Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Әрінов Қ. К., Мұсынов Қ. М., Апушев А.Қ



Pdf көрінісі
бет401/490
Дата11.12.2021
өлшемі12,59 Mb.
#79075
1   ...   397   398   399   400   401   402   403   404   ...   490
Байланысты:
index (15)

Тұқымдылар

  тобына  шатырша  тұқымдастығына    жататын 

өсімдіктер  кіреді,  олардың  піскен  тұқымдары  маңызды  эфир  майын 

алатын  көздерге  жатады,  өндірістік  маңызы  бар  өкілдері  –  кориандр, 

анис, зере, тмин және фенхель. 

Шөптесін

 эфир майы шикізатын беретін өсімдіктерге және  эфир 

майларын  жер  бетіндегі  органдарында,  негізінен  жапырақтарында, 

жинаушылар  қатарына  ерінгүлділер  тұқымдастығы  жатады.  Оған 

жалбыз  (мята),  басқа  тұқымдастардан  осы  топқа  герань,  эвкалипт  және 

т.б.  кіреді. 



Гүлді

  топтар  құрамына  эфир  майы  гүлдің  желек  және 

тостаған  жапырақшаларында,  көбінесе  гүл  шоғырында  болады 

(раушангүл, мускатты шалфей т.б.) 



Тамырдан

  алынатын  эфир  майлы  шикізат  беретін  өсімдіктерге, 

яғни майы тамырында жиналатындарға: ирис, аир және т.б. жатады. 

Шетелдерге  эфир  майлы  шикізатты  ағаш  түрлерінен  алады. 

Олардан майды ағашты өңдеу жолымен өндіреді. 

Республикада  және  ТМД  елдерінде  егіс  көлемі  және  өндірілген 

эфир  майының  мөлшеріне  қарай  жетекші  орынды  кориандр,  бұрышты 

жалбыз,  мускатты  шатыраш  (шалфей),  анис,  тмин  және  фенхель 

иеленеді. 

Еліміздегі  аталған  дақылдардан  өндірілген  эфир  майларын  негізгі 

тұтынушы  парфюмериялық және  косметикалық  өнеркәсіптер.  Сонымен 

қатар,  эфир  майларын  тамақ  өнеркәсібінде,  кондитер  бұйымдарын 

дайындауда,  алкогольсіз  сусындар,  балық,  көкөніс  консервілерін,  арақ- 

шарап  жасауда  пайдаланады.  Кейбір  эфир  майлары  медицинада  және 

ветеринарияда  қолданылады.  Көптеген  эфир  майлы  дақылдар 

тұқымдары  мен  жемістерінде  эфир  майымен  бірге  басқа  майдың  болуы 

оларды техникалық мақсаттарда пайдалануға мүмкіндік жасайды. Майы 

сығылғаннан  кейінгі  қалған  қалдық-күнжарасы  –  жануарлар  мен 

құстарға бағалы мал азығы. 

Шатырша және ерінгүлді тұқымдастардың барлық өсімдіктері-бал 

жинаушы дақылдар. 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   397   398   399   400   401   402   403   404   ...   490




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет