231
Қасқырды қадай соғып қаңсылатты
Тӛрт батыр сегіз семсер найзасымен.
Қасқыр жолай жолыққан түлкіге халін баяндайды.
Залым түлкі ӛгіздер арасына жік салу қажеттігін айтады.
Түлкі ойындағысын іске асырады. «Әрқайсың әр түбекті
басқарыңдар, жерге шоғырланып тұрмай бәрің...» дегенді
жас ӛгіз дұрыс кӛреді. Үш ӛгізден бӛлінген жас ӛгіз қасқыр
мен түлкіге жем болады Жас ӛгіздің ӛкірген үнін естіп үш
ӛгіз қас қаққанша жетіп барады.
Алданған жас ӛгіздің алды ӛшін,
Қулардың құрбан болған айласына.
Мысал түйіні тӛмендегідей:
Не жетсін бірлік пенен ынтымаққа!
Барлық күш - біле білсек ынтымақта.
Деп халық жай айтпаған, есте сақта!.
«Жалғыз боп жол тапқанша кӛппен адас», -
Ӛ.Тұрманжановтың «Қарлығаш, дәуіт, жылан»
поэмасының да кӛтеретін мәселесі - бірлік. Поэмада
қарлығаш пен дәуіттің ынтымағы үлгі етіледі. Дәуіт
қарлығаштың балапандарын жалмамақ болған жыланды
ӛлтіреді. Тіршілік иелерінің әдісі де бар, әлсізі де бар.
Әлсізге әлдіден қорғану үшін басқамен бірігу керек.
Сондықтан поэмасын автор тӛмендегіше түйіндейді:
Балалар, қашан-дағы бірлік керек!
Әлсізге артық болмас етсек кӛмек.
Жақсылығың ұмытылмас қашан-дағы,
Игілікке дәнекер болсаң себеп.
Достарыңызбен бөлісу: