Қазақстан республикасы білім және Ғылым министрлігі бекбосынов марат нҧРҒазыҧЛЫ



Pdf көрінісі
бет2/32
Дата20.02.2023
өлшемі0,88 Mb.
#169453
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   32
Байланысты:
1137528, abenova.19gaskazad
 
УДК 821.0 (075.8) 
ББК 83.3 Қаз я73 
ISBN 978-601-7244-03-3 
ISBN 978-601-7244-02-6 
© Бекбосынов М.Н., 2011 


- 4 - 
КІРІСПЕ
Ҽдебиет – адам ақылына қозғау салып, қиялына қанат бітіріп, 
ізгі іс-ҽрекеттерге жетелер ҿнер түрі. Сондықтан, сҿз ҿнері ҿткен 
тарихтың, бүгінгі заман шындығының кҿркем бейнесі ғана емес, 
оқу мен тҽрбиенің де ең басты құралы. 
Ҽдебиет пҽні – ҽдебиеттану ғылымының ҽдебиет теориясы, 
ҽдебиеттің тарихы, ҽдебиет сыны салаларын оқып, игеруде оқу 
нысаны болса, «Тҽңірінің берген ҿнері» кҿркем сҿздің адам 
баласына гуманистік, танымдық, тағылымдық, эмоционалды жҽне 
гедонистикалық ҽсері жағынан ҿнер туындысы. Осы себепті де оқу 
құралында ҽдебиеттің шығармашылық ҿнер жҽне оқу-тҽрбиелік 
сипаттары қатар алынып талданды. 
Жалпы қазақ ҽдебиеті тарихын дҽуірлеу жҽне оны оқытуда 
ҽдебиет тарихының бастау кҿздері, ҽдеби дҽуірлерді іштей 
кезеңдерге бҿлу, кҿркем туындыларды бағыт, ағымдарға жіктеу, 
шығармаларды тегі мен түрі, жанрына қарай классификациялау
оқулықтар мен оқу құралдарының ғылыми-ҽдістемелік құрылымы 
мен жүйесін қалыптастыру сынды ҽдебиет тарихын оқытуға 
қатысты мҽселелерде түрлі кҿзқарастар мен концепциялардың 
болғаны аян. Қазіргі уақытта кҿп жылғы ғылыми талдау мен 
талқылау, педагогикалық тҽжірибеде сыннан ҿтіп, оқушыларға 
адамзаттық құндылықтарды игерту, рухани тҽуелсіздік рухын 
нығайту бағытындағы қазақ ҽдебиеті тарихының жүйеленген 
дҽуірлік кезеңдері айқындалған. Сҿйтіп, ҽдебиеттану ғылымының 
бір саласы ҽдебиет тарихы бүгінде бес дҽуірге бҿлініп оқытылады. 
Олар:
1. Ежелгі дҽуір ҽдебиеті (Бұл дҽуір ҽдебиетінің кҿркем 
мұралары түрік текті халықтар ҽдебиетінің кҿпшілігіне ортақ ҽдеби 
жҽдігерлер болғандықтан, оны шартты түрде түрік халықтарына 
ортақ ҽдебиет дейміз. Шындығында бұл біржақты пікір. Тарих 
ғылымында «қазақ» сҿзінің, «қазақ хандығы» атауының тарихи 
аренаға шығуын XV ғасырдан бастау қалыптасып, сол негізде 
айтылып жүр. Ал Абайдың «Бірер сҿз қазақтың түбі қайдан 
шыққандығы туралы» тарихи сҿзінде Сібірден Алатау бҿктеріне 
келіп, мекендеген халықты Құтайба ибн Мүсілімнің (660-715) араб 
жерінен Орта Азияға кҿп ҽскермен дін исламды халыққа енгізгенде 
қазақты кҿріп «Хибаи» (киіз шатырмен жүруші), «Хұзағи» 
(кҿшпелі) деп, кҿшкен елді қайтқан қазға ұқсатып, содан бұлар ҿзін 


- 5 - 
«қазақ» деп атап кетіпті, бұрын «ұлыс» дейді екен деген. 
Данышпанның ҿз қолымен жазған бұл тарихи сҿзінде: «Сонымен 
бұлар ҿзін ҿзі де, ҿзге жұрттар да қазақ атап кетіпті, бұрын ҿздерін 
«ұлыс» дейді екен» – деп айтқан. Содан соң арабтардың бұл 
ҿлкедегі (Тұран ҿлкесіндегі) жер-су, халық, шаһарлардың Бұхардан 
басқасының бҽрінің атын ҿзгерткенін, қазақ осы кезден (яки VIII 
ғасырдан) «қазақ» аталғанын, ал бұрын «ұлыс» атауын иеленгенін, 
ол сҿздің «Ұлыстың ұлы күні» жазғытұрым мейрамында ғана 
сақталғанын жазған. Оған қоса осы дҽуір ҿкілдері мен жҽдігерлерін 
тікелей қазақ ҽдебиетімен байланысты зерттеген еңбектер мен 
деректер де мол. Сондықтан, бұл дҽуір ҽдебиетін қазақ ҽдебиетінің 
қайнар бастаулары деп атаса, орынды болар еді).
2. Хандық дҽуірдегі қазақ ҽдебиеті (XV-XVIII ғасырларды 
қамтитын хандық дҽуірдегі қазақ ҽдебиетінің негізгі ҽдеби 
мұралары – толғаулар да, оны тудырушы сҿз зергерлері – 
жыраулар. Сол себепті бұл дҽуірдің ҽдеби үлгілері жыраулар 
поэзиясы деп те аталады). 
3. XIX ғасырдағы қазақ ҽдебиеті (Ғасыр ҽдебиеті тарихындағы 
сҿз зергерлері шығармашылықтарының басты ҽдеби бағыты 
отарлық 
езгіге 
қарсы 
туған 
азаттық 
танымдарын 
бейнелейтіндіктен, кейінгі зерттеу еңбектер мен оқулықтарда бұл 
дҽуір ҽдебиетін отарлық дҽуірдегі ҽдебиет ретінде бағалау басым). 
4. XX ғасыр басындағы қазақ ҽдебиеті (Ҽдебиет тарихында 
үлгі-ҿрнектері болғанмен, Абайдан бастап ҽдебиеттің халықтық, 
кҿркемдік-эстетикалық, қоғамдық-ҽлеуметтік, мазмұндық-идеялық 
күш қуатын отарлық езгі дуірлерінде ұлттық құндылықтарды 
сақтап қалуға, ҽлем ҽдебиеті мен мҽдениетінің озық үлгілерін, 
ғылым, білімнің жетістіктерін ұлт жадына сіңіруге, бір сҿзбен 
айтқанда, сҿз ҿнерін ағартушылық бағытта ҿрістеткен кезең 
ҽдебиеті болғандықтан, 1900-1920 жылдарды қамтитын бұл 
кезеңдегі ҽдебиетті ояну дҽуіріндегі ҽдебиет ретінде де танимыз). 
5. XX ғасырдағы ҽдебиет (Бұл дҽуір ҽдебиеті 1920 жылдан 
2000-шы 
жылдар арасындағы ҽдебиетті, негізінен, кеңес 
дҽуіріндегі қазақ ҽдебиеті тарихын оқытуға арналған). 
Аталған дҽуірлер ҽдебитінің тарихы бір-бірімен ҿзара сабақтас, 
сондай-ақ ҽр дҽуір ҽдебиеті іштей кезеңдерге бҿлініп, ҽдеби бағыт, 
ағымдары, жанрлары мен түрлері, кҿркемдік дамуы мен 
поэтикалық ҿрнектері ғылыми негізде жүйеленіп оқытылады. 
Ҽдеби мұраларды жинау, зерттеу, жүйелеу, оқыту мҽселелері қолға 


- 6 - 
алынған Кеңес ҿкіметі кезеңінде ҽдебиет тарихы, оның ҿкілдерінің 
шығармашылықтарын оқытуда негізінен саяси баға, идеологиялық, 
мазмұндық талдау басым болса, қазіргі тҽуелсіз ҽдебиеттану 
ғылымында ҽдебиеттің кҿркемдік сипаттары, ҽдеби үлгі, ҿрнектері 
сынды идеологияға емес, кҿркем туындылардың табиғи ҿзегі 
кҿркемҿнерлік табиғатына баса назар аударылуда. 
Ҽдебиет пҽнінде шығармалардың сыр-сипаты, болмыс-бітімі, 
эстетикалық, экспрессивті-эмоционалдық, кҿркемдік критерилері, 
сол шығарма авторларының нҽр алған рухани бастаулары, ҽдеби 
дҽстүр мен шығармашылық жаңашылдық, халықтар арасындағы 
ҽдеби-мҽдени байланыс сынды ҽдебиеттану ғылымына қатысты 
мҽселелер қарастырылады. Ал бұл жайлар жүйелі түрде халық 
тарихы мен кҿркемҿнердің даму жолына сай, жоғары оқу 
орындарының филология факультетерінің екінші курсында жеке 
міндетті пҽн ретінде оқылатын XIX ғасырдағы қазақ ҽдебиетінің 
тарихы, оның ҿкілдерінің шығармашылықтарын терең меңгеруде 
қолдана білулерін талап етеді. Сондықтан пҽннің оқу-ҽдістемелік 
кешенінің мазмұнына сҽйкес осы пҽнді оқып, игеруде мындай алғы 
пҽндерді білу керек: 
- Қазақ фольклоры (Қазақ халқының ауыз ҽдебиеті); 
- Ҽдебиеттануға кіріспе; 
- Ежелгі дҽуір ҽдебиеті; 
- Қазақ хандығы дҽуіріндегі ҽдебиет; 
- Қазақстан тарихы; 
- Мҽдениеттану; 
- Салыстырмалы ҽдебиеттану. 
Сонымен бірге бұл пҽнді оқу барысында студент ҽдебиет 
тарихына, кҿркем мұраларға, ҽдеби-теориялық мҽселелерге 
қатысты алған білімдерін келесі пҽндерде ҽрі қарай тереңдетіп, 
жалғастырады. 
Алдарыңыздағы оқу құралында XIX ғасырдағы қазақ 
ҽдебиетінің тарихы кредиттік технологиялар бойынша оқыту 
жүйесіне лайықталып, типтік бағдарлама негізінде жазылған. Оқу 
құралы жоғары оқу орындарының бакалавриат дҽрежесіндегі 
ҽдебиетші мамандар даярлау барысында оқытылатын міндетті 
пҽнге арналғандықтан, бүгінгі студенттің жалпы білім беретін орта 
мектептердің келешек мұғалімдері боларын ескеріп, гуманитарлық 
бағыттағы орта мектептің X сыныбына арналған бағдарлы оқыту 


- 7 - 
бағдарламасында кҿрсетілген ҽдеби білім мазмұны да оқу 
құралында қамтылды. 
XIX ғасырдағы қазақ ҽдебиеті отарлық езгіге қарсы азаттық 
танымдарын кҿтерген, жыраулық дҽстүрден ақындық поэзияға, 
ауыз ҽдебиетінен жазба ҽдебиетке ауысқан, ҽдеби жанрлар мен 
олардың түрлері молайған, Шығыс, орыс, сол арқылы Батыс 
ҽдебиетімен кҿркемдік байланысқа түскен, жаңа жазба ҽдебиет 
дүниеге келген дҽуір ҽдебиеті болды. Осындай сан-салалы ҽдебиет 
тектерінің айшықтары дүниеге келген XIX ғасыр ҽдебиетін оның 
басты белгісі отарлық езгіге қарсы туған азаттық бағыты аясында 
ала отырып, патша ҿкіметінің жоспарлы да жүйелі түрде жүргізген 
саясаты ізімен хронологиялық ретте 3 кезеңге бҿліп қарастырамыз. 
Олар: 
1. Батыс ҿңірінің отарлануы жҽне оған қарсы туған ұлт азаттық 
күрес жырлары. 
2. Сарыарқаның бодандық бұғауға түсу тарихы жҽне 
ҽдебиеттегі тҽуелсіздік танымдарының ҽдеби ағым, бағыттардағы 
ҿлең, жыр, айтыс, қисса, дастан, поэма, проза, публицистика 
түріндегі сҿз айшықтарында бейнеленуі. 
3. Жетісу ҿңіріндегі Қоқан хандығы мен патша ҿкіметінің 
отарлау саясаты жҽне оған қарсы туған ҽдеби сҿз ҿрнектері. 
Дҽуір ҽдебиетін отарлық езгіге қарсы күрес бағытына орай 
осындай 
кезеңдерге 
болу, 
ҽдебиет 
тарихын 
зерттеген 
Х.Досмұхамедұлы, М.Ҽуезов, С.Сейфуллин, С.Мұқанов, т.б. 
ғалымдардың XX ғасыр басында жасаған тұжырымдары мен 
кейінгі оқулық, зерттеу еңбектеріндегі XIX ғасыр ҽдебиетінің 
кезеңдерін 
жіктеген 
ғылыми 
принциптеріне 
жатырқамай, 
қайшылықсыз ҿзара үндеседі. Оған қоса, сҿз ҿнерін тарихилық 
принцип негізінде қарастырудың мҽні – ҽдебиеттің халық ҿмірінің, 
мҽдениеті мен дүниетанымының, ұлттың рухани мұралары мен 
құндылықтарының кҿркем бейнесі, ізі болғандықтан, адамзат 
тарихының даму процесіндегі жеке субъект ретінде де қазақ сҿз 
ҿнерінің дүниежүзілік ҽдебиет, мҽдениет, руханият қазынасына 
қосқан ҿзіндік үлесін тану үшін де маңызды екені айқын. Бұл дҽуір 
ҽдебиетінің ҽдебиеттану ғылымында үздіксіз зерттеу нысанына 
алынып келе жатуы да содан. Осыған орай типтік бағдарламада 
кҿрсетілген тақырыптардың ҽдеби кезеңдер, бағыт, ағымдар, 
ҽдебиет үлгілеріне арналған дҽрістерінде оқулықтар, іргелі зерттеу 
еңбектері мен монографиялар жҽне басылымдарда жарық кҿрген 


- 8 - 
материалдар мүмкіндігінше кең қолданылса, жекелеген сҿз 
зергерлері шығармашылықтарына арналған дҽрістерде олардың 
ҽдеби мұралары арнайы қарастырылған зерттеу еңбектер мен 
академиялық жҽне жеке ҽдеби жинақтардың деректеріне баса назар 
аудардық. 
Сонымен, оқу құралының дҽрістерге арналған бҿлімінде үш 
кредиттік сағат бҿлінісіне сҽйкес типтік бағдарламада кҿрсетілген 
XIX ғасыр ҽдебиетінің тарихы мынадай сҿз үлгілеріне жіктеліп, 
сол үлгідегі ҽдебиет ҿкілдерінің шығармашылықтары жеке
тақырыптарға бҿлініп берілді: 
1. Бостандық рухындағы ұлт азаттығын жырлаған поэзия 
(тарихи жырлар, Махамбет Ҿтемісұлы, Шернияз Жарылғасұлы, 
Алмажан Азаматқызы, т.б.) 
2. «Зар заман» ҽдебиеті (Дулат Бабатайұлы, Шортанбай 
Қанайұлы, Мұрат Мҿңкеұлы, Ҽбубҽкір Кердері, Нарманбет 
Орманбетұлы, т.б.). 
3. XIX ғасырдағы қисса-дастандар (Шҽді Жҽңгірұлы, Мҽулекей 
Жұмашев, Жүсіпбек Шайхұсламұлы, Мҽшһүр Жүсіп Кҿпеев, 
Мақыш Қалтаев, т.б.). 
4. Қазақ поэзиясындағы айтыс ҿнері (Шҿже Қаржаубайұлы, 
Сүйінбай Аронұлы, Кемпірбай Бҿгенбайұлы, «Біржан – Сара 
айтысы», т.б.). 
5. Сал-серілер мен ҽнші-ақындар поэзиясы (Сегіз сері 
Баһрамұлы, Біржан сал Қожағұлұлы, Ақан сері Қорамсаұлы, Мҽди 
Бҽпиұлы, Иманжүсіп Құтпанұлы, т.б.). 
6. Жаңа жазба ҽдебиет (Шоқан Уҽлиханов, Ыбырай 
Алтынсарин, Абай, Абайдың ақын шҽкірттері). 
Қазіргі білім беру жүйесінде студенттердің ғылыми 
потенциалдарын ҿздігінен тереңдету мен таныту, оны тҽжірибеде 
жүзеге асырып, қолдана білу бағытында оқу жоспарында 
ОЖОСҾЖ (оқытушы жетекшілігімен орындайтын студенттің ҿздік 
жұмыстары), СҾЖ (студенттің ҿздік жұмыстары), ғылыми жазба 
жұмыстарына (реферат, курс жұмысы, диплом жұмысы, т.б.) 
арнайы сағаттар бҿлінеді. Оқу құралындағы тҽжірибелік сабақ 
жоспарлары, ОЖОСҾЖ, СҾЖ тақырыптары мен олардың 
қамтитын сұрақ, тапсырмалары, ұсынылған материалдар мен дҽріс 
кҿздері студенттердің алған білімдерін ҿзіндік ізденістерімен 
молайтуға мүмкіндік ашады. 


- 9 - 
Оқу құралының оқу-тҽрбиелік ұстанымы мен ҽдеби-ғылыми 
концепциясы – XIX ғасырдағы қазақ ҽдебиетінің елдік, ұлттық 
рухы отарлық езгіге қарсы туған азаттық, тҽуелсіздік, рухани 
жаңғыру 
бағытында 
дамыған 
тұтас 
дҽуір 
ҽдебиетіне 
арналғандықтан, қазіргі тҽуелсіз ел ұрпағын ұлтжандылыққа, ҽдеби 
мұралардағы гуманистік ой-танымдар негізінде ҽділетсіздікке, 
озбырлыққа 
ымырасыздық 
пен 
адамдық 
құндылықтарды 
қастерлеуге баулу. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   32




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет