елестетудің түрліше әдістері болуы мүмкін: қысқаша жазылған әңгіме, сурет-ашық хат, көрме немесе стенд, балалардың құқы жөніндегі кітап.

Анимациялық фильмнің жанры. Ол өте ерекше және қызықты. Пайда болған таптаурындарға қарамастан ең үздік мультипликациялар жас көрермендерге ғана емес, көп жағдайларда ересектерге де арналып түсіріледі. Бәлкім өткен жылдың ең шулы анимациялық фильмі Эндрю Стэнтонның «ВАЛЛ-И» «WALL-E» картинасы шығар, бұл картина бірде бір фантастиканы ұнататындарды елсоқ қалдырмаған шығар. Pixar киностудиясы кино сүюшілерге керемет шығармалар ұсына отырып, көрермендердің күткенінен де асырып жіберді. Тамаша пейзаж, керемет графика, ең бастысы – адамадардың болашағына алаңдайтын және жақсы көре білетін ВАЛЛ-И-дің әсерлі образы. Бұл Жерді адамдардан қалған қоқыстан тазартатын робот туралы батырлық пен ізгілікті дәріптейтін кино. Ол көзіне ілінген ұсақ-түйектерді жинайды, өлімнен әлдеқалай құтылған тарақанмен дос болады. Ол болашақта өмірінде керемет өзгерістердің болатынын әлі білмейді: ол өзінің өмір бойғы махаббатын кездестіреді, ғарышқа ұшып барып және планетадан кеткен адамдардың қайтып оралуына көмектеседі. Бұл махаббат, достық және борыш туралы, қоршаған ортаны жақсы жағына қарай өзгертуге қатысу құқы туралы дәріптейтін оқиға. Осылайша ол планетадағы өмірді өзгерте отырып, біздің сол туралы танымымызды өзгерте алады. Әлеуметтік зерттеулер көрсеткендей көптеген балалар осы фильмді көргеннен кейін Валли туралы жаңа оқиғаларға тап болатын, өзінің даралығын көрсете білетін персонаж ретінде жақсы балалар кітабын жазуға болады деп есептейді.

Оқушылар қызықты мультфильмдердің бірі ретінде DreamWorks студиясының «Кунг-фу-Панда» мультфильмін айтады. Оқушылардың айтуынша олар мультфильмді көруден, керемет анимациядан, тамаша музыкалық керкемдеуден (Ханс Циммер әр кезде биіктен көрінеді) керемет әсер алғанын айтады, ал әсерленгіш жас көрермендер үшін ең бастысы – рольдерді керемет дыбыстандыру (М. Галустян, А. Гребенщикова, И. Лагутенко). Фильм ұлы кун-фу қаһарманы болғысы келетін, позитивті жігер беретін икемсіз панда туралы.

Тағы бір керемет фильм голливуд киноиндустриясы сыйлаған «Хортон» (Horton Hears a Who!). Басты ролінде Джим Кэрри ойнаған қызықты және әсерлі анимация, мұның өзі киноны көру кезінде ішің пыспайтынын білдіреді. Көп күттірген «Мартышки в космосе» (Space Chimhs) мультфильмін көрермендер онша әсерлі емес анимациясына қарай әр қалай қабылдады. Онда жақсы әзілдер де, кейіпкерлердің мінездері де және құқық мәселелеріне қатысты жағдайлар да бар.

Бұл фильм балаларға ұнайды. Еуропалық киностудия 2008 жылы көрермендерге «Охотники на драконов» (Сhasseurs de dragons) (Германия-Франция-Люксембург) фильмін ұсынды. Бұл мультфильм көп жағдайда Астерикс және Обеликс оқиғасын еске түсіреді, әсіресе ол кейіпкерлердің образдарында айқын көрінген. «Новое полнометражное космическое приключение!» - «Футурама: Зверь с миллиардом спин» (Futurama: TheBeast with a Billion Backs) мультфильмінің жаңа нұсқасы осылай аталған, ол тамақ талғағыш-кино сүйгіштердің сүйікті мультсериалының керемет жалғасы бола алған.

2008 жылғы анимациялық фильмдердің ішінен «Бабка Ежка и другие» мультипликациясын ерекше айтуға болады. 2D форматта орындала отырып, ол серпінділігімен және оқиғаның фантастикалық дамуымен таң қалдырады. Мультфильмнің «Новые приключения Бабки Ежки» атты жалғасында да осы серпін байқалады. Бұл балаларға ұсынуға болатын және құқықтық негізін талқылауға болатын тамаша жұмыстар. Мультфильмдер тек балалар үшін ғана түсірілмейді, бұл туралы ұмытпаған жөн. Сапалы анимациялық жұмыс жастардың да ересектердің де аудиториясын әрқашан қуантып отырады. Тек мұғалім ғана емес, басқа да ересек адамдар мультфильмнің мазмұны бойынша сұрақтар қойса, құндылықтарын нақтылап отырса, ондағы жағдайлар мен оқиғаларды талқыласа жақсы болар еді.

Балалардың құқын оқытуда анимациялық фильмдерді пайдалану оқушылардың рольдік ойындарға қатысуға үлкен қызығушылығы мен ынтасын тудырады.

Бала құқықтары туралы Конвенцияның және «Бала құқықтары туралы» ҚР Заңының негізінде оқушылардың құқықтық білімі саласындағы жалпы білім беру мектептерінің мұғалімдерімен бірге аталған оқу құралы авторларының жұмыстары, балалардың құқы бойынша тәрбие жұмыстарын жүргізу үдерісінде балалардың құқы туралы Кітап дайындау бойынша оқушылардың еңбегі орасан зор деген қорытынды шығаруға мүмкіндік береді. Жалпы білім беру мектептерінің оқушылары, педагогика және заң бойынша жоғары оқу орындарының студенттері, ата-аналар мен оқытушылар ұжымдық еңбек – Бала құқықтары жөніндегі кітап дайындауға аса қызығушылықпен қатысады. Оқушылар конкурстар мен байқауларда Кітаптың тұсаукесерін үлкен ынтамен өткізуде.

Бала құқықтары туралы кітап дайын болғанға дейін оқушылар:



  1. Біреккен Ұлттар Ұйымы туралы, ООН ЮНИСЕФ Балалар қоры туралы, халықаралық құжат ретінде Бала құқықтары туралы Конвенция туралы, туылғаннан кәмелетке толғанға дейінгі бүкіл әлемдегі балалардың құқы туралы білуі;

  2. Бала құқықтары туралы Конвенцияда баяндалған балалардың құқы туралы білім жүйесін меңгеруі;

  3. адам өмірінің, денсаулығының, бостандығының құндылығын және адамдардың намысын түсінуі және олардың құқықтарын құрметтеуі;

  4. қатігездікке, зорлыққа, жеке бастың құқын бұзуға, өзін және басқаларды төмендетуге қырын қарауы;

  5. заңмен қарастырылған өз құқықтарын қорғау амалдарын білуі, балалардың құқын қорғайтын мемлекеттік органдар туралы білуі;

  6. қандай әрекеттер мен қылықтарға заңмен тыйым салынғанын білуі, неге солай әрекет етуге болмайтынын түсіндіре білуі, олардың өздеріне немесе ата-аналарына қолданылатын құқықтық ұйғарымдарды бұзу бойынша қандай жазаға тартылатындықтарын білуі, әрекет ету нормалары мен ережелерін бұзбауға тырысуы;

  7. балалардың өмірі мен денсаулықтарына қауіп төндіретін әрекеттер туралы білуі, жеке бастың қауіпсіздігі үшін сақталуы тиіс ережелерді білуі тиіс.

Сынып оқушылары немесе шығармашылық топ Бала құқықтары туралы Кітап дайындау барысында төмендегі сатылар пайдаланылады.

  1. Бала құқықтары туралы Кітаптың мазмұны мен атауын анықтау.

Кітапты дайындау кезіндегі жұмыс, кітаптың бағытын, оның атауын, мазмұны мен құрылымын анықтау бойынша сынып оқушыларының немесе шығармашылық топтың келісілген әрекет ету жоспарын білдіреді. Мультфильм, ертегі, оқиға немесе жағдай, әңгіме кітаптың негізі бола алады.

  1. Кітапты дайындау бойынша ұсыныстармен оқушыларды таныстыру.

Оқушыларға Бала құқықтары туралы Кітапқа қойылатын талаптар

туралы және оны дайындау бойынша міндеттер туралы түсіндіріңіз, кітапты безендіруге, оның мазмұнына, суреттеріне жауапты адамды белгілеңіз, кітапты дайындау барысында оқушылардың орындауы тиіс тапсырмаларды талдаңыз.



  1. Бала құқықтары туралы Кітаптың тұсаукесері.

Кітаптың тұсаукесері театрландырылған қойылым ретінде көрсетіледі.

Оқушылар басқа сыныптардың алдында немесе ересектер тобының алдында Бала құқықтары туралы Конвенция және «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» ҚР Заңы бойынша жұыстарының қорытынды шарықтау сәті ретінде қойылым көрсетеді.

Төмендегі балаларға арналған жолдауда көрсетілген Бала құқықтары туралы Кітапты безендіруге қойылатын талаптарды қарастырайық.


ҚҰРМЕТТІ БАЛАЛАР!

Біздің сыныпта оқитын оқушылар Бала құқықтары туралы Кітапты дайындауға қатыса алады. Сендер дайындайтын Бала құқықтары туралы Кітап (24 бет):



  • оған қойылатын талаптарға сәйкес мұқият және әдемі безендірілген мұқабадан;

  • кітаптың өзі сендердің құқықтарыңды айқындайтын мазмұннан;

  • өздерің дайындаған суреттерден тұруы тиіс.

Алғашқы беті (1-бет)

Оқырманның көңілін аудару үшін әдемі безендірілген мұқаба маңызды роль атқарады.

1-бетте төмендегі ақпараттар болуы тиіс:

Мектептің мекен-жайы мен атауы,

Әңгіменің атауы,

Түрлі-түсті суреттер

Алғашқы бетініндегі стандартты А 4 форматының үштен екісі толтырылуы тиіс.

Есте жеңіл сақталуы үшін атауы қысқаша болуы тиіс.

Соңғы беті (24-бет)

Кітапты жапқандағы соңғы бетте тұрады.

Әдетте оқырман кітапты жалпы түсінікке ие болу үшін оны соңынан бастап қарайды.

Соңғы беті үшін төмендегі талаптар сақталуы қажет: Бір сөйлем арқылы кітаптың мазмұнын сипаттау.

Түрлі-түсті суреттерде мысалы, мектептегі, үйдегі, ойын алаңшасындағы және т.б. қыз бен ұл (мына жағдайлар бейнеленуі мүмкін мысалы: балалар күлегештер конкурсында немесе сынып сағатында, сабақта ...) немесе мульфильмдердің, ертегілердің, балалар кітаптарының, ойдан шығарылған оқиғалардың кейіпкерлері бейнеленуі мүмкін. Мүмкіндігінше жай ғана сынып бөлмесінің, мектеп ауласының, мектеп символының немесе ойын алаңының, орман, таудың фотосуреті емес, сурет анағұрлым әсерлі болуы тиіс.



Кітап беттерінің ішкі мазмұны (2-23-беттер)

Бұл беттерде жобаға қатысқан ұлдар мен қыздардың аттары көрсетіледі. Аттарымен қоса олардың тектері алфавиттік тәртіпте жазылғаны дұрыс, осындай жағдайда аттары мен тектері үлкен әріппен жазылады. Мысалы: Әдбірахманов Әлішер, Әділетов Данияр, Гаврилова Лена, Жырымбаева Анар, Иванов Петя, Нұрмағанбетова Диана.



3 және 22-беттердің мазмұны

3-бетте:



  • Әңгіменің атауы

  • Жобаға жетекшілік ететін оқытушының аты

  • Мектептің атауы мен нөмірі болуы тиіс.

4-беттен бастап әрі қарай 22-бетке дейін мәтін мен түрлі-түсті суреттер болады.

Мәтін 10 беттен тұрады



  • Әрбір бет мәтіндік редактор бойынша терілген шамамен 10 жолдан тұратын 160 сөзден тұруы тиіс. Қарібі «Arial», көлемі 12.

  • Егер сурет қажет етпесе кез-келген суретке мәтін жазудың қажеті жоқ. Егер беттеге мәтін өте үлкен болса, оны оқу қиын болады, ал бет болса тартымсыз болып көрінеді.

Мәтінді жазу бойынша бірнеше кеңес:

  • Параграфтың басындағы жолдан кейін бос жер қалдырма;

  • Мәтінді оңға немесе солға қарай түзет.

Назар аудар: Егер әңгіме 21 немесе 22 бетпен аяқталып және соңғы беті бос қалса ол жерге балаларға арналған нақыл сөздер жазуға болады.

Суреттер (9-бет)

Суреттер түрлі-түсті болуы тиіс. Одан кейін кәсіби фотограф бұл суреттердің жоғары сапалы көшірмелерін жасай алады.



  • Суреттер А4 тік форматта жасалуы тиіс;

  • Бояу келесі бетіне өтіп кетпеуі үшін қағаз өте қалың болуы тиіс;

  • Сурет тұратын қағаз таза болуы тиіс, дақтар мен қолдың іздері қалмауы тиіс;

  • Қарындаш, фломастер, акварель және т.б. сияқты түрлі сурет салу құралдарын пайдалануға болады.

Назар аудар! Суретті салған балалардың аттары мен тектері суреттің келесі бетіндегі төменгі бұрышта қарындашпен жазылуы тиіс (суретте із қалмауы үшін қарындашты батырмай жазу керек).


Орындалған жұмысты қалай жеткізу керек

Маңызды!


Кітапты өзің жөндеуге, суреті немесе мәтінін бар қағазға салуға тырыспау. Суретті қимау және оны мәтінге қосуға тырыспау. Мәтін мен суретті жеке файл папкасымен жеткізу.

Мәтінді дискета арқылы жеткізу. Барлық беттерін нөмірлеу.

Сондай-ақ шығарылған мәтіннің 10 нөмірленген бетін және суреттері бар 9 нөмірленген бетті жеткізу (4 А форматы тік түрінде), суреттің түпнұсқасы бірінші беттегі мұқаба үшін және фотосурет соңғы беттегі мұқаба үшін.

Кітапқа тақырыпты Бала құқықтары туралы Конвенция бойынша жұмысты жүйелегеннен кейін таңдауға болады. Балалар өздерінің құқын қалайша көрсету керектігі туралы өз ойларын қалыптастырады. Олар өз ойларын білдіреді және сыныптың басқа да оқушыларын ұсынылған тақырыпты қабылдауға және оны Кітапты жазу кезінде іске асыруға көндіруге тырысады. Кітаптың тақырыбын талқылау барысында сөзсіз бір-бірінің ойларымен келіспеушілік жағдайы туындайды. Бұдан жағдайда көбінесе балама ұсыныстар туындауы мүмкін. Кітапты дайындау барысында оны жазуға қойылатын талаптарды түсіну, кітаптың, мультфильмнің, ертегінің кейіпкерлерінің іс-әрекетін бағалау, ата-аналар мен волонтердің ұсыныстарын кіргізу қажет. Балалар ортақ іс-әрекет жоспарын әзірлегеннен кейін өздері таңдаған тақырыпты қолдауға оқытушыны көндіруі тиіс. Бұл тақырыпты қолдаған бойда, сыныптың барлық оқушылары кітапты дайындау жұмысына қызу кірісіп кетеді.


1-ҚОСЫМША

БАЛА ҚҰҚЫҚТАРЫ ТУРАЛЫ Конвенция

(балаларға арналған нұсқасы)

1-бап. Баланы анықтау

18 жасқа толғанша сен баласың және осы Конвенцияда жазылған барлық құқықтарға иесің.



2-бап. Дискриминацияға тыйым салу

Сен ата-анаңның немесе қамқоршыңның қандай да бір кемсітушіліксіз нәсіліңе, түр-түсіңе, жынысыңа, тіліңе, дініңе, саяси немесе өзге де сенім-нанымдарыңа, ұлттық, этникалық немесе әлеуметтік шығу тегіңе, мүліктік жағдайыңа, денсаулығыңның және туылуыңның жай-күйіне немесе өзге де жағдайларға қарамастан дискриминацияға ұшырамауың тиіс.



3-бап. Бала құқықтарын барынша толық қамтамасыз ету.

Балаларға қатысты қолданылатын іс-әрекеттерде ең бірінші кезекте сенің және кез келген басқа баланың мүдделерін барынша толық қамтамасыз етуге көңіл бөлінеді.



4-бап. Конвенцияда танылған құқықтарды жүзеге асыру.

Мемлекет осы Конвенцияда көрсетілген құқықтардың саған және барлық балаға қол жетімді болуы үшін барлығын жасауы керек.



5-бап. Отбасындағы тәрбие және бала қабілетінің дамуы.

Отбасың сені өз құқықтарыңды өмірде дұрыс пайдалана білуге үйретіп, сенің тәрбиең үшін жауапкршілікті өз мойнына алады. Мемлекет осы құқықты құрметтеуі тиіс.



6-бап. Өмір сүру және даму құқығы.

Сен өмір сүруге және дамуға құқылысың.

Мемлекет сенің тірі қалуыңды және дұрыс дамуыңды қамтамасыз етуге міндетті.

7-бап. Денсаулықты, есімді, азаматтықты тіркеу және ата-ананың қамқоры.

Сен туған күніңді, есіміңді және азаматтығыңды ресми түрде тіркеуге құқылысың.

Сен өз ата-анаңды білуге және олардың қамқорлығына ие болуға құқылысың.

8-бап. Жеке тұлғалықты сақтау

Мемлекет сенің есім, азаматтық алуға және отбасылық байланыстарға құқығыңды сақтауы тиіс.



9-бап. Ата-анадан ажырау.

Сен мүдделі болған жағдайларды қоспағанда (мысалы, ата-анаң саған дұрыс қарамаған немесе қатігез қараған жағдайда), сені ата-анаңнан айырмаулары тиіс. Ата-анаң ажырасып кеткен жағдайда, саған зиян келтірмейтін болса олармен кездесіп тұруға құқылысың.



10-бап. Отбасының қосылуы.

Сен және ата-анаң отбасын біріктіру немесе өзара қарым қатынастарыңды нығайту мақса-

тында кез келген елден шығып өз елдеріңе келуге құқылысыңдар.

11-бап. Заңсыз орын алмастырудан қорғалу.

Мемлекет сені шетелге заңсыз жөнелтуге қарсы күрес үшін шаралар қабылдайды.



12-бап. Баланың көзқарастарын құрметтеу.

Сен өз ойыңды, пікіріңді еркін жеткізуге құқылысың және ересектер саған қатысты мәселелерді шешу барысында бұл пікірлерге тиісті назар аударулары тиіс.



13-бап. Пікір айту және ақпарат алу еркіндігі.

Сен саған немесе басқаларға зиян келтірмейтін әр түрлі ақпаратты іздеуге, алуға және беруге құқылысың (мысалы, хат, өнер, теледидар, радио немесе Интернет арқылы).



14-бап. Ой, ар-намыс және дін бостандығы.

Сен наным-сенімдерге және дінге құқылысың, және басқа адамдардың құқығын бұзбаған жағдайда өз дініңді уағыздай аласың. Ата-анаң бұл құқықтарды саған түсіндіруі тиіс.



15-бап. Ассоцияция және бейбіт жиналыс бостандығы.

Басқа адамдарға зиян келтірмеген жағдайда, сен басқа балалармен кездесуге және олармен топ құруға құқығың бар.



16-бап. Жеке өмір, ар-намыс және абырой

Сенің жеке өмірге құқығың бар. Сенің абыройыңа нұқсан келтіруге, сенің үйіңе кіруге, хатыңды және электронды хатыңды рұқсатсыз оқуға ешкімнің құқы жоқ.

Сен және сенің отбасың ар-намыс пен абыройға заңсыз араласушылықтан қорғалуға құқылысыңдар.

17-бап. Ақпаратқа және бұқаралық ақпарат құралдарына қол жетімділік.

Сен кітап, газет, журнал, теледидар, радио және интернетті қоса, әртүрлі ақпарат көздерінен шынайы мәлімет алуға құқығың бар. Мәліметтер саған пайдалы және түсінікті болуы қажет.

18-бап. Ата-ананың жауапкершілігі.

Ата-анаңның екеуі де сенің тәрбиең мен дамуыңа бірдей жауапты, олар сенің ең қажет мүдделеріңді есепке алуға міндетті. Мемлекет баланы тәрбиелеуде және дамытуда ата-аналарға тиісті көмек көрсетуі тиіс, әсіресе ата-аналары жұмыс істесе.



19-бап. Зорлық-зомбылықтың барлық түрлерінен, немқұрайлы және қатыгез қараудан қорғау.

Мемлекет сені ата-анаңның немесе қамқор болу жауапкершілігін мойнына алған басқа да тұлғалар тарапынан жасалған қысым көрсетушіліктің, зорлық-зомбылықтың барлық түрінен қорғауға міндетті.



20-бап. Отбасынан айырылған балаларды қорғау.

Егерде ата-анаң және отбасың саған жеткілікті түрде қарай алмаса, онда сені дініңді, дәстүріңді және тіліңді құрметтейтін адамдар қарауы керек.



21-бап. Асырап алу.

Егер сені туған еліңде біреу асырап алса немесе шетелге алып кетсе, ол ең біріншіден сенің ең ең қажетті мүдделеріңді міндетті түрде ескеруі керек.



22-бап. Босқын балалар.

Егер сен өз отаныңда тұруға қауіпті болған соң басқа елге көшіп келсең қорғанысқа және жәрдем алуға құқығың бар. Сен осы елдің балаларымен теңдей құқықтарға ие боласың.



23-бап. Мүгедек балалар.

Ақыл-есің немесе денсаулығыңа қатысты жарымжан болсаң, қадір-қасиетің қамтамасыз

етіліп, өзіңе деген сенімділігіңді арттырып және қоғамдық өмірге белсене араласуыңа жәрдемдесетін жағдайларда толыққанды және лайықты өмір сүруге құқылысың.

24-бап. Денсаулық және денсаулық сақтау.

Сен өз денсаулығыңды сақтауға құқығың бар (мысалы, дәрі-дәрмекке, ауруханаларға және білікті медициналық қызметкерлерге қол жетімділік). Сен денің сау болу үшін ауыз суға, құнарлы тағамға, таза экологияға және аурудың алдын алуға құқылысың. Бай елдер кедей елдерге осындай стандарттарға жетуге қол ұшын берулері тиіс.



25-бап. Қамқорлыққа алу жағдайындағы кезеңдік бағалау.

Егер сен қамқорлыққа алынған болсаң және саған ата-анаң емес, жергілікті өкімет немесе мекемелер қарайтын болса, онда мемлекет тарапынан сол қамқорлықтың тұрақты тексеріліп тұруына құқылысың.



26-бап. Әлеуметтәк қамтамасыз ету.

Сен тұрып жатқан қоғамыңның сенің дамуыңа және лайықты өмір сүруіңе (мысалы, білім алу, мәдениет, тамақтану, денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету) көмектесетін игіліктерін пайдалануға құқылысың. Мұқтаж отбасы балаларына арнап мемлекет қосымша қаражат беруі тиіс.



27-бап. Өмір денгейі.

Сен дене бітіміңнің, ақыл-есіңнің, рухани, имандылық және әлеуметтік дамуыңа қажетті өмір денгейіне құқылысың. Балаларына қажетті өмір жағдайын қамтамасыз ете алмаған ата-анаға мемлекет тарапынан көмек берілуі тиіс.



28-бап. Білім алу құқығы.

Сенің білім алуға құқығың бар. Мектептерде балалардың құқықтары сақталып, олардың ар-намысы кұрметтелуі тиіс. Бастапқы білім міндетті және тегін болуы керек. Бай елдер кедей елдерге осындай стандарттарға жетуге қол ұшын берулері тиіс.



29-бап. Білім алудың мақсаттары.

Білім беру мекемелері сенің жеке тұлға ретінде дамуыңа, бойыңдағы дарыныңды және ақыл-есіңді, дене бітімдік қабілеттеріңді барынша толық ашуы тиіс. Олар сені ересек өмірге дайындауы және ата-анаңды сыйлауға, өз еліңнің, басқа елдердің мәдени құндылықтары мен дәстүрлерін құрметтеуге үйретулері тиіс. Сенің өз құқығыңды дұрыс пайдалануды үйренуге құқың бар.



30-бап. Аз ұлттар мен жергілікті халықтың балалары.

Сен ана тіліңде сөйлеуге, туған жеріңнің салт-жораларын ұстануға және еліңде көпшілік ұстанбаса да өз дініңді дәріптеуге құқылысың.



31-бап. Демалыс, бос уақыт және мәдени өмір.

Сен демалуға және ойын ойнауға, сондай-ақ мәдени және творчествалық өмірге қатысуға құқылысың.



32-бап. Балалар еңбегі.

Мемлекет сені қауіпті, зиянды және ауыр жұмыстан, сондай-ақ білім алуыңа кедергі келтіретін және басқалардың қанауына мүмкіндік беретін жұмыстан қорғауы тиіс.



33-бап. Балалар және есірткі заттарды заңсыз қолдану.

Мемлекет сені есірткі заттарды заңсыз қолданудан, сондай-ақ осындай заттарды өндіру мен сату жұмыстарына тартылудан қорғауға қажет барлық шаралар қолдануы тиіс.



34-бап. Балаларды сексуалды қаналудан қорғау.

Мемлекет сені кез келген сексуалды қанау түрлерінен қорғауы тиіс.



35-бап. Балаларды сатудан, контрабандадан және ұрлаудан қорғау.

Мемлекет барлық күш-жігерін балаларды ұрлаудан, сатудан, және оларды контрабандалаудан қорғауға жұмсауы тиіс.



36-бап. Қанаудың басқа түрлерінен қорғау.

Сен дамуыңа және әл-ауқатыңа залал келтіретін кез келген әрекеттерден қорғалуға құқылысың.



37-бап. Азаптаудан, қатыгез қараудан және бас бостандығынан айырудан қорғау.

Сен заң бұзсаң да қатыгездік жолмен жазаланбауға тиіссің. Сені ересектермен бір абақтыға жаппаулары тиіс, сенің отбасыңмен байланыс жасап тұруға мүмкіндігің болуы тиіс.



38-бап. Қарулы қақтығыстардан зардап шеккен балаларды қорғау.

Егерде сен 15 жасқа толмасаң (еуропаның көптеген елдерінде 18), мемлекет сені әскерге қосылуға немесе қарулы қақтығыстарға қатысуға тыйым салу қажет. Қарулы қақтығыстар жүріп жатқан аймақтардағы балалар ерекше қорғалуы мен күтім алуы тиіс.



39-бап. Қайта қалпына келтіру.

Егер сен кез келген кемсітудің, қиянат көрсету мен қанаудың, қарулы қақтығыстың құрбаны болсаң мемлекет саған жан-тәнің мен психологияңды сауықтыруға қажетті шаралардың бәрін қолдануы тиіс



40-бап. Кәмелетке толмаған заңбұзушыларға қатысты сот үкімін қолдану.

Егерде сені заң бұзды деп айыптаса, абыройыңа нұқсан келтірмейтіндей қатынас жасаулары тиіс. Сен құқықтық көмекке құқылысың және саған ауыр қылмыс үшін ғана абақтыға жабу туралы үкім шығарылуы мүмкін.



41-бап. Ең жоғарғы нормаларды қолдану.

Егер сенің еліңдегі заң осы Конвенцияның ережелері қарағанда бала құқықтарын жақсы қорғаса, осы елдің заңын қолдану қажет.



42-бап. Конвенция туралы ақпарат тарату.

Мемлекет Конвенция туралы ақпаратты ересек адамдар, мекемелер және балалар арасында таратуы тиіс.



43-54-баптар. Мемлекеттердің міндеттемелері

Осы баптар бала құқықтарының сақталуын қамтамасыз ету үшін ересектердің және мемлекеттердің қалай бірге жұмыс істеуі керектігін түсіндіреді.



Ескерту: Бала құқықтары туралы Конвенцияны Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы 1989 жылы қабылдап, ол 1990 жылы күшіне енді. Конвенцияда балалардың құқықтарын анықтайтын және осы құқықтарды мемлекеттер қалай қамтамасыз етіп, қолдауы тиіс екендігі туралы 54 бап бар. Осы Конвенция дүниежүзінің барлық елдерінде дерлік ратификацияланды, олар осы Конвенцияның барлық құқықтары мен еркіндіктерін сақтауға сөз берді. Қазақстанда Бала құқықтары туралы Конвенция 1994 жылы ратификацияланды.

2-ҚОСЫМША


«ҚАЗАҚСТАН рЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ БАЛАНЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ ТУРАЛЫ»
ҚР ЗАҢЫНЫҢ БАПТАРЫ


(балаларға арналған нұсқасы)


1-тарау. Жалпы ережелер

1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар. Бала - он сегiз жасқа (кәмелетке) толмаған адам.



2-бап. Осы заңның қолданылуы. Осы Заң Қазақстан Республикасының азаматтарына, шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдарға қолданылады. 

3-бап. Қазақстан Республикасының баланың құқықтары туралы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi

4-бап. Балалардың тең құқықтылығы. Тегiне, нәсiлiне және қай ұлтқа жататындығына, әлеуметтiк және мүлiктiк жағдайына, жынысына, тiлiне, бiлiмiне, дiнге көзқарасына, тұрғылықты жерiне, денсаулық жағдайына қарамастан, барлық бала тең құқыққа ие. 

5-бап. Баланың құқықтарын шектеуге тыйым салу. Заңсыз әрекеттерді қоспағанда, баланың құқықтарын шектеуге болмайды

2-тарау. Балалар мүддесін көздейтін мемлекеттік саясат

6-бап. Балалар мүддесiн көздейтiн мемлекеттiк саясаттың мақсаттары. Балалардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қамтамасыз ету, оларды кемсiтушiлiкке жол бермеу; дамуына және тәрбие алуына жәрдемдесу



7-бап. Қазақстан Республикасы орталық және жергiлiктi атқарушы органдарының мемлекетте баланың құқықтарын қорғау мәселелерi жөнiндегi             өкiлеттiктерi.

3-тарау. Баланың негізгі құқықтары мен міндеттері

8-бап. Баланың денсаулық сақтауға құқығы. Әрбiр баланың денсаулық сақтауға бұлжымас құқығы бар



9-бап. Баланың даралық ерекшелiкке және оны сақтауға құқығы. Әрбiр бала туған сәтiнен бастап аты, әкесiнiң аты, тегi, ұлты және азаматтығы болуына құқылы.

10-бап. Баланың өмiр сүруге, жеке басының бостандығына, қадiр-қасиетiне және жеке өмiрiне қол сұғылмауға құқығы. Мемлекет баланың жеке басына ешкiмнiң тиiспеуiн қамтамасыз етедi, оны тәнiн және (немесе) жанын жәбiрлеуден, адамдық қадiр-қасиетiн қатыгездiкпен, дөрекiлiкпен қорлаудан, кемсiтуден, жыныстық қатынас сипатындағы әрекеттерден, баланы қылмыстық iс-әрекетке және қоғамға жат әрекеттер жасауға тартудан қорғауды жүзеге асырады.

11-бап. Баланың сөз және ар-ождан бостандығына, ақпаратқа, қоғамдық өмiрге араласуға құқығы. Әрбiр баланың жасына сәйкес ақпарат алуға және оны таратуға, қоғамдық бiрлестiктерге өз еркiмен қатысуға құқығы бар. 

12-бап. Баланың қажеттi тұрмыс деңгейiне құқығы. Әрбiр баланың дене бiтiмiнiң, психикасы мен жан дүниесiнiң толымды дамуы үшiн қажеттi тұрмыс деңгейi мен жағдайы болуға құқығы бар.

13-бап. Баланың мүлiктiк құқықтары. Әрбiр баланың өз ата-анасынан және отбасының басқа да мүшелерiнен қаражат алуға, мәмiлелер жасауға, банктерде салымы болуға құқылы.

14-бап. Баланың тұрғын үйге құқығы. Әрбiр баланың Қазақстан Республикасының тұрғын үй заңдарына сәйкес тұрғын үйге құқығы бар.

15-бап. Баланың бiлiм алуға құқығы. Әрбiр бала бiлiм алуға және конкурстық негiзде тегiн орта кәсiби және жоғары кәсiби бiлiм алуға құқылы. Мемлекет балалардың бiлiм алу кезеңiнде әлеуметтiк қорғауды қажет ететiндерiне көмектеседі.

16-бап. Баланың еңбек бостандығына құқығы. Әрбiр баланың еңбек бостандығына, қызмет және кәсiп түрлерiн еркiн таңдауға құқығы бар. Балалар он төрт жастан бастап, ата-аналарының рұқсатымен оқудан бос кезiнде өзіне зиян келтiрмейтiн қоғамдық пайдалы еңбекке қатысуға құқығы бар.

17-бап. Баланың мемлекеттiк көмекке құқығы. Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, оның iшiнде жетiм балалар толық мемлекеттiк қамсыздандырылуда болады.

18-бап. Мемлекеттiк ең төменгi әлеуметтiк стандарттарды белгiлеу. Білім беру, медициналық қызмет көрсету, әлеуметтік қорғау саласында ең төменгі әлеуметтік қызмет көрсету көлемі белгіленді.

19-бап. Баланың дем алуға және бос уақытын пайдалануға  құқығы. Әрбiр бала өзiнiң жасына, денсаулығына және қажеттерiне қарай демалуға және бос уақытын пайдалануға құқылы. Балалардың сауықтыру, спорт, шығармашылық ұйымдар құрылды және оларға қолдау көрсетіледі.

20-бап. Баланың мiндеттерi.       Әрбiр бала басқа адамдардың құқықтарын, бостандығын, ар-ожданы мен қадiр-қасиетiн, Республиканың мемлекеттiк нышандарын құрметтеуге, еңбекке жарамсыз ата-анасына қамқорлық жасауға, тарихи және мәдени мұралардың сақталуына қам-қарекет жасауға, тарих және мәдениет ескерткiштерiн сақтауға, табиғатты сақтауға және табиғи байлықтарға ұқыпты қарауға мiндеттi.

4-тарау. Бала және отбасы

21-бап. Баланың отбасында өмiр сүру және тәрбиелену құқығы. Бала өзiнiң ата-анасын бiлуге, олардың қамқорлығы мен тәрбиесiн алуға құқылы.



22-бап. Баланың отбасындағы құқықтары.

23-бап. Бала тәрбиелеп отырған отбасыларына мемлекеттiк қолдау

24-бап. Ата-анасының баланы тәрбиелеу, күтiп-бағу және асырау жөнiндегi мiндетi. Ата-анасы баланың жан-жақты дамуы үшiн қажеттi жағдай жасауға мiндеттi.

25-бап. Баланың ықтиярынсыз оныата-анасынан айыруға тыйым салынады. Баланың кіммен тұратыны туралы шешiмдi ерекше жағдайларда және баланы қорғау мақсатында сот қана қабылдайды. Сот баланың мүдделерi мен пiкiрiн ескередi

26-бап. Баланың өзiнен бөлек тұратын ата-анасымен қарым-қатынас жасау құқығы. Баланың өмiрi мен денсаулығына қатер төндiретiн жағдайлардың болуын қоспағанда, баланың өзiнен бөлек тұратын ата-анасы туралы ақпарат алуға, олармен кездесiп, араласып тұруға құқығы бар. 

5-тарау. Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланың құқықтары.

27-бап. Қорғаншылық, қамқоршылық және патронат. Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаға оның мүлiктiк және мүлiктiк емес жеке құқықтарын қорғау мақсатында, он төрт жасқа толмаған балаларға қорғаншылық, он төрт жастан он сегiз жасқа дейiнгi кәмелетке толмағандарға қамқоршылық немесе тәрбиелеушi, емдеушi мекемедегi балаға патронат белгiленедi.



28-бап. Заңнамаға сәйкес бала асырап алу.

29-бап. Баланы тәрбиелейтiн, емдейтiн және сол сияқты өзге де мекемелерде күтiп-бағу мен тәрбиелеу. Бала алмиент және жәрдемақы алуға құқылы. Баланың күтiп-бағуды пайдалануға, тәрбие, бiлiм алуға, жан-жақты дамуға, ар-ожданы мен қадiр-қасиетiнiң құрметтелуiне, өз мүдделерiнiң қамтамасыз етiлуiне, ана тiлiнiң, мәдениетiнiң, ұлттық әдет-ғұрпы мен дәстүрiнiң сақталуына құқығы бар. Ата-анасынан айрылған жетiм балаларға кәмелеттік жасқа толғанша тұрғын үй берiледi.

30-бап. Баланың құқықтарын қорғау жөнiндегi функцияны жүзеге асыратын ұйымдар: Балалар үйлері, интернаттық ұйымдар, отбасы үлгісіндегі балалар ауылы, Жасөспiрiмдер үйлерi, Кәмелетке толмағандарды уақытша оқшаулау, бейiмдеу және оңалту орталықтары

6-бап. Мүгедек баланың құқықтары

31-бап. Мүгедек баланың толымды өмiрге құқықтары. Мүгедек бала бiлiм алуға, жұмыс істеуге, мамандандырылған балалар үйлерінде медициналық-әлеуметтік көмек алуға құқылы. 



32-бап. Мүгедек баланы жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттiк кепiлдiктер. Жеңілдіктер бар.

33-бап. Мүгедек балаларға мемлекеттiк көмек.

7-тарау. Бала және қоғам

34-бап. Ұлттық және әлемдiк мәдениетке баулу. Мемлекет балаларға арналған газеттер, журналдар, кiтаптар басып шығаруды көтермелейдi, порнографияны, қатыгездiк пен зорлық-зомбылықты дәрiптейтiн, балаларға зиянды әсер ететiн әдебиеттi, фильмдерді шығаруды заң бойынша қудалайды. 



35-бап. Бала және дiн. Мемлекет баланың өмiрi мен денсаулығына қатер төнбеген, оның құқығын бұзатын және жауапкершiлiгiн шектейтiн жағдайлар орын алмаған жағдайда дiни дүниетанымға негiзделген тәрбиеге араласпауға, кепiлдiк бередi. Дiни жоралар ата-анасының келiсiмiмен жасалады.

36-бап. Баланы әлеуметтiк ортаның терiс ықпалынан қорғау. Қылмыстың, зорлық-зомбылықтың немесе өзге де заңсыз әрекеттiң салдарынан тән немесе жан жарақатын алған балаға денсаулығын қалпына келтiру және әлеуметтiк бейiмделу үшiн қажеттi көмек көрсетiлуге тиiс. 

37-бап. Баланы алкогольдi өнiмдер мен темекi бұйымдарының зиянды әсерiнен қорғау. Баланың ата-анасы, мемлекеттiк органдар салауатты өмiр салтын және алкогольдi өнiмдер мен темекi бұйымдарының зиянды екенiн насихаттауға мiндеттi. Балаға жүз метр радиустегi аумақта алкогольдi iшiмдiктердi, темекiнi және темекi бұйымдарын сатуға тыйым салынады.

38-бап. Баланы есiрткi, психотроптық, күштi әсер ететiн немесе улы заттардан қорғау

39-бап. Бала және қоғамдық ақпарат құралдары. Нәсiлдiк, ұлттық, әлеуметтiк және дiни өшпендiлiктi өршiтуді насихаттайтын кез келген ақпаратты таратуға тыйым салынады. 

40-бап. Баланы жезөкшелiк пен порнографиядан қорғау.

41-бап. Баланы соғыс қимылдарына қатыстыруға тыйым салу.

8-тарау. Баланың құқықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерін қорғау

42-бап. Баланы заңсыз алып кетуден қорғау



43-бап. Баланың заңды өкiлдерi.

44-бап. Мемлекеттiк органдар және баланың құқықтарын қорғау.

45-бап. Осы Заңды орындау кезiнде дауларды шешудiң сот тәртiбi.

46-бап. Қазақстан Республикасындағы балалардың жағдайы туралы мемлекеттiк баяндама.

47-бап. Босқын және амалсыз қоныс аударушы балалардың құқықтарын қорғау.

9-бап. Бала жауапкершілігінің және оның мінез-құлқына әсер етудің ерекшеліктері

48-бап. Бала жауапкершiлiгiнiң ерекшелiктерi.



49-бап. Баланың мiнез-құлқына әсер етудiң ерекшелiктерi. Баланы тәрбиелеу тәсiлдерiнде баланың адамдық қадiр-қасиетiне менсiнбей, қатал, дөрекi қарау, оны қорлау немесе қанау болмауға тиiс. 

10-бап. Қорытынды ережелер

50-бап. Қазақстан Республикасының бала құқықтары туралы заңдарын бұзғаны үшiн жауапкершiлiк. Қазақстан Республикасының бала құқықтары туралы заңдарының бұзылуына кiнәлi адамдар Қазақстан Республикасының заң актiлерiне сәйкес жауапты болады. Ата-ананың балаларды тәрбиелеу мен күтiп-бағу мiндеттерiн тиiсiнше орындамауы, балаларды қадағалаусыз қалдыруы, оларға қатыгездiкпен қарауы, оларды қанауы ата-аналық құқықтарынан айыруға әкеп соғады.



51-бап. Уәкiлеттi органның Қазақстан Республикасының бала құқықтары туралы заңдарының сақталуын iске асыруды үйлестiруi.

52-бап. Қазақстан Республикасының бала құқықтары туралы заңнамасының сақталуына бақылау жасау.

53-бап. Баланың құқықтарын қорғау жөнiндегi функцияларды жүзеге асыратын мемлекеттiк органдар мен ұйымдардың қызметiн үйлестiру


3-ҚОСЫМША

Бала құқықтары декларациясы

(жеңілдетілген мәтін)

1-қағидат

Барлық балалар нәсіліне, түр-түсіне, жынысына, тіліне, дініне, саяси немесе өзге наным-сенімдеріне, қай жерде туғанына немесе кімде туғанына қарамастан төменде келтірілгендерге құқылы.

2-қағидат

Сіз бостандығыңыз бен қадір-қасиетіңіз сақталып, денелік және рухани салауатты, қалыпты жолмен өсіп-дамуға құқылысыз.

3-қағидат

Сіз есім алуға және қандай да бір елдің азаматы болуға құқылысыз.

4-қағидат

Сіз ерекше қамқорлық пен қорғанысқа, жақсы тамақтануға, тұрғын үйге және медициналық қызмет алуға құқылысыз.

5-қағидат

Егер дене бітіміңізде немесе басқа да кемістіктеріңіз болса ерекше қамқорлыққа ие болуға құқылысыз

6-қағидат 

Сіз ең алдымен отбасыңыз тарапынан, олар болмаған жағдайда үкімет тарапынан махаббат пен түсіністікке ие болуға құқылысыз

7-қағидат

Сіз мектепке тегін баруға, ойнауға және дамуға теңдей мүмкіндіктер алуға, сондай-ақ жауапты және пайдалуға, болуға, үйренуге құқылысыз. 

Ата-анаңыз сіздің білім алуңызға және оқуыңызға ерекше жауап береді.

8-қағидат

Сіз үнемі бірінші болып көмек алатын адамдар арасында болуға құқылысыз

9-қағидат

Сіз барлық қатыгез әрекеттерден немесе қаналудан қорғалуға құқылысыз, мысалы, сіз дене бітіміміздің және ақыл-есіңіздің дамуына кедергі келтіретін жұмысты жасауға міндетті емессіз. 

Жасыңыз кішкентай болса сізге жұмыс істеуге болмайды, денсаулығыңызға зиян келтіретін немесе рухани жетілуге және дене бітіміміңіздің дамуына кедергі келетін болса тіпті болмайды.

10-қағидат

Сізді барлық адамдармен бейбіт және тату тұруға, түсінушілік пен төзімділік танытуға үйрету қажет.



4-ҚОСЫМША
Жаттықтыру Сабағы

Осы жаттықтыру сабағының алты жаттығуының міндеті — оқушыларды Бала құқықтары туралы Конвенциямен кеңінен таныстыру. Қатысушылар өздерінің балалық шақтарындағы ең керемет жазғы күндері туралы естеліктерден бастап, өздерінің елестетулері бойынша балалық шақта не қажет екенін анықтайды. Бұл негізгі элементтер кейін барлық балалар үшін құқықтар тізбесін жасауда қолданылатын болады. Жаттықтыру сабағын өткізу үшін бір мектеп сабағы жеткілікті, алайда, уақыт жеткілікті болса оны жалғастыруға болады.

Жаттықтыру сабағын БҚК-мен әлі таныспаған оқушыларға арналған. Бесінші тапсырманы орындамас бұрын оқушыларға әр бабында бір немесе екі жол ғана жазылған балаларға бейімделіп жасалған мәтіндегі Конвенцияны таратқан жөн. Конвенцияның мазмұны оқушылар үшін тосын сыйлық болуы тиіс, себебі олар анықтаған әр балаға өмір сүру үшін қажет заттар Конвенция баптарымен толықтацй дерлік сәйкес келетінін көреді.

Алты жаттығуды орындап болғаннан кейін оқытушы Конвенция мәтінін жасауға оқушылардың көмектескенін атап айтуы тиіс. Енді бұл Конвенция соларға тиесілі, себебі ондағы нормалар олардың балалық шағымен тығыз байланысты. Оқушылар практикумнан БҚК-ны түйсініп-түсініп шығулары тиіс және осы күннен бастап балаларға және әлемге адам құқықтары тарапынан қараулары керек.


Жаттықтыру сабағының ЖОСПАРЫ


  1. Өзіңіздің бала кезіңізді еске түсіріп, ең керемет жазғы күніңізді елестетіп көріңіз. Осы күнді суретке түсіріп алу қажет болған жағдайда, суретте не болар еді? Не істеп жатқан болар едіңіз? Кіммен болар едіңіз? Қандай сезімде болар едіңіз? Суретіңіз көзге көрінбейтін қандай сезімге бөлер еді? Осы сәтті суретке түсіріп алғандай, ойыңызды бір абзацқа жинақтап көріңіз.

  2. Жазғы күн туралы елесіңізді жазып болғаннан кейін, естеліктеріңізбен бірнеше сыныптасыңызбен бөлісіп, ұқсастықтар мен айырмашылықтар туралы талқылаңыз. Солармен бірге үлкен қағаз бетіне ең керемет жазғы күн туралы жалпы сипаттамалар тізімін жасаңыз.

  3. Тобыңыз ең керемет жазғы күн сипаттамалары тізімін жасап болғаннан кейін, болашақта балалар әлемі қандай болуы тиіс екенін елестетіп көріңіз. Ол қандай болды? Ол күн сіздің ең керемет күніңізбен ұқсас болуы мүмкін бе? Онда балалар не істейтін болады? Бұл әлемде балалар қандай сезімде болады? Қиялыңыздағы сурет бойынша бүкіл әлемдегі балалардың жағдайын жақсарту үшін не қажет екенін елестетіп көріңіз. Барлығыңыз, ақыл-ой шабуылы әдісімен «балалық шақтың негізгі элементтері» тізімін жасаңыз.

  4. Балалық шақтың негізгі элементтері тізімін жасағаннан кейін әлемдегі барлық балаларда осының барлығы бар ма екен? деп, бір-біріңізден сұраңыз. Тізіміңізге оралып, осы негізгі элементтерді құқықтарға жатқызуға болады ма екен деген сұраққа жауап беріңіз? Тізімге кезекпен қарау қажет болар. Талқылаудан кейін бір-біріңізден осы тізімнен қандай негізгі элементтерді Бала құқықтары туралы халықаралық конвенцияға қосу қажет екенін сұраңыз? Өз идеяларыңызды барлық балаларға осы негізгі элементтерге қол жеткізетініне кепілдік беретін басқарушы қағидаттар ретінде қараңыз.

  5. Бала құқықтары туралы конвенцияны зерделеу — Біріккен Ұлттар Ұйымы жасаған заңды құжаты. Конвенцияның кейбір баптары сіздің ең керемет жазғы күніңіз туралы естеліктеріңізге сәйкес келеді ме? БҚК-да балаларға арналған болашақтағы керемет әлем туралы елестеріңізге сәйкес келетін баптар бар ма? Топпен бірге ақыл-ой шабуылы әдісімен анықталған балалық шақты негізгі элементтерімен салыстырып көріңіз.

  6. Топтық қорытынды тапсырма орындалғаннан кейін тобыңыздың өкілі сынып тақтасына балалық шақтың негізгі элементтері тізімін жазуы тиіс, олардың негізінде басқарушы қағидаттар және Бала құқықтары туралы Конвенцияда бекітілген тиісті құқықтар жасалды. Жаттықтыру сабағын өзіңіздің естеліктеріңіздің, тәжірибеңіздің, балалық шақтың негізгі элементтерінің және сіздің елестетулеріңіздің бала құқықтары саласындағы нормативтік стандарттармен арақатынасы туралы тақырыпта жалпы пікірталас өткізумен аяқтаңыз.

Әдибиеттер тізімі

  1. Арғынов А.Х., Жұмақанова Р.А. Біз халық ... Азамат жобасы: Оқушыларға арналған оқу құралы.- Алматы, Азаматтық білім берудің гылыми-ақпарат орталығы, 2002 ж.- 44 б.

  2. Арғынов А.Х., Жұмақанова Р.А Біз халық. Азамат жобасы: Муғалімге басшылық Алматы, Азаматтық білім берудің гылыми-ақпарат орталығы, 2002 ж. - 56 б.

  3. Арғынов А.Х., Жұмақанова Р.А. Обучение правам человека. Пособие для тренеров. Алматы, НИЦГО, изд. Magicolors, 2006.

  4. Жұмақанова Р.А. Права ребенка: Методическое руководство по обучению Конвенции о правах ребенка в начальной школе Алматы, НИЦГО, 2003 г. 111

  5. Начальный курс. Обучения правам человека. Учебное пособие. Аmnesty international, London ,UK

  6. Шабельник Е.С., Каширцева Е.Г. Ваши права.- М.: Вита-Пресс,1995 г.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет