Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Әрінов Қ. К., Мұсынов Қ. М., Апушев А.Қ



Pdf көрінісі
бет230/490
Дата11.12.2021
өлшемі12,59 Mb.
#79075
1   ...   226   227   228   229   230   231   232   233   ...   490
Байланысты:
index (15)

ауыспалы  егістер 

ұсынылады

:  


1.

 

Сүрі танабы, бидай, қарақұмық, бидай, бидай; 



2.

 

Сүрі танабы, бидай, жүгері, қарақұмық, бидай; 



3.

 

Сүрі танабы, бидай, бидай, дәндібұршақ дақылдары, қарақұмық, 



бидай. 

Топырақты  өңдеу

.  Қарақұмық  дақылына  топырақ  өңдеуге  негізгі 

агрошаралар  барынша  мол  ылғал  қорын  жинақтауға  және  сақтауға  әрі 

танаптарды  арамшөптерден  тазартуға  бағытталуға  тиіс.  Топырақты 

қарақұмыққа күзде және көктемде өңдейді.  



 

247 


Құрғақшылықты  аудандарда  және  топырақтың  жел-су  эрозиясына 

ұшырайтын  аудандарда  топырақ  бетіне  егін  паясын  қалдыра  отырып 

жазықтілгішті  топырақ  өңдеу  жүргізіледі.  Бұл  қалың  қар  қабатын 

қалыптастыруға  мүмкіндік  жасайды,  ылғалдың  булануын,  судың  ағып 

кетуін  және  топырақтың  шайылуын  азайтады.  КПШ-9,  КПШ-5,  ПГ-3-5, 

КТС-10-2 ж.б. құралдарды қолдануға болады.   

Ғылым  мен  өндірістік  іссана  дәлелденгендей,  ерте  (тамыз  айында) 

сүдігер  және  арамшөптердің  егін  көгін  құрту  мақсатымен  кейіннен 

жүргізілген жартылай сүрі танапты топырақ өңдеу қарақұмықтың астық 

өнімін барынша арттырады. 

Ылғал  жинақтау  мақсатымен  қыста  қар  тоқтатылады  (СВШ-7, 

СВШ-10,  СВУ-2,6),  көктемде  арамшөптердің  жаппай  көктеуіне  қарай 

тұқымның  сіңіру  тереңдігіне  аралық  культивация  жүргізіледі  (КТС-10-

01,  КПШ-9,  КПШ-5  ж.б.).  Себу  алдында  культивацияны  ОП-8,  ОП-12 

немесе  басқа  құралдармен  іске  асырады.  Барлық  өңдеулер  міндетті 

түрде бір мезгілде тырмалаумен қабыстырылады (БЗСС-1,0).  

Арамшөп  тұқымдарының  көктеуін  тездету  және  топырақ  бетін 

тегістеу үшін танаптар тығыздалады (ЗККШ-6, ЗККН-2,8). 

Күзде  жазық  тілгіштермен  терең  қопсытылған  танаптарда  ерте 

көктемде  ине  тісті    БИГ-3,  БМШ-15,  БМШ-20  құралдарымен  ылғал 

жабылады.  Себу  алдындағы  топырақ  өңдеу  КТШ-9,  КТС-10-01,  КПЭ-

3,8А  ж.б.  құралдардың  бірін  штангалы  құрылымдарды  тіркеп  іске 

асырылады.  

 

Қарақұмық  егістігінде  тыңайтқыш  қолдану  оның  астық  өнімін 



арттырудағы маңызды буын болып табылады.  Оның 

әрбір 


центнер 

астық  өнімі  мен  соған  сәйкес  сабаны  топырақтан  4,4  кг  азот,  2,5  кг 

фосфор,  3,3  кг  калий  шығындайды.  Қазақстан  топырақтарының 

көпшілігінде  фосфор  жеткіліксіз,  ал  азот  пен  калий  жеткілікті  деп 

есептеледі.  Сондықтан  топырақты  негізгі  өңдегенде  немесе  себумен 

қатар фосфор тыңайтқышын енгізген дұрыс, ал бұл астық өнімін 1,5-2,0 

ц/га және одан да жоғары арттырады, қарақұмықтың пісуін жеделдетеді. 

Ылғалды  үнемді  пайдалануға  мүмкіндік  жасайды,  әрі  астық  сапасын 

жақсартады.  Дақыл  үшін  топырақтағы  азот  пен  фосфордың 

теңдестірілгені  маңызды.  Азоттың  артық  мөлшерінен  өсімдіктер 

«майланады»,  жақсы  өседі,  алайда  нашар  жемістенеді;  азоты  жетімсіз 

топырақтарда әрі мардымсыз өседі, әрі күтілген өнімді бере алмайды. 

Қарақұмықтың  өнімділігі  және  тыңайтқыштардың  тиімділігі 

топырақтағы  қоректік  заттардың  мөлшері  мен  олардың  арақатынасына, 

ең  алдымен,  азот  пен  фосфорға  тікелей  байланысты;  қарақұмыққа 

тыңайтқыш қолдану жармаға есептегенде  тіпті 0,1 ц/га нақты қосымша 

өнімнің 

өзі 


экономикалық 

тұрғыдан 

тиімді; 

қолданылған 

тыңайтқыштардың  тиімділігі  табиғи,  қоректену  элементтерімен 

қамтамасыз  етілмеген,  топырақ  аясында  барынша  жоғары.  Топырақтың 

фосфор  ережесін  (режимін)  күшейтуден  фосфор  тыңайтқыштарының 

тиімділігі әлсірейді де, азотты тыңайтқыштардың әсері күшейеді. 




 

248 


 

Көп  жылдар  бойы  Солтүстік  Қазақстанның  топырақтарында 

тыңайтқыш  қолданаылмағандықтан  және  сіңімді  қоректік  заттардың 

жетімсіздігінен  дақылдар  өнімі  мен  сапасы  төмендеуде.  «С.Сейфуллин 

атындағы  ҚазАту»  АҚ-ның  ғалымдарының  зерттеулері  көрсеткендей 

(В.Г.Черненок 

ж.б.), 

тіпті 


құрғақшылық 

жылдардың 

өзінде 

қарақұмықтың  астық өнімі фосфор  тыңайтқышынан  1,2-1,3  ц/га  немесе 

36,4-39,4 % артты  (бақылау вариантындағы өнімі - 3,3 ц/га болғанда), ал 

азот тыңайтқышынан ол көрсеткіштер тиісінше - 1,4-1,5 ц/га, 42,4-45,5% 

болды.  



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   226   227   228   229   230   231   232   233   ...   490




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет