Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Әрінов Қ. К., Мұсынов Қ. М., Апушев А.Қ


Ү – ТАРАУ. ТҮЙНЕКЖЕМІСТЕР. КАРТОП



Pdf көрінісі
бет414/490
Дата11.12.2021
өлшемі12,59 Mb.
#79075
1   ...   410   411   412   413   414   415   416   417   ...   490
Байланысты:
index (15)

Ү – ТАРАУ. ТҮЙНЕКЖЕМІСТЕР. КАРТОП. 

 

5.1  КАРТОП 

 

Халық  шаруашылығындағы  маңызы,  таралуы,  өнімі.

  Халық 


арасында  «Нан-астық  атасы,  картоп-анасы»,  «Картоп-нанға  қосымша» 

немесе  «Картоп-нанға  үнем».  Шындығында,  картоп  –  жан-жақты 

пайдаланылатын  маңызды  ауыл  шаруашылығы  дақылы.  Картоптың 

түйнегі,  ең  алдымен,  тағамға  кеңінен  және  әртүрде  қолданылады.  Бір 

килограмм  түйнек  840  калорияға  дейін  және  адамның  тәуліктік 

рационында  айтарлықтай  орын  алады,  сондықтан  оны  заңды  түрде 

«екінші нан» деп атайды. 

Картоп түйнегінде 25%-ға таяу құрғақ зат болады, оның ішінде 14-

22% крахмал, 1,4-3% белок, 1%-ға таяу клетчатка, 0,2-0,3% май, 0,8-1% 

күл  болады.  Картоп  белогі  өзінің  құндылығы  жағынан  дәнді  дақылдар 

белогінен анағұрлым жоғары бағаланады, өйткені оның құрамында адам 

және  жануарлар  ағзасында  (организмінде)  синтезделмейтін  амин 

қышқылдары – ванилин, лизин, триптофан, лейцин ж.б. бар, 



 

399 


Картоп  түйнегі  адам  ағзасының  қалыпты  қызметіне  өте  қажетті 

көптеген  бағалы  дәрумендер  –  аскорбин  қышқылы  (С  дәрумені),  В,  А, 

РР,  К  дәрумендер  тобы  мен  минералды  тұздардың  (Менделеевтің 

периодтық  жүйесінің  22  элементі  –  темір,  кальций,  магний,  натрий, 

фосфор, йод ж.б.) маңызды көзі. 

Егер  тауық  жұмыртқасының  биологиялық  құндылығын  100%  деп 

есептесек,  онда  бидай  белогінің  құндылығы  63-65%,  ал  картопта  –  84-

85%. Біздің елімізде тағам, тігін, қағаз және басқа өнеркәсіп салаларына 

қажетті  крахмал  өндірісінің  негізгі  шикізаты  болып  табылады.  Одан 

спирт,  глюкоза,  декстрин,  көмір  қышқылын  ж.б.  өндіреді.  Құрамында 

17% крахмалы бар бір тонна түйнектен орта есеппен 112 л спирт, 55 кг 

сұйық  көмір-қышқылын,  39,0  кг  сивуш  майын  немесе  170  кг  крахмал 

мен  100,0  кг  картоп  ұнын  немесе  80  кг  глюкоза  мен  65  кг  гидрол 

өндіруге болады. 

Картоп,  әсіресе сауын малы, шошқа және құстар үшін малазықтық 

дақыл  ретінде  де  жоғары  бағаланады.  Мал  азығына  түйнектер,  сабақ-

жапырағы  және  өнеркәсіптік  өңдеудің қосымша  өнімдері  (барда,  мезге) 

пайдаланылады. 100 кг картоп түйнегінде 31 азықтық өлшем және 1,6 кг 

қорытылған  протеин  бар.  Картоптың  сабақ-жапырағы  тамыржемістер, 

қырыққабат  жапырақтары  және  жүгерімен  қоспалары  мал  тәбетпен 

жейтін тамаша сүрлем береді. Картоптың әр гектардан 150 ц түйнек пен 

80  ц  сабаңжапырақ  өнімінің  малазықтық  құндылығы  шамамен  5500 

азықтық өлшемге (а.ө.) тең. 

Картоптың  агротехникалық  және  агро-экономикалық  маңызы  да 

зор.  Отамалы  дақыл  ретінде  ол  көптеген  ауыл  шаруашылығы 

дақылдарына  жақсы  алғы  дақыл,  мелиорация  мен  тыңайтқышқа 

қайтарымы  мол.  Жоғары  агротехника  жағдайында  бір  орынға  қайта 

отырғызуға,  тіпті  дара  дақыл  ретінде  өсіруге  болады.  Сонымен  қатар, 

картоп бір өлшем жерде жоғары өнім құрайтын потенциалды мүмкіндігі 

бар өнімді танаптық дақылдардың бірі. «Танаптарда картоп өсіру,  - деп 

жазған  кезінде  Ресей  ғалымы  академик Д.Н.  Прянишников,  -  бұрын бір 

масақ өскен жерде енді үш масақ алуға болады деген сөз». 

Картоптың  шыққан  тегі  –  Оңтүстік  Америка,  ол  біздің  жыл 

санауымыздан, 1-2 мың жыл бұрын өсіріле бастаған. Европаға (Испания) 

картоп  16-ғасырда  әкелінген.  Бұл  дақылдың  Ресейде  таралуын  дәнді 

дақылдардың  егін  өнімінің  жиі  түрде  төмен  болғандығымен  және  18-

ғасырдың  екінші  жартысымен  түсіндіріледі.  Картоп  көршілес  Ресей 

елінде  таралуы  әрі  қызық,  әрі  қайғылы  жағдайда  өрбіді  және  халық 

толқуларымен қабаттасып жүрді. 

Қазіргі кезеңде картоп барлық континенттерде өсіріледі, жалпы егіс 

аумағы шамамен 23,0 млн гектарға тең. ТМД елдеріндегі жалпы картоп 

түсімі  бүкіл  дүниежүзілік  өндірістің  үштен  бірін  қамтиды  (негізгі 

өндірушілері  Ресей  Федерациясы,  Украина,  Беларусь,  Балтық  бойы 

елдері, Қазақстан ж.б.). 




 

400 


Солтүстік  Қазақстанда  картоп  салыстырмалы  түрде  жаңа  дақыл. 

Оның  алғашқы  алқаптары  19-ғасырдың  орта  шенінде  орыс 

көшпенділерімен  салынған  және  20-ғасырдың  30-жылдарына  дейін 

егістік  аумағы  шамалы  болды  және  тауарлы  сипатқа  ие  бола  алмады. 

Картоп  өндірісінің  айтарлықтай  өсуі  бұл  аймақта  тың  және  тыңайған 

жерлерді  игерумен  байланысты  болды.  Бұл  кезде  ауыл  және  қала 

тұрғындарының  көбеюі  картоп  шаруашылығының  берік  базасын 

жасауды  талап  етті.  Бұл  күндері  Солтүстік  Қазақстанның  төрт  облысы 

мен  Орталық  Қазақстанда  (Қарағанды  обл.)  Республикамыздағы  бүкіл 

картоп егістігінің 60 % (шамамен 170 мың га) шоғырланған (Кесте 35). 

 

Кесте  35.  Облыстар  бойынша  картоп  егістігінің  аумағы  (2004  ж., 



мың га) 

 

 



Облыстар, 

қала 


Барлық 

шаруашылық 

категориялары 

оның ішінде 

ауыл 

шаруашылығы 



мекемелері 

шаруа (фермер) 

шаруашылықтары 

үй 


шаруашылығы 

Қазақст


анда 

169,1 


6.4 

26 


136.7 

оның 


ішінде    

Ақмола 


16,9 

0,7 


0,1 

16,1 


Ақтөбе 

6,1 


0,3 

0,5 


5,3 

Алмат


ы 

34 


0,8 

13 


20,2 

Атырау 


 

0,2 



0,8 

ШҚО 


27 

0,6 


1,9 

24,5 


Жамбы

л 



0,4 

1,8 


3,8 

БҚО 


 

0,5 



3,5 

Қараға


нды 

10,3 


1,6 

1,2 


7,5 

Қостан


ай 

9,9 


0,4 

0,7 


8,8 

Қызыл


орда 

7,9 


0,1 

0,2 


7,6 

Павлод


ар 

12,1 


0,4 

1,9 


9,8 

СҚО 


22,5 

0,5 


0,5 

21,5 


ОҚО 

10,2 


0,3 

3,5 


6,4 

Астана 


қ. 

1,1 


0,3 

 

0,8 



Алмат

ы қ. 


0,1 

 

 



0,1 

Барлығ


ы 

166,8 


5,7 

22,2 


138,9 

   



 

401 


Қазақстанда  картоп  өнімі  2004  жылы  орта  есеппен  барлық 

шаруашылық нысандарында 134,0 ц/га болды (Кесте 36) 

Дүние  жүзінде  барлық  өндірілген  картоптың  60%  азық-түлікке 

жұмсалады, ал ТМД елдерінде бұл көрсеткіш айтарлықтай төмен. Біздің 

елімізде жекелеген жылдары өндірілген картоптың үштен бірі ғана азық-

түлікке  пайдаланылады,  көп  бөлігі  шығынға  ұшырайды,  ал  дамыған 

АҚШ-да картоп шығыны 5% ғана құрайды екен. 

 

 



 

Кесте 36. Облыстар бойынша картоптың өнімділігі (2004 ж., ц/га) 

  

Облыстар 



 

 

Барлық 



шаруашылық 

категориялары 

 

 

оның ішінде 



ауыл 

шаруашылығы 

мекемелері 

шаруа (фермер) 

шаруашылықтары 

үй 


шаруашылығы 

Қазақстанда 

134 

121,1 


148,6 

131,8 


оның ішінде 

Ақмола 


 

107,1 


 

56,9 


 

78,6 


 

109,5 


Ақтөбе 

115 


60,7 

111,9 


118,6 

Алматы 


154,8 

130,6 


153,4 

156,7 


Атырау 

107,8 


61,2 

103,6 


111,3 

ШҚО 


135,9 

110,1 


103,9 

138,9 


Жамбыл 

170 


89,5 

            

188,4 


167,2 

БҚО 


83,4 

64,2 


94,2 

82,2 


Қарағанды 

164,2 


183,3 

167,2 


159,8 

 

Жан басына шаққанда картоптың пайдалануы ТМД елдерінде – 120 



кг, АҚШ-да – 60 кг, Қазақстанда – 90 кг. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   410   411   412   413   414   415   416   417   ...   490




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет