Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Әрінов Қ. К., Мұсынов Қ. М., Апушев А.Қ


Қант  қызылшасы  тамыржемісінің  (бірінші  жылғы)  өсіру



Pdf көрінісі
бет446/490
Дата11.12.2021
өлшемі12,59 Mb.
#79075
1   ...   442   443   444   445   446   447   448   449   ...   490
Байланысты:
index (15)

Қант  қызылшасы  тамыржемісінің  (бірінші  жылғы)  өсіру 

технологиясы.

  Ауыспалы  егістегі  орны  және  жақсы  алғы 

дақылдары. 

Қант  қызылшасы  тәтті  түбірінің өнімділігін және  сапасын 

жоғарылатуда  арнайы  ауыспалы  егісте  дақылдың  аурулары  мен 

зиянкестерімен  тиімді  күресуге  мүмкіндік  туады.  Қазақтың  егіншілік 

ғылыми  зерттеу  институты  қызылша  өсіретін  аудандарға  7-8  танапты 

(жоңышқа  қызылшалы)  арнайы  ауыспалы  егіс  кескіндерін  ұсынған 

болатын. 

Қазіргі  жағдайда  фермерлік  шаруашылықтарға  арналып,  екі  үш 

танапты  ауыспалы  егістер  енгізілуде  (Байоразов  А.,  2006).  Мұндай 

қысқа ротациялы ауыспалы егісте қант қызылшасына жақсы алғы дақыл 

ретінде майбұршақ, картоп және мақсары ұсынылады. 

Әрине,


 

қант  қызылшасынан  жоғары  өнім  алу  үшін  оны 

арамшөптерден  таза,  ылғал  мен  қоректік  заттар  жеткілікті  танаптарға 

орналастыру керек. 

Қант  қызылшасы  топырақтан  көп  мөлшерде  қоректік  заттар 

пайдаланатындықтан  және  оның  тамырында  көптеген  зиянды  ұсақ 

ағзалар орналасуынан қайталама егісті нашар көтереді. Қайта егісте қант 

қызылшасы  зиянкестер  мен  аурулардан  көп  зардап  шегеді,  әсіресе 

тозған жерлерде. 

Қант  қызылшасын  бәрінен  бұрын  жақсы  өңделген,  тыңайтылған 

ерте  екпе  сүрі  жерден  кейін  орналастырған  дұрыс.  Егер  күздіктер  таза 

сүрі  жерге  себілген  болса,  онда  ол  танапты  бірінші  кезекте  қант 

қызылшасына пайдалану қажет. 

Ылғал  жеткілікті  аймақтарда  қант  қызылшасына,  әдетте  таза  сүрі 

жерден  кейін  себілген  күздіктер  жақсы  алғы  дақыл  болады.  Бұршақ 

дақылдарынан кейін себілсе де қант қызылшасы жақсы өнім береді. 

Суармалы  жерлерде  қант  қызылшасының  тамаша  алғы  дақылы 

жоңышқадан  және  сүрлемдік  жүгеріден  кейін  себілген  күздіктер  болып 

есептелінеді.  Бұл  жерлерде  сүрлемдік  жүгері,  картоп  және  көкөніс 

дақылдары да жаман алғы дақыл болмайды. 

Қант қызылшасынан кейін жаздық дәнді және бұршақты дақылдар 

жақсы өнім береді. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   442   443   444   445   446   447   448   449   ...   490




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет