Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Әрінов Қ. К., Мұсынов Қ. М., Апушев А.Қ



Pdf көрінісі
бет150/490
Дата11.12.2021
өлшемі12,59 Mb.
#79075
1   ...   146   147   148   149   150   151   152   153   ...   490
Байланысты:
index (15)

 

 

ІІІ - ТАРАУ. ДӘНДІ ДАҚЫЛДАР 

 

3.1 Дәнді астық дақылдарының жалпы сипаттамасы 

 


 

156 


Халық  шаруашылығындағы  маңызы.

  Дәнді  дақылдардың  халық 

шаруашылығындағы  аса  жоғары  маңызы  олардың  өнімінің  жоғары 

құндылығы мен жан-жақты пайдалану мүмкіндігімен анықталады. 

Астық (дән) адамзатқа азық-түліктің негізгі көзі, ауыл шаруашылық 

малдарына мал азығы, өнеркәсіпке шикізат болып табылады. 

Дәндегі  азотта  қосылыстар  мен  көмірсуларының  (углеводтар)  ара 

қатынасы  1:5  –  1:6.  Дәл  осындай  құрам  адам  ағзасының  қажетсінуін 

барынша толық қанағаттандырады. Сондықтан нан негізгі азық-түліктің 

бірінен  есептеледі.  Басқа  кең  тараған  азық-түліктік  өнімдердегі  ақуыз 

(белок)  пен  көмірсуларының  ара-қатынасы  басқаша  түрде.  Мәселен, 

картопта – 1:10, дәнді бұршақ өнімдерінде – 1:2, тіпті 2:1 дейін өзгереді. 

Дәнді дақылдардың мал шаруашылығындағы маңызы да төмен емес 

(Кесте 22). 

Астық  өнеркәсіпке  шикізат  бола  отырып  сыра  қайнату,  крахмал, 

спирт ж.б. көптеген өнеркәсіптік өңдеуде қолданылады. 

Әртүрлі 

бағытта 


пайдаланумен 

бірге 


астық 

халық 


шаруашылығында  маңызы  бар  бірқатар  қасиеттерімен  ерекшеленеді: 

астық ылғалдылығы 14%-дан аспағанда ұзақ уақыт бойы сақталады және 

сапасы  төмендемейді,  жылдық  орташа  табиғи  шығыны  2-3%-дан 

аспайды.  Сондықтан  дүние  жүзілік  азық-түлік  қоры  негізінен  астық 

есебінен  қанағаттандырылады.  Құрамында  судың  мөлшері  аз  мөлшерде 

болатындықтан 

астық 

кезкелген 



көлік 

құралдарымен 

жеңіл 

тасымалданады,  оның  үстіне  жоғары  және  төмен  температура  әсерінен 



бұзылмайды.   

 

 Кесте 22.



 

Дәнді астық дақылдарының қоректік құндылығы 

 

 

Дақыл 



 

 

1 кг астықтағы мөлшері 



құрғақ 

зат 


азықтық 

өлшем,  


а.ө. 

сіңімді шикі 

ақуыз (протеин), 

г 

каль-



ций, г 

фос-


фор, г 

каро-


тин, 

мг 


Бидай 

    0,87 

1,20 

117 


0,6 

4,8 


Күздік  қара 

бидай 

    0,87 



1,18 

102 


0,8 

3,4 


Арпа 


    0,87 

1,21 


81 

1,2 


3,3 

Сұлы 



    0,87 

1,00 


85 

1,4 


3,3 

 



Астық  пен  оның  өңдеуден  кейінгі  өнімдерінің  жоғары  сапалығы 

ауыл шаруашылығында астық өндірісін алдыңғы қатарға шығарды, ауыл 

шаруашылығы өндірісінің негізі етті. 

Жер  шарында  дәнді  дақылдардың  егістік  аумағы  жыл  сайын  бүкіл 

өңделетін  жерлердің  үштен  бір  (1/3)  бөлігін  алады.  Қазақстанда  2009 

жылы дәнді дақылдардың егістік аумағы 17,2 млн. га құрады. 

Адамның  қоректенуіндегі  энергия  көздерінің  арасында  астық 

құқылы  түрде  бірінші  орынды  иеленеді.  Ол  ақуыздың,  В  тобы 

дәрумендерінің және минералды заттардың басты көзі болып табылады.  



 

157 


Көптеген  түрлерінің,  жаздық  және  күздік  түрі  мен  сорттарының 

болуы  дәнді  дақылдарды  әртүрлі  топырақ-климат  жағдайларында 

өсіруге  мүмкіндік  береді.  Сондықтан  Қазақстанның  жыртынды 

жерлерінде  астық  дақылдарының  үлесі  үлкен  және  бұл  ерекшелік 

экономикалық жағдайлармен де тікелей байланысты. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   146   147   148   149   150   151   152   153   ...   490




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет