Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Әрінов Қ. К., Мұсынов Қ. М., Апушев А.Қ



Pdf көрінісі
бет278/490
Дата11.12.2021
өлшемі12,59 Mb.
#79075
1   ...   274   275   276   277   278   279   280   281   ...   490
Байланысты:
index (15)

Тыңайтқыш  қолдану  жүйесі.

 

Ғылыми  негізделген  тыңайтқыш 

жүйесін  қолданған  жағдайда  күздік  бидайдың  заманауи  сорттарының 

әлеуетті (потенциалды) өніміне жақын - гектарынан 8,0-9,0 т өнім алуға 

болатыны дәлелденген дерек. Күздік бидайдың қоректік заттарды қажет 

ету  мөлшері  олардың  топырақ  құрамындағы  мөлшеріне,  өсірі 

жағдайына,  өсімдіктің  даму  кезеңіне,  сорттың  ерекшелігіне  тікелей 

байланысты.  Ғылыми  деректерге  қарағанда  Қазақстанның  оңтүстігінде 

(Р.Е.  Елешев,  Т.С.  Смагұлов,  Б.С.Басибеков)  күздік  бидайға  1  ц  өнім 

түзу  үшін  3,0-3,5  кг  азот,  1,0-1,5  кг  фосфор,  2,4-2,5  кг  калий  қажет. 

Жоспарланған  өнімге  қажетті  тыңайтқыш  элементтерінің  мөлшерін 

есептеу нұсқасы төмендегі кестеде келтірілген (Кесте 28). 

Бұл дақылдың қоректік заттарды пайдалануы негізінен үш кезеңнен 

тұрады. Бірінші кезең - тұқым өнгеннен бастап алғашқы жапырақ пайда 

болу  аралығын  камтиды.  Бұл  кезде  ол  фосфор  элементін  көбірек 

пайдаланады,  ал  азот  пен  калийді  тұқым  кұрамындағы  сол 

элементтердің  есебінен  канағаттандырады.  Екінші  кезеңге  -  алғашқы 

жапырақ  пайда  болу  мен  гүлдену  кезең  аралығы  жатады.  Бұл  кезеңде 

өсімдіктің  вегетативтік  мүшелерінің  өсіп-дамуының  қарқынды  жүруіне 

байланысты  күздік  бидай  топырақтан  азот,  фосфор,  калий  тағы  басқа 

қоректік  заттарды  барынша  көп  сіңіреді.  Үшінші  кезең  -  гүлдену  мен 

толық,  піскенге  дейінгі  аралықты  камтиды.  Бұл  кезеңде  дақылдың 

вегетативтік  мүшелерінде  жиналған  қоректік  заттардың  дәнге  жылжуы 

қарқынды  жүреді  де  топырақтан  қоректік  заттардың  өсімдікке  өтуі 

баяулайды  немесе  тоқталады.  Алайда  осы  аталған  қоректену  кезеңдері 

бір-бірімен тығыз байланысты. 




 

293 


Күздік  бидайға  берілетін  минералдық  тыңайтқыш  мөлшерін 

топырақтағы  қоректік  заттар  шамасына,  жоспарланған  өнім  денгейіне 

және алғы дакыл ерекшеліктеріне қарай белгілеудің маңызы орасан зор. 

Күздік бидай ылғалмен өте нашар (жылдық жауын-шашын мөлшері 200-

220  мм),  орташа  (300-400  мм),  мол  (550-600  мм)  қамтамасыз  етілген 

тәлімі  және  суармалы  жерлерде  өсіріледі.  Әрбір  аймақтың  ылғалмен 

камтамасыз  етілуіне  карай  колданылатын  тыңайтқыштың  мөлшері  мен 

мерзімі өзгеріп тұрады. 

 

Кесте  28.  Бағдарламаланған  күздік  бидай  өніміне  қажетті 



тыңайтқыш элементтерінің мөлшерін есептеу нұсқасы 

 

Рет 



саны 

                

                                Көрсеткіштер 

Тыңайтқыш элементтері 

      N 

P

2



O

  K



2



1 т өнім түзуге қажет тыңайтқыш 

элементтерінің мөлшері, кг (М) 

35,0 

15,0 


25,0 

Түзету коэффициенті, К



к 

1,0 


1,3 

1,3 


Бағдарламаланған өнімге (5,0 т/га)  

қажет тыңайтқыш элементтерінің 

мөлшерін есептеу (ЕТМ-есептелген 

тыңайтқыш мөлшері) ЕТМ=ЖӨ×М× К

к

  



5,0×35×1,0 

=175 


5,0×15×1,3 

=96,5 


5,0×25×1,3 

=162,5 


Гектарынан 5,0 т өнім түзу үшін қажет NPK мөлшері = 434 кг ә.з.  

Ылғалмен  өте  нашар  қамтамасыз  етілген  аймақта  күздік  бидайды 

таза  сүріден  кейін  сепкен  дұрыс.  Мысалы,  Казактың  ғылыми-зерттеу 

егіншілік институтының (Е. М. Зенкова, М.И. Рубинштейн) деректеріне 

қарағанда  Алматы  облысының  боз  топырағында  таза  сүріден  кейін 

гектарына  384  кг,  отамалы  дақылдардан  кейін  -  180  кг,  күздіктен  соң  - 

139 кг нитратгы азот калады. 

Жамбыл      облыстық      тәжірибе      стансасының      (Б.С.Бәсібеков)   

дерегі  бойынша  жауын-шашынмен  орташа  қамтамасыз  етілетін  ашық 

кара-қоңыр  топыраққа  орналасқан  төрт  танапты  астықты-сүрілі 

ауыспалы  егіс  дақылдарын  (сүрі  танабы,  күздік  бидай,  күздік  бидай, 

арпа)  тыңайтудың  ең  қолайлы  жүйесі  мынадай:  60  кг  Р

2

О



5

  сүріге 

арналған  танапты  жыртар  алдында,  30  кг  азотты  күздік  бидайды  үстеп 

қоректендіруде  қолданған  дұрыс.  Мұндай  тыңайту  жүйесі  гектарынан 

қосымша 1,23 т күздік бидай астығын жинауды қамтамасыз етеді. 

Күздік  бидай  түсіміне  алғы  дақылдың  әсері  әсіресе  құнарлығы 

төмен  топырақтарда  айқын  байқалады.  Жұргізілген  ғылыми-

зерттеулерге  қарағанда  күздік  бидай  үшін  жақсы  алғы  дақыл  ретінде 

жоңышқа,  қант  қызылшасы,  сүрлемдік  жүгері,  бұршақ  тұқымдас 

дақылдарды пайдалануға болады.  

Сорт  сынау  учаскелерінің  көпжылдық  деректері  бойынша  дәнді 

дақылдардан кейін егілген бидай өнімінің мөлшері гектарынан 2,63-2,87 

т,  қант  қызылшасынан  кейін  4,51-5,01  т,  бұршақтан  кейін  5,0-5,45  т 

болған. 


Фосфор мен калий тыңайтқыштарының тиімділігі топырақтағы осы 

элементтердің 

жылжымалы 

түрлерінің 

шамасына 

байланысты. 




 

294 


Топырақтың  жыртылатын  қабатындағы  1  килограмында  30-35  мг

 

жылжымалы  фосфор  мен  400  мг  алмаспалы  калий  болғанда  күздік 

бидайдың  фосфор  және  калиймен  қоректенуіне  ең  қолайлы  жағдай 

туады.           

Сондықтан 

фосфор, 


калий 

тыңайтқыштарының 

мөлшерін 

топырақтың агрохимиялық картограммасы немесе танап паспорты және 

өнім деңгейі жөніндегі меліметтерді пайдалана отырып белгілген дұрыс. 

Күздік  бидай  егістігіне  15-20  кг  Р

2

О

5



 

түйіршікті  суперфосфат 

түрінде  тұқыммен  бірге  қолданудың  маңызы  зор.  Тыңайтқыш  көп 

мөлшерде  берілетін  кант  қызылшасы,  жүгері,  көкөніс  дақылдарынан 

кейін  себілетін  күздік  бидайға  фосфор  мен  калий  берудің  кажеті  жок, 

өйткені  күздік  бидай  жоғарыда  аталған  дақылдарға  берілген 

тыңайтқыштан  қалған  фосфорды  пайдаланады.  Фосфор  мен  калий 

тыңайтқыштарын  үстеп  қоректендіруге  пайдалану  күздік  өніміне 

айтарлықтай әсер етпейді. 

Күздік  бидай  өнімінің  артуына  органикалық  тыңайтқыштар  да  өте 

тиімді  әсер  етеді.  Мәселен,  Казақтың  ғылыми-зерттеу  егіншілік 

институтының деректері бойынша 20 тонна көң енгізілген тәлімі жердің 

гектарынан  1,5-2,0  ал  суармалы  жерден  5-6  центнер  қосымша  өнім 

жиналады. 

Тыңайтқыштарды  қолдану  мөлшері  мен  мерзімі  күздік  бидай 

сорттарының түріне карай да өзгеріп отырады. Мәселен, Безостая 1 және 

Мироновская  808  сорттарына  минералдық  тыңайткыштардың  (N

60-120


P

60-120



)  әсерінен  Безостая  1  сортынан  15,5-17,1,  Мироновская  808 

сортынан І0,9 - 12,1 ц қосымша өнім алынды. 

Екпе сүрі жердегі дақылға көктемде себералды қопсытуда 20-30 кг азот, 

ал  сепкенде  қатарға  10-15  кг  фосфор  мен  калий  енгізеді.  Сүрі  жерде 

орналасқан дақылды жинағаннан кейін жырту, немесе сыдырту кезінде 15-

20 кг N, 35-50 - Р

2

О

5



, 30-45 кг К

2

О беріледі. 



Күздік  бидай  өнімі  мен  сапасына  микротыңайтқыштарды 

қолданудың  да  маңызы  үлкен.  Қазақтың  егіншілік  ғылыми-зерттеу 

институтының  тәжрибесінде  ашық  қара  қоңыр  топыраққа  себілген 

күздік бидайдың Безостая 1 сортын 0,5% күкірт қышқыл мыс пен күкірт 

қышқыл  мырыш  тұздарының  ерітінділерімен  ерте  көктемде  үстеп 

қоректендіргенде қосымша өнім 3,0-3,6 центнер аралығында болған.                    

Ауыр  сазды  және  құм  топырақтарда  жасыл  тыңайтқыштар  ретінде 

пайдалану  үшін  көгін  жыртып  тастайтын  бөрібұршақ,  сиыржоңышқа  және 

басқа да сидераттар себу жақсы нәтиже береді. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   274   275   276   277   278   279   280   281   ...   490




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет