Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Әрінов Қ. К., Мұсынов Қ. М., Апушев А.Қ


Өсімдік  шаруашылығы  –  ғылыми  пән



Pdf көрінісі
бет42/490
Дата11.12.2021
өлшемі12,59 Mb.
#79075
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   490
Байланысты:
index (15)

Өсімдік  шаруашылығы  –  ғылыми  пән

.  Ауыл  шаруашылығы 

өндірісінің  алдында  тұрған  үлкен  міндеттерді  шешуде  өсімдік 

шаруашылығының ғылыми пән ретінде атқаратын рөлі зор. 

Өсімдік  шаруашылығы  ғылыми  пән  ретінде  XVIII–ғасырдан 

бастау  алады  және  оның  дамуына  үлкен  үлес  қосқан  жақын  шетел 

ғалымдары, оның ішінде М.В. Ломоносов (Ресей ғылым академиясында 

«егіншілік  сыныбын»  ашқан  ғалым),  И.И.  Комов  («Егіншілік  жөнінде» 

атты  кітап  жазған),  ал  XIX  ғ.  басында  А.Т.  Болотов  (топырақ  өңдеу, 

тыңайтқыш  енгізу  мәселелерін  зерттеген,  құнды  ұсыныстар  жасаған) 

сияқты  Ресей  ғалымдарын  атап  өтуге    болады.  Алайда  өсімдік 

шаруашылығының  ғылым  ретінде  қарқынды  зерттеу,  ғылыми 

жетістіктерді  жарнамалау  мақсатында  ірі  ғылыми  жұмыстар  жазу 

бағытында жемісті еңбектерімен  XIX ғасыр мен XX ғ. басында ресейдің 

ұлы  ғалымдары  К.А.  Тимирязев,  И.А.  Стебут,  Д.Н.  Прянишников,  Н.И. 

Вавилов іске асырды. 

-  К.А.Тимирязев,  фотосинтез  ілімін  жасауда  ірі  эксперименттік 

зерттеулер  жүргізіп,  солардың  негізінде  әлемге  әйгілі  «Өсімдіктер 

тіршілігі» ж.б. классикалық ғылыми еңбектер жазып қалдырған. 

-  И.А.Стебут,  тұңғыш  рет  танаптық  дақылдарды  өсіру  жөніндегі 

шашыраңқы материалдарды біріктіріп, ірі-ірі ғылыми еңбектер жазған. 

-  Д.Н.Прянишников,  өсімдіктердің  қоректенуі  және  тыңайтқыштар 

қолдану мәселелерін (проблемаларын) зерттеген. 



 

24 


-  Н.И.Вавилов,  өсімдік  шаруашылығы,  мәдени  өсімдіктердің 

биологиясы,  систематикасы  (жүйелеуі)  және  таралу  географиясы 

жағынан  баға  жетпес  құнды  үлес  қосқан  (оның  «Мәдени  өсімдіктердің 

дүниежүзілік  шығу  орталықтары»,  «Гомологтық  қатарлар  заңдары» 

ілімін әлем мойындаған). 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   490




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет