251
қуады. ФЗО-ға жібереді. Еркін ФЗО-дан қашады. Түрмеге
түседі. Екінші бӛлімде Еркін ӛз ауылынан алыста,
Сарыбелде мұғалім болып жүреді. «Живсырьенің»
қызметкері, ішкі есебі мықты Сегізбаймен араласады.
Басынан бірталай оқиғалар ӛтеді. Еркін студент болады.
Соғыстан кейінгі жылдардағы студенттер тұрмысы
баяндалады. Декан Дәулетбаев пен доцент Беделбаевтардың
іе-әрекеттері есте қалады. Романның үшінші бӛлімінде
Еркін оқу бітіріп Қазақстанның оңтүстік облыстарының
біріне мұғалім болып барады. Еркін үйленген. Әйелі Зағипа
да мұғалім. Мектептегі оқу-тәрбие жұмысы ойдағыдай емес.
Осы мәселелер жӛнінде мектеп директоры Жақыбаев пен
оқу ісінің меңгерушісі Ілиясовпен келісе алмайды.
Б.Соқпақбаев - тақырыпты ӛмірдің ӛзінен алатын
жазушы. Жазушы ӛзінің шығармалары арқылы ӛмірдің
соншалықты күрделі, соншалықты ауыр екендігін мейлінше
шыншыл баяндайды. Қаламгер ӛз шығармасы арқылы
ӛмірдің соншалықты күрделі екенін, ӛмірде әділеттіліктің
сақтала бермейтінін асқан шыншылдықпен баяндап берді.
Достарыңызбен бөлісу: