212
«Жол үстінде», «Жас шебер» әңгімелерінде жазушы
балалардың ішкі жан-дүниесіне еркін бойлайды. Шығарма
кейіпкерлері - ӛмір қозғалысына сай қимыл жасайтын
оптимист балалар. Олар ӛздерін үлкен ӛмірдің кішкентай
кірпішіндей сезінеді.
М.Иманжанов ӛз шығармаларында мектеп жұмысын
ӛндірістік оқумен, ӛмірмен тығыз байланыстыра жүргізу
мәселесін кӛтереді. «Алғашқы айлар» повесінің(1950)
әдебиет әлемінде принциптік жаңалығы болды. Шығарма
бастапқыда «Ауыл мұғалімі» деген атпен «Пионер»
журналында басылды. М.Иманжанов «Алғашқы айлар»
повесінде ауыл мұғалімінің ӛмірі туралы жазды. Мектеп
мұғалімерінің әр алуан мінезін бейнеледі. Жақыпбек
мұғалімнің
іскерлігін,
табандылығын
үлгі
етеді.
Жақыпбектің белсенді іс-әрекеті ауыл мәдениетін кӛтеруге,
мектептегі оқу-тәрбие жұмысын жақсартуға жұмсалады. Ол
мектеп пен ӛмірдің байланысын кӛтеру, балаларды еңбекке
баулу ісіне бастамашы болды. Мектеп пен отбасы, мектеп
пен колхоз арасындағы байланыс жайы әңгіме етіледі.
Автор мектеп жұмысының ӛмірмен тығыз байланысты
болуы оқушылардың білімін тиянақты, тұрақты ететінін
және оларды іскер азамат етіп шығаруға баулитынын
дәлелдеп берді. Оқу процесімен қатар балалық шақтың
алуан түрлі сәттері, бала психологиясындағы ерекшеліктер
шынайылықпен кӛрсетіледі.
М.Иманжанов ӛз шығармаларында адам деген ұлы атты
ардақтауды, оның бай сезім күйін жазды. Жазушылық
пафосы мен творчествосының ӛміршең рухы жағынан
М.Иманжанов Саттар Ерубаев пен Баубек Бұлқышевке
ұқсайтын еді.
Достарыңызбен бөлісу: