Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі Е



Pdf көрінісі
бет24/104
Дата26.02.2022
өлшемі1,76 Mb.
#133430
түріОқулық
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   104
Байланысты:
Rustemov okulik

Аңыз әңгімелер
Ӛмірде болған, болып кеткен 
оқиғаларға қатысты туған шығармалар - аңыз әңгімелер. 
Тарихи аңыздар тарихта болған ірі тұлғалар жӛніндегі 
әңгімелер екені мәлім. Тарихи аңыз сюжеті шағын, басты 
қаһармандары тарихи адамдар(Асан қайғы, Жиренше 
шешен, Алдар кӛсе, Қожанасыр, Қорқыт, Абылай, Жошы 
т.б.) болып келеді. Тарихта болған адамдар ішінде халық 
қаһарманы ретінде есте мәңгі қалатыны — Асан қайғы. 
Асан қайғы ӛзінің сын болжаулары арқылы заман жайында 
біршама дерек қалдырған жан. Асан қайғы жайындағы аңыз 
әңгіменің мағыналысы - оның халық үшін жайлы қоныс 
іздеуі жайындағысы. Қиялындағы мекенге «Жерұйық» деп 
ат қояды. Мұндай қиял мекенін орыс аңызы да(«суы - сүт, 
жағасы - балқаймақ») айтқан болатын. Жиренше шешен 
туралы аңыз халық аузында кӛп айтылады. Жиреншеге 
шешендік, тапқырлық, шапшаңдық, қасиеттері тән. Аңыз 
әңгімеде Жиренше зорлықшыл хан жанында жүреді. Хан 
Жиреншенің әйелі Қарашашқа қызығады. Оны адам 
қолынан келмейтін іске жұмсайды. Жиренше арам ханның 
зорлығынан ӛзінің ақыл-айласы, тапқырлығы арқылы 
құтылып отырады. Әйелі Қарашаштың ақылы, қасиеті 
артық. Жиреншеге адал жар. Хан қармағынан құтылу 
жолын 
Қарашаш 
ойлап 
табады, 
ақылдылығының, 
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У


52 
айлалығының арқасында Жиреншенің де омірін сақтап 
қалады, ӛз басын да құтқарады. Алдар кӛсе жайындағы аңыз 
әңгімелердің кӛрнектісі - «Алдардың Шық бермес 
Шығайбайды алдауы». Әңгімеде Алдар дүниеқоңыз байды 
мазақ етеді. Сараң байдың бермесін алады. Ӛткірлік, 
алғырлық, шапшаңдық қасиеттеріне ие Алдар алдампаз 
шайтанның, қомағай саудагердің, арамза бақсының, 
зорлықшыл ханның сазайын тартқызады. Айлаға айла, 
амалға амал қолданады. «Ел қиялы Алдар кӛсенің басына 
сансыз кӛп, шексіз кең оқиға, әңгімелердің бәрін жамай, 
құрай берген. Алдар кӛсенің аты сондықтан да жеке-дара ат 
емес, мысал түрінде жаппай ат болып кеткен»(6,229). 
Қорқыт жайындағы аңыз әңгіменің түрі сан алуан. Бірақ 
бәрінде де Қорқыт ӛлмеске шара іздейді. Ӛлімнен құтылу 
үшін шартарапты кезеді. Қайда барса да, алдынан қазылған 
кӛр шығады. «Бұл Қорқыттың кӛрі» деген жауап естиді. 
Қорқыт - күй атасы. «Қазақ аңызы бойынша, жер жиһан күй 
дегенді естімеген шақта, адам баласы ән-күй білмей түрған 
шақта осы ӛнерді бірінші аспаптың қылына оралтып 
шығарған Қорқыт еді дейді. Сондықтан Қорқыт жер 
үстіндегі күй атасы болды дейді»(6,237). Күй атасы болу 
арқылы Қорқыт ӛлімге қарсы амал тапқан жан болып 
есептеледі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   104




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет