Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі Е



Pdf көрінісі
бет91/104
Дата26.02.2022
өлшемі1,76 Mb.
#133430
түріОқулық
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   104
Байланысты:
Rustemov okulik

3 тарау. М.ӘЛІМБАЕВ 
Ӛлеңдері.
2007 жылы «Балауса» баспасынан жарық 
кӛрген «Балдәурен, балалық» кітабы «Бүлдіршін, бүлдіршін 
күнмен бір күлсін», «Жарқырай бер, жұлдызша», «Табиғат 
тамашалары», 
«Жас 
ұлан, 
асулардан 
ас 
ұлан», 
«Жұмбақтар», «Жаңылтпаштар», «Ән шырқашы әуелетіп», 
«Дастандар», «Аруақты ата-бабалар», «Атамекен аяулы», 
«Атыңның затын анықта», «Айналадағы алуандық» атты он 
екі бӛлімнен тұрады. Ақын жазған ӛлеңдерін, алдымен, 
балалардың ӛздеріне тыңдатады. Олар - балабақшадағы 
бүлдіршіндер, мектеп оқушылары, бауырлары, ӛз балалары, 
туысқандарының, әріптес, жора-жолдастарының балалары, 
немерелері. 
Ақын әр жастағы балалармен сұрақ-жауап арқылы 
сұхбаттасады. «Кімнің баласысың?» деген сұраққа қыз бала 
мен ұл бала тӛмендегіше жауап береді: 
- Қыз! Қыз! 
Сен кімнің қызысың? 
-
Анамның. 
-
Ұл! Ұл! 
Сен кімнің ұлысың? 
- Атамның. 
Ӛлең, сондай-ақ, «Тұз - даланікі, гүл - Отандікі» деген 
тұжырым ұсынады. «Міне, ӛстіп сұрақ-жауап арқылы да 
бүлдіршіндермен 
сұхбаттасып, 
алдымен 
олардың 
жауаптарын тыңдап, мен Тұз бен Гүл арқылы оларға ӛз 
кӛзқарасымды ұсынып, саналарына ой салғым келеді. Қыз 
бен Ұл ӛздігінен назарларын аударып, Тұз бен Гүлдің 
орнына ӛздерін қойьш кӛрсе екен деймін». 
«Менің ойыншықтарым» ӛлеңі соғыстан кейінгі 
кезеңде «Пионер» журналында басылып шығады. 1949 
жылы бұл ӛлеңді ӛзімен қызметтес бір адамның кішкентай 
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У


238 
қызының аузынан естиді. Кішкентай қыз қуыршақпен ойнап 
отырып ӛлеңді жатқа айтады. Жеке шумақтардан құралған 
ӛлеңнен үзінді келтірейік: 
Ашытпайды кӛзіңді, 
Шомыла ғой, балақай! 
Қарашы енді ӛзіңе: 
Аппақ болдың, алақай! 
Түсті түймең үзіліп, 
Неге қадап алмайсың? 
Тұр ғой әне ине-жіп, 
Неге ұқыпты болмайсың? 
Ӛлең жалғыз қуыршаққа ғана емес, ойыншық 
құлыншаққа, бұлбұлға, күшікке, қоянға да арналады. 
Сондықтан ӛлең «Менің ойыншықтарым» деп аталады. 
Ақын ӛлең-жырларының басты тақырыбы - еңбек. 
Еңбек тақырыбындағы ӛлеңнің бірі -«Он саусақ». Ӛлең 
жӛнінде автор былай дейді: «Еңбек қозғалыстан, әрекет 
етуден басталады. Екі саусақты біріктіру де, онымен ине 
ұстау да еңбек. Енді одан әрі не түйме қадалады, не киім 
тігіледі. Ӛстіп еңбек екі саусақтан, аздан, кішкенеден 
ӛрбиді. Сӛйтіп үш саусақ біріксе қалам ұстауға, хат жазуға, 
білім алуға жарайды. Ал, он саусақ кіріссе үй де салынады, 
жол да жасалады. Саусақ арқылы адамдарды меңзеп 
тұрғанымды алғыр балалар ӛздері-ақ аңғарады». 
М.Әлімбаев үшін еңбексүйгіштік пен жалқаулық - егіз 
тақырыптар. Автор еңбекті дәріптеу арқылы жалқаулықты 
әшкерелейді. 
Еріншектікті 
әшкерелеу 
арқылы 
еңбексүйгіштікті мадақтайды. «Егер де...» ӛлеңі тӛрт 
шумақтан тұрады. Жалқау бала атқарылуға тиіс 
шаруаларды істемес үшін күлкі туғызатын сылтаулар 
айтады. «Аяғым су болмаса, бақшаның қарын күрер едім, 
үстіме шаң қонбаса, бақшаны баптар едім, қарым талмаса, 
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У


239 
су әкелер едім, ағаш қатты болмаса, отын жарар едім, 
Жанатты жыламаса жұбатар едім, арифметика болмаса 
сабақты жақсы оқыр едім» деген сылтау иесін автор сын 
тезіне салады: 
Айтайық біз Кәрімге 
Бұл мінезін қоймаса: 
Тындырар ең бәрін де,
Жалқаулығың болмаса. 
Жалқаулықтың неге апарарын түсіндіретін ӛлең - 
«Жалқаудың жауабы». 
Ана есікті жаба салшы, 
Ілгегін де сала салшы. 
Жалқау әрең ыңыранды: 
Жел соқпай ма, 
Сол жаппай ма?! 
Үйдің ішін суық алды... 
Жалқаудың әрекетсіздігінен үйдің іші суып кетті. Есік 
жабуға ерінбегенде бұндай жағдай болмаған болар еді. 
Халық ӛлеңі сарынымен жазылған «Шай қайнатып 
берейін» ӛлеңі екі бӛлімнен тұрады. «Үлкенге - құрмет, 
кішіге - ізет» принципі байқалады. Апатайы Бағилаға шай 
қайнатып, інісі Мерейге сүт пісіріп бермекші болады. 
Апасына деген қамқорлығы «Шайға қанып, терлей ғой, 
ӛзіңді-ӛзің емдей ғой» дегенінен кӛрінеді. Бӛбегіне деген 
жанашырлығы тілекпен ұштасқан: «Әппақ сүтке тоя ғой, 
жылағаның қоя ғой». 
Ақын ӛлеңдері мақсатты. «Санамақ» ӛлеңінің мақсаты - 
бүлдіршіндерге санауды үйрету. Бірден онға дейінгі 
сандардың мәнісін түсіндіре келіп ӛлең соңында былай 
дейді: 
Сан білмеген айта ма, 
Санамақты қайтала! 
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У


240 
Сондай мақсатты ӛлеңнің бірі - «Шынықсаң, шымыр 
боларсың» ӛлеңі. Ӛлең дене шынықтыру жаттығуларының 
жасалуы жӛнінде. 
Сағаттың тіліндей 
Иіліп оңға бір, 
Сағаттың тіліндей 
Иіліп солға бір, 
Сағатқа қарап ап 
Жаттығу оңай-ақ! 
Жаттығу түрлері осылай жалғаса береді. Жаттығу түрлерін 
үйренуге деген талап-тілек және автор тарапынан үйретуге 
деген ықылас осыну ӛлең-нұсқауды дүниеге әкелген. Ӛлең 
суретті кітапша түрінде де жарыққа шықты. 
М.Әлімбаев ӛлеңдерінің кӛпшілігі сұрақ-жауапқа 
құрылады. Оқушыны сұрақ қойып сынайды. «Қайсысы 
дұрыс, қайсысы бұрыс?» ӛлеңінде, алдымен, сұрақ 
қойылады, содан соң бұрыс жауабы кӛлденең тартылады. 
Соңында «Бұл сені сынау, дұрысы мынау» деп дайын 
жауаптарды ұсынады: 
Інінде - жылан, 
Шӛлінде - құлан, 
Тайгада - бұлан, 
Кӛгінде - қыран, 
Елінде- ұлан. 
Ақын сӛзбен сурет салады. Бұл ретте сӛзді үнемді 
пайдаланады. Үнемшілдіктің бір кӛрінісі - «Ай мен Ая» 
ӛлеңі. 
Айдың беті әппақ, 
Аяның беті сатпақ. 
Неге олай? 
Ол былай 
Бұл ай 
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У


241 
Аунамайды жерге, 
Шомылады кӛлге. 
Бейнелі, суретті ӛлең. Автор Ай қадір-қасиетін айту арқылы 
Аяның салақтығын танытқан. Сӛзге үнемшілдіктің тағы бірі 
кӛрінісі - «Орманда» ӛлеңі. Екі-ақ жолдан тұратын ӛлең. 
Отын жардық жұмылып, 
Орман кетті жылынып. 
Бұл ӛлең ӛзіне «еңбек түбі - зейнет» деген ойды еркін 
сыйдырып 
тұр. 
Ақынның 
балаларға 
арналған 
кітапшаларының бірі «Биікке-биікке» деген ӛлеңінің 
атымен аталады. Ӛлеңде астарлы ой бар. 
Кӛктемде, кӛктемде 
Күн нұрын тӛккенде, 
Қар еріп ақты су, 
Жоғары тартты бу. 
Кӛк шыбық былтырғы 
Кӛгерді - құлпырды. 
Құлпырды, құлпырды, 
Жоғары ұмтылды! 
Биікке ұмтылған кӛк шыбық - адам перзенті бӛбекті 
меңзейді. Бӛбектің тілегі де - ӛсу, ӛсіп-жетілу. Адам - 
табиғат перзенті. Адам ӛмірі табиғаттан ажырағысыз. 
Демек, ақын ойы екінші бір құбылыспен астастырыла 
айтылады. 
М.Әлімбаев бір затты екінші затқа, бір құбылысты 
екіншісіне ұқсату әдісін «Күн тоқыған кілем» ӛлеңінде де 
сәтті қолданады. 
Күн кілем тоқиды, 
Нұрмен тоқиды, 
Гүлмен тоқиды. 
Ол - Асыл зер кілем, 
Жалпақ, кең кілем, 
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У


242 
Жерге тең кілем. 
Ол - Сен де сиярлық, 
Мен де сиярлық, 
Ел де сиярлық кілем. 
Күн мен бейбітшілік - егіз ұғымдар. Соңғы шумақтан «жер 
үсті татулығын сақтайық» деген тілек аңғарылады. 
Бала ӛмірін, тірлігін, мінез-құлық, әрекетін табиғат 
құбылыстарымен байланыстыру -ақын ӛлеңдерінің басты 
қасиеті. «Балақай мен қалақай» ӛлеңі аңғал бала мінезі мен 
әрекетіне құрылған. Ӛлеңде сюжет бар. 
Саяхаттап кӛрдік қыр, 
Қырға бардық, тердік гүл 
Айқайлады балақай: 
- Алақай-ау, алақай! 
Жапырақты үземін, 
Гербарий ғып тіземін. 
Ол бүтаны бас салды, 
Міне, шатақ басталды. 
Қарып қалды қалақай, 
Жылап қалды балақай... 
Бұл - табиғат аясындағы бала тірлігі. Дала тартуын 
баяндайтын, танымдық сипаттағы сюжетсіз ӛлеңнің түрі - 
«Мен дала бардым». 
Мен дала бардым
Қыр гүлін берді, 
Кӛл суын берді, 
Күн нүрын берді. 
М.Әлімбаев жыл мезгілдерін жасы кіші бала түсінігіне 
лайық етіп жырлайды. Халықтың маусымдық ӛлеңдері 
дәстүрінде жазылған «Күз келді» ӛлеңінде күздің кӛңілсіз 
кӛрінісі 
лирикалық 
кейіпкер 
атынан 
баяндалады. 
Ерекшелігі, жаңа заман келбеті кӛрінеді. Сондай-ақ, бала 
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У


243 
ұғымына лайық тіл бар. Ӛйткені лирикалық кейіпкер, ол - 
бала. 5 буындық ӛлең ӛлшемі қолданылған. 12 жолдан 
тұрады. «Сарғайды тоғай, сап-сары маңай, соңғы әнін 
айтып, құс кетті қайтып» деген жолдар бала танымын айқын 
береді. Ӛлең соңында «Сонда да бізге қызық кӛп күзде» 
деген тұжырым жасалады. 
«Күз» атты ӛлеңінің бірінші шумағында бір сурет 
екіншісіне жылдам ауысады: 
Ұшты талдан жапырақ 
Сары кӛбелек секілді. 
Аспанда жай шатырлап, 
Тамшы жерге секірді. 
Ӛлең жолдары бала табиғатына үйлес ойнақы шыққан. 
Екінші шумақта ақын даланы еңбеккер алыпқа теңейді: 
Барын беріп халыққа, 
Жұмыстан соң қалжырап. 
Дала ұқсайды алыпқа 
Дамыл алған маужырап. 
Дала ӛлеңде еңбеккер әке, ата мағынасында, ағаш жапырағы 
мен жаңбыр тамшысы перзент ұғымында қолданылған. 
Секіріп ойнаған бӛбек пен жұмыстан шаршап келіп 
демалып жатқан әке бейнелері қылаң береді. Бүлдіршін 
жүрегіне жақын сурет. 
Балалар фольклоры үлгілерінде тамаша жыр туғызған 
ақынның ӛтірік ӛлеңге бет бұруы әбден заңды. «Суайттың 
ӛтірік ӛлеңдерінен» атпен ұсынған шумақтарда ақын алуан 
түрлі ӛлең ӛлшемдерін қолданады. 7, 8, 11 және аралас 
буынды ӛлең ӛлшемдері кездеседі. Авторлық ӛтірік 
ӛлеңдерден халық ӛтірік ӛлеңдері кейіпкерлерімен де 
жүздесеміз, заманына сай жаңа сӛз қолданыстарын да 
кездестіреміз. 
Поезға арттым жалғыз қауырсынды, 
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У


244 
Тарта алмай тепловозың ауырсынды. 
Тышқанға қоса тіркеп беріп едім, 
Жүйткіді әлгі поезд дауыл сынды. 
Сурет салып отырған кішкентай бала кӛлге әкеп тіреп, 
жолды жоғалтады. Ақын жолды кӛлдің арғы жағалауынан 
күрең қарындашпен алып шығады. Жол кӛлге шомылып 
шығады. Осы оқиға негізінде «Жол қайда жоғалды?» ӛлеңі 
туады. 
Жоғалды ма жол оңай, 
Суға кетті-ау. Обал-ай! 
Іздеп жүрсек жан-жақтан, 
Сүңгіп шықты ар жақтан. 
Балалар ақындары ӛлеңдері ішінде мысық жайында 
ӛлең кӛп. М.Әлімбаев ӛлеңі – «Мысық пен құмыра». 
Сүтке толы құмыраны 
Айналшықтап қызығады. 
Тӛңкеріп тастап қарап отыр, 
Енді ернін жалап отыр. 
Ақын кӛргенін қаз-қалпында жеткізген. Бар-жоғы тӛрт 
жолдан тұратын ӛлең. «Басқа пәле - тілден» деген ойды 
«Ұзын тіл» ӛлеңі аңғартады. Тілдің қызармайтын себебі, ол 
- туғаннан-ақ қызыл. Қызармайтын тіл ұялмайды да. 
Адам нанбас сӛз айтып, 
Бӛскен сайын ұзарар 
Сол тіл үшін кӛз тайқып, 
Бет пен құлақ қызарар. 
«Жарқырай бер, жұлдызша» бӛлімі «Монтер ағай» ӛлеңімен 
басталады. Жарық тарататын монтер ағайда бір жылылық 
бар. 
Кӛшеде, үйде, кеңседе 
Жүреді ағай шам жағып. 
Түн ішінде келсе де, 
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У


245 
Ол жүрген жер жап-жарық. 
М.Әлімбаевта омоним сӛздерге, логогриф, шарада, 
метаграммаға құрылған ӛлең түрлері бар. Ӛлең басында 
омоним, логогриф, шарада, метаграмма дегендерге қара 
сӛзбен қысқаша түсінік беріледі. Осындай ішкі жанр 
үлгілерінің мол болуы ақын ізденісі аясының кеңдігін 
байқатады. 
М.Әлімбаев ӛлеңдеріне ән де жазылды. «Мұғалім ол 
біздің», «Бесік жыры» ӛлеңдері бұған дәлел. «Мұғалім ол 
біздің» ӛлеңінде мектеп мұғалімінің бүкіл қадір-қасиеті 
кӛрінеді. Ол қадір-қасиет ұстаз міндетінен шығады. Ұстаз 
міндеті - білім дәні мен ізгілік дәнін егу. Осы міндеттер 
үддесінде қызмет етуші жан бәріне де сыйлы. Ұстаз - 
бәрінен бұрын оқушы қамқоры. «Бесік жыры» халықтың 
дәстүрлі бесік жырын еске салады. Бірақ мазмұндық 
айырым айқын. Ақын бӛбек ұйқысын күш жинау 
тұрғысында түсіндіреді. 
Күш жинап ал, бӛпешім, 
Ер жеткенде шаршама?! 
Сондай-ақ, ұйқы зардабын да айтуды міндет санайды. 
Ұйқышының үлесі аз, - 
Осы бастан біліп қой. 
Ақын ойы еңбек жайындағы қорытынды ойға ойысады: 
Ӛмір сүйген тыншымас, 
Еңбек - нағыз қызық той. 
«Әлди-әлди, бӛбегім, әлдилесін ӛлеңім» деген қайталау 
дәстүрлі бесік жырынан ӛзгеше. Астарлы мәнге ие. 
«Ақынның ең жақсы сыйы - ӛлеңі, сол ӛлең ӛздеріңе 
арналады» деген ой бар. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   104




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет