Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі Е



Pdf көрінісі
бет4/104
Дата26.02.2022
өлшемі1,76 Mb.
#133430
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   104
Байланысты:
Rustemov okulik
қарапайым саңырауқұлақтардың жыныссыз көбеюі, қарапайым саңырауқұлақтардың жыныссыз көбеюі, Психологиялық-педагогикалық диагностика әдістері, Новый DOCX [A1] - 21:11:2023 12:21:18
Екіншіден, 
оқулық мазмұнындағы ӛзгешелік. Қазақ 
балалар әдебиеті тарихына арналған оқулыққа тұңғыш рет 
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У



«жыраулар поэзиясы», «Ш.Уәлиханов», «Ш.Құдайбердиев», 
«А.Байтұрсынов», 
«Ж.Аймауытов», 
«М.Дулатов», 
«М.Жұмабаев» тараулары енгізіліп отыр. Ш.Ахметов 
кітаптары кеңестік дәуірде жазылды. Қазақ балалар 
әдебиетінің мазмұны түгелдей кеңестік идеологияға 
бағынды. Идеологиялық қысым салдарынан жыраулар 
поэзиясы, Ш.Уәлиханов, Ш.Құдайбердиев, А.Байтұрсынов, 
М.Дулатов, М.Жұмабаевтар қазақ балалар әдебиеті 
тарихына енбей қалды да, жалпы қазақ балалар әдебиеті 
ӛзінің алдындағы дәстүрлерден тыс зерттелді. 
Балаларға арналған шығармалар, әсіресе, 20-30 
жылдарда жарық кӛрген шығармалар тақырыбына қарай 
қабылданды, кейіпкерлері тӛңкеріс ерлері мен социалистік 
қоғам құрушылары болып табылатын туындылар мақталды, 
кеңестік идеология талабынан шықпайтындары мейлінше 
датталды. С.Сейфуллиннің, Б.Майлиннің, І.Жансүгіровтің 
балаларға арналған шығармаларының ішінен ауыз әдебиеті 
дәстүрінде туған және балалар талғамы ескеріліп жазылған 
туындылары, жеткіншек мінезі мен іс-әрекеті реалистік 
бояумен кӛрінетін шағын кӛлемді әңгімелері, ойнақы, 
жаттауға жеңіл, тақпақ үлгісіндегі ӛлеңдері мен поэмалары 
жетерлік. Оқулықта олардың ой саларлық, ғибрат берерлік 
жақтары сарапқа салынды, кӛркемдік ерекшеліктері 
зерделенді. Идеологияға бой алдырған тұстары да 
ажыратылып кӛрсетілді. 
Ұсынылып отырған оқулықта қазақ қаламгерлерінің 
балаларға арнап жазған шығармалары мен нақты балалар 
ақын-жазушыларының 
туындылары 
жаңа 
кӛзқарас 
тұрғысынан таразыланды. Оқулық мазмұнының ӛзгеруі, 
екінші жағынан, балалар әдебиеті мұрасының сапалық 
елекке түсуіне де байланысты. Бұл ретте, әрине, қазақ 
балалар әдебиетіне арналған хрестоматияның үлесі зор. 
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У



1956 жылы Ш.Ахметовтің құрастыруымен тұңғыш рет 
«Қазақ балалар әдебиетінің хрестоматиясы» жарық кӛрген 
болатын. Хрестоматия 1980 жылы әдеби ӛмірдегі елеулі 
ӛзгерістерге байланысты қайта толықтырылып жасалып, 
екінші рет басылды. Хрестоматияның бұл басылымына 
С.Сейфуллин, Б.Майлин, І.Жансүгіров, Ӛ.Тұрманжанов, 
С.Ерубаев, 
М.Әлімбаев, 
Б.Соқпақбаев 
шығармалары 
енгізілді. 2004-2005 жылдары «Қазақ балалар әдебиетінің 
хрестоматиясы» қоғамдағы елеулі ӛзгерістер мен әдебиетке 
қойылған жаңа талаптарға байланысты толықтырылып, 
түрлі-түсті суреттермен безендіріліп, Ш.Ахметовтің 90 
жылдық мерейтойына арналып үшінші рет басылады. 
Хрестоматия Павлодар педагогикалық колледжі, Павлодар 
мемлекеттік педагогикалық институты оқытушыларының
қатысуымен ӛңделген. Үш кітаптан тұратын хрестоматия 
ішіндегі ӛзгерістер айтарлықтай. Мәселен, хрестоматиянын 
екінші 
кітабына 
М.Ж.Кӛпеев, 
Ш.Құдайбердиев, 
А.Байтұрсынов, Ж.Аймауытов, М.Дулатов, М.Жұмабаев, 
үшінші кітабына М.Жаманбалинов, Ә.Табылдиев, М.Ғұмар, 
Қ.Ыдырысов, Ә.Дүйсенбиев, Ж.Смақов, Қ.Мырзалиев, 
Қ.Баянбаев, Е.Ӛтетілеуұлы және тағы басқа кӛптеген 
қаламгерлер 
туындылары 
кірген. 
Аталмыш 
хрестоматиядағы 
материалдарды 
оқулықтың 
зерттеу 
объектісі етіп пайдалануға тырыстық. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   104




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет