Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Әрінов Қ. К., Мұсынов Қ. М., Апушев А.Қ



Pdf көрінісі
бет205/490
Дата11.12.2021
өлшемі12,59 Mb.
#79075
1   ...   201   202   203   204   205   206   207   208   ...   490
Байланысты:
index (15)

Егістікті  күтіп-баптау.

  Арпа  егістігін  күтіп-баптау  мынадай 

агротехникалық  шараларды  қарастырады:  себуден  кейін  топырақты 

тығыздау,  көктеуге  дейін  және  көктегеннен  кейін  егістікті  тырмалау, 

ауруларға, зиянкестерге және арамшөптерге қарсы күрес.  

  Тығыздау



 

себуден  кейін  көктем  құрғақ  жылдары  жүргізіледі. 

Мұндай  жағдайда  топырақты  тығыздау  екі  мәселені  шешеді:  себу 

қатарындағы  топырақты  тығыздайды  (нәтижесінде  оның  кебуін 

азайтады)  және  тұқымның  топырақпен  қабысуын  жақсартады  (ал  бұл 

оның бөртуі мен өнуін тездетеді).  

  Егістікті 

тырмалау 

(жеңіл 

және 


орташа 

тырмалармен) 

арамшөптерді  құртуды  көздейді,  40-90%  арамшөп  өсімдіктері  құриды. 

Тырмалаудың  қажеттілігін анықтағанда  арамшөптер  құрамы  ескеріледі. 

Егістікте 

көп 


мөлшерде 

тамырсабақты 

(корневищный) 

және 


атпатамырлы  арамшөптер  болса  бұл  шара  тиімсіз.  Көктегенге  дейінгі 

тырмалау  арпа  өскіндерінің  ұзындығы  тұқым  ұзындығынан  аспаған 

жағдайда  жүргізіледі,  себебі  тырманың тісі  тұқым  тереңдігіне  жетпейді 

де  егістік  аз  зиян  шегеді,  есесіне  арамшөптер  жіпшелері  құриды,  әрі 

топырақ қабықшалары уатылады.  

  Егін  көгін  тырмалау  нәтижесінде  біржылдық  арамшөптер  көгі 

құриды  және  өсімдіктердің  тамыр  жүйесіне  ауаның  енуі  жақсарады. 

Тырмалау арпа өсімдігінің 3-4 жапырақ кезеңінде, өсімдіктер әлденгенде 

жүргізіледі. 

 

Арамшөптерге  қарсы  күрес.

 

Агротехникалық  шаралармен 



арамшөптерді  құрту  мүмкін  болмаған  жағдайда  гербицидтер 

қолданылады.  Арпа  егістігіне  барынша  көп  зиянды  атпатамырлы  және 

тамырсабақты  арамшөптер  келтіреді:  далалық  қалуен,  далалық 

шырмауық,  көген  тамырлы  бидайық  ж.б.  Қазақстанның  көптеген 

аудандарында  біржылдықтардан  кең  тарағандарына  қара  сұлы,  жасыл 

және  көкшіл  сұр  итқонақ  (щетинник)  ақ  алабұта,  құс  тарысы  ж.б. 

жатады. 

  Бірқатар  қосжарнақты  арамшөптерді  құрту  үшін  диален  (1,8-2,0 

кг/га),  октапон  (0,8-1,0  л/га)  ұсынылады.  Қара  сұлыға  қарсы  триаллат 

(авадекс  БВ)  препаратын  қолдануға  болады.  Ол  үшін  себуге  дейін 

немесе  себуден  кейін  бірден  арпа  тұқымының  сіңірілу  тереңдігінен  1-2 

см саяз тереңдікке 2,5-3,5 кг/га мөлшерінде триаллат енгізіледі. Егістікте 

қара  сұлыға  қарсы  (қара  сұлының  3-6  жапырағы  кезеңінде)  иллоксан 

препараты (3,0 кг/га) немесе топик 080 (0,4 л/га) бүркіледі. 




 

220 


  Гербецидтерді егістіктің әрбір шаршы  метрінде екі және одан  көп 

қалуен,  15-тен  артық  қара  сұлы  өсімдігі,  75  итқонақ  немесе  20-70 

азжылдық арамшөптер өсімдіктері болғанда қолданған дұрыс. 

  Егістік арамшөптермен жоғары деңгейде ластанғанда және мәдени 

өсімдіктердің  жиілігі  жеткілікті  болғанда  сирек  егістік  пен  ластануы 

төмен  танаптарға  қарағанда  гербицидтердің  мөлшері  арттырылады 

(кепілдемелер шеңберінде). 

 

Егістікті  зиянкестерден  қорғау.

  Өсімдіктерді  зиянкестерден 

қорғаудың  негізін  агротехникалық  шаралар  кешені  құрайды,  олар  өз 

кезегінде 

зиянкестердің 

таралуын 

шектейді, 

өсімдіктердің 

жарақаттануға  төзімділігін  арттырады.  Зиянкестерге  қарсы  күрес 

шаралары  мыналарды  қамтиды:  ауыспалы  егісті  қолдану,  ерте  сүдігер 

дайындау,  төзімді  сорттарды  таңдап  алу,  оңтайлы  себу  мерзімі  мен 

тұқымның себу мөлшерін қолдану. 

  Солтүстік 

Қазақстан  ж.б.  жағдайында  барынша  қауіпті 

зиянкестерге  швед  шыбыны,  астық  бүргелері  ж.б.  жатады.  Бұл 

зиянкестер жаппай көбейген жылдары оларды құрту үшін пестицидтерді 

қолдануға    тура  келеді.  Мұндай  жағдайда  зиянкестердің  келтіретін 

залалының  экономикалық  шегін  ескеру  қажет.  Егістіктің  көктеу  және 

түптену  кезеңдерінде  сачоктың  100  сермелуіне  30-50  дана  швед 

шыбыны немесе 25-30 дана сабақ бүргелерінің қоңыздары және түптену 

мен  түтіктену  кезеңдерінде  1  ш.м.  егістікте  10-15  астық  пьявицасының 

қоңыздары,  сонымен  қатар  бір  өсімдікте  0,5-1,0  дана  жұмыртқа  немесе 

балапан  құрт  болған  жағдайда  егістік  өңделуге  тиіс.  Аталған 

зиянкестерге  қарсы  БИ-58  (0,8-1,0  л/г)  биологиялық  препаратын 

қолдануға да болады. 

 

Егістікті аурулардан қорғау. 

Жаздық арпа қара күйелер, сары тот, 

ұнтақты  шық  (мучнистая  роса),  тамыр  шірінділері,  септориоз 

ауруларымен  залалданады.  Аурулардың  алдын  алу  шаралары  – 

ауыспалы  егістер,  кеңістік  оқшаулау,  тыңайтқыштарды  тиімді  қолдану, 

тұқымды себуге дайындау (тазалау, іріктеу, құрғақ ауада қыздыру) ж.б. 

Негізінен шаруашылықтарда арпаны аурулардан сақтауда тұқымды улы 

химикаттармен  дәрілеумен  шектелуде.  Алайда  арпаны  аурулардың 

залалдауынан  өсімдіктердің  өсіп-жетілу  кезеңдерінде  де  ойдағыдай 

қорғауға  болады.  Тот  ауруына  қарсы  кем  дегенде  1%  жапырақ  орташа 

деңгейде  залалданғанда  (1  жапыраққа  4-5  пустуладан  келгенде)  ұнтақ 

шық, теңбілділік, септориозға қарсы – кем дегенде 5% өсімдіктер, тамыр 

шірінділерімен  орта  деңгейде  (10-15%)  залалданған  өсімдіктер  болса 

егістік  пестицидтермен  өңделеді.  Ол  үшін  жаздық  бидай  егістігінде 

қолданылатын препараттарды пайдаланған жөн. 

Егінді  жинау.

  Арпаның  пісу  ерекшеліктеріне  төменгілерді 

жатқызуға  болады:  арпаның  дәнінде  құрғақ  заттардың  жинақталуы 

балауызданып  пісудің  соңында  аяқталады,  бидайға  қарағанда,  арпа 

сабаны  әлсіздеу,  тамырында  тұрып  қалған  масақтар  төмен  иілгіш  және 

омырылғыш  келеді.  Осылар  егін  жинауды  күрделендіреді.  Арпаны 




 

221 


тікелей  орып  бастыруға  да,  бөлектеп  жинауға  да  болады.  Егінді  жинау 

тәсілі  сабақ  бітіктігі  күйіне  (жиілігі,  биіктігі),  арамшөптермен  ластану 

деңгейіне, өнім мөлшеріне ж.б. себептерге байланысты өзгереді. 

  Әдетте  арпа  біркелкі  піскенде  (кем  дегенде  90%  толық  піскенде) 

арамшөптерден таза болғанда тікелей  орып бастырылады.  Арпа әркелкі 

піскенде (сабан өркен аралас болса) және арамшөптермен  ластанғанда, 

әрі  өсімдіктердің  биіктігі  60-80  см-ден  төмен  болмағанда  егістік 

бөлектеп  жиналады.  Бұл  жағдайда  негізгі    дақыл  астығының 

ылғалдылығы 25-30%-дан аспауға тиіс немесе толық піскен дәндер 75%-

дан кем емес. Бөлектеп жинаудың нәтижесінде астық таза, сапалы, әрі 5-

7  тәулік  ерте  жиналады.  Дестеге  ЖВН-6  А,  ЖНС-6-12А,  ЖВР-10-03, 

ЖСР-4,9А  аспалы  жаткаларының  бірімен  шабады.  Себу  бағытына 

көлденең шапқан дұрыс, өйткені дестелер аңыз паясына жақсы ұсталады 

да біркелкі дегдиді. 

  Дестелерді  жинау    мен  бастыру  СК-5А,  НИВА,  Джон-Дир  ж.б. 

астықжинағыш  комбайндарымен  іске  асырылады  және  А-54-102-1А 

немесе ППТ-3 подборщиктері пайдаланылады. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   201   202   203   204   205   206   207   208   ...   490




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет