Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Әрінов Қ. К., Мұсынов Қ. М., Апушев А.Қ


 КҮЗДІК АСТЫҚ ДАҚЫЛДАРЫ  (жалпы сипаттамасы)



Pdf көрінісі
бет263/490
Дата11.12.2021
өлшемі12,59 Mb.
#79075
1   ...   259   260   261   262   263   264   265   266   ...   490
Байланысты:
index (15)

3.3 КҮЗДІК АСТЫҚ ДАҚЫЛДАРЫ  (жалпы сипаттамасы) 

 

 

 

Халық шаруашылығындағы маңызы, таралуы, өнімі.

 

Дәнді астық 

дақылдары  екі  биоогиялық  топқа  –  жаздық  және  күздік  –  бөлінеді. 

Күздік  астық  дақылдарына  күздік  бидай,  күздік  қара  бидай,  тритикале 

және  күздік  арпа  жатады.  Олар  күзде  себіледі,  ал  қыстап  шыққаннан 

кейін  өнімі  жазда  жиналады.  Көктемде  себілсе  күздіктер  тек  қана 

түптенеді, масақтанбайды, өйткені даму үрдісін аяқтау үшін оларға күзгі 

жарықталумен  35-60  тәулік  бойы  төменгі  температура  0-3

0

С  (түптену 



кезеңінде 10-12

0

С) қажет. 



 

Жаздық  астық  дақылдары  көктемде  себіледі  де  сол  жылы  күзде 

астық  өнімі  жиналады,  өйткені  олардың  дамуына  көктемгі  күн  жарығы 

мен  жоғары  температура  қажет.  Аралық  формалары  да  –  «екіжүзді»  - 

болады,  көктемде  сепкенде  масақтанып  және  пісіп  үлгіреді,  ал  күзде 

сепкенде қыс жылы болғанда ойдағыдай қыстап шығады да келесі жылы 

жазда астық өнімін береді. 

  Дүниежүзі  мемлекеттері  және  Қазақстан  Республикасы  үшін 

күздік  дақылдардың  маңызы  өте  зор,  өйткені  олар  тек  азық-түлік,  мал 

азықтық  дақыл  ғана  емес,  өндірісте  кеңінен  пайдаланылатын  шикізат. 

Соңғы  кезде  олардың  өнеркәсіпте  пайдалану  аясы  биологиялық  отын 

алу тарапында кеңейді.  

Күздік астық дақылдарының азық-түліктік маңызы олардың дәнінің 

құрамындағы  ақуыз  бен  дән  ұлпасының  (клейковинаның,  желімшенің) 

мөлшеріне  байланысты.  Ақуыз  бен  дән  ұлпасының  мөлшері 

республиканың  топырақ-климаттық  жағдайына  қарай  өзгеріп  отырады, 

егістіктер  неғұрлым  оңтүстік-шығыс,  солтүстік  аймақтарға  ауытқыған 

сайын  күздік  астық  дақылдары  дәнінің  сапасы  солғұрлым  жақсара 

береді.  Орта  есеппен  дәннің  құрамындағы  ақуыз:  күздік  бидайда  12-14, 

күздік қара бидайда 8-11, күздік арпада 8-13, күздік тритикаледе 11-13% 

деңгейінде қалыптасады. 

Астық  дәнінің  нандық  сапасы  оның  құрамындағы  желімшелік 

кешенге  жататын  ақуыздық  заттардың  қасиеттеріне  байланысты.  Олар 

негізінде  ұнның  су  және  газ  ұстау  қабілетімен  тығыз  байланысты  және 

келесі көрсеткіштермен сипатталады: 



 

278 


-

 

нанның көлемдік шығымы; 



-

 

нан пішінінің тұрақтылығы; 



-

 

нанның  сыртқы  кескіні  (тегіс  жылтыр,  түзу,  кедір-бұдыр,  аздап 



жарылған, айрыла жыртылған) немесе түрінің тартымдылығы; 

-

 



жұмсағының кеуектілігі (саңылаулығы). 

Қазіргі  кезде  өндірісте  күздік  қатты  бидай  сорттары  да  бар,  олар 

негізінде макарондық заттар алу үшін пайдаланылады. Қатты бидай дәні 

шынылығы,  дән  ұлпасы  және  көлемдік  массасының  жоғары 

көрсеткіштерімен  ерекшеленеді.  Мұндай  бидай  дәнінің  эндорспермінде 

сары каротин пигменті көп болғандықтан одан өндірілген заттардың түрі 

сарғыш тартып тұрады.  

Нан  өндірісінде  кеңінен  пайдаланылатын  күздік  астық  дақылының 

бірі  -  күздік  қара  бидай.  Қара  бидай  дәнінен  пісірілген  нан  асқазанда 

қорытылу  жағынан  бидай  нанынан  кем  түскенімен  биологиялық 

құндылығы жоғары. 

Қара  бидай  дәні  нанының сапалық көрсеткіштеріне  ақуыз  мөлшері 

және  диастатиктік  белсенділігі  жатады.  Қара  бидай  дәні  ақуызы  мен 

бидай  дәнінің  ақуызы  фракциялық  құрамы  бойынша  бөлінеді.  Дән 

құрамында  суда  және  тұзда  еритін  ақуыздар  көп  болғандығы  оның 

құрамында  ауыстырылмайтын  амин  қышқылдарының  мөлшері  жоғары 

деңгейде  екендігінің белгісі.  Қара  бидай  қамырының  серпінділігі  төмен 

болғандықтан нанның көлемдік шығымы да аз болады. 

Күздік арпа мен күздік тритикале нан пісіруге пайдаланылмайды. 

Малазықтық  дақыл  ретінде  күздік  бидай  дәні  аз  қолданылады,  ал 

күздік қара бидай дәні мүлдем қолданылмайды, оның есесіне күздік арпа 

дәнімен барлық мал түрлері азықтандырылады.  

Күздік  қара  бидайдың  жасыл  балаусасы  ерте  көктемде  малға 

жемшөп  ретінде  қолданылады,  өйткені  гектарынан  180-200  ц  жасыл 

балауса  алынса,  ол  3200-3600  малазықтық  бірлікке  тең,  оның  сапасы 

күздік бұршақ тұқымдас дақылдармен бірге сеуіп өсіргенде арта түседі. 

Мал азығы ретінде күздік тритикаленің дәні де, жасыл балаусасы да 

қолданыла береді, әсіресе араластырып себілген егістіктерде. 

Күздік бидай, күздік тритикале және күздік арпа дәндерінің малазықтық 

сапасында  айырмашылық  шамалы  -  108-118  малазықтық  бірлікке  тең 

(азықтық өлшемге). 

Күздік  астық  дақылдары  өнеркәсіпте  спирт  өндірісінде  кеңінен 

пайдаланылады, ал күздік арпа дәні сыра өндірісінде көп қолданылмайды, 

өйткені  күздік  арпа  сорттары  көбінесе  көп  қатарлы  түр  тармағына 

жатқандықтан,  дәндері  біркелкі  өнбейді  де  сыраның  сапасына  кері  әсер 

етеді. 


Күздік  астық  дақылдарының  сабаны  сапасы  төмен  қағаз,  картон 

өндірісінде,  ал  дән  өскіндері  мен  ұрықтан  алынған  май  медицина 

өнеркәсібінде пайдаланылады. 

Күздік  астық  дақылдары  отамалы,  бұршақ  дәнді  дақылдары, 

біржылдық және көпжылжық шөптер үшін жақсы алғы дақыл. Себебі: 



 

279 


-

 

жақсы  түптеніп  өскен  күздіктер,  әсіресе  күздік  қара  бидай 



арамшөптерден басым түсіп, егістіктерді олардан тазартады; 

-

 



ерте  пісетіндіктерінен,  танаптарды  жаз-күз  кезінде  сапалы  өңдеуге 

және аралық дақылдар сеуіп қосымша өнім алуға мүмкіндік береді; 

-

 

күздік  астық  дақылдарын  көпжылдық  шөптерге  жамылғы  дақыл 



ретінде пайдаланғанның тиімділігі өте жоғары. 

Күздік  бидай,  мәдени  өсімдіктердің  Орталық  Азия,  қатты  бидай  мен 

қара бидай Алдынғы Азия, ал күздік арпа Жерорта теңізі шығу орталығынан 

келген. 


Қытай,  АҚШ  және  Индияда  күздік  бидай  басым  өсіріледі,  күздік  қара 

бидай  мен  арпа  Ресейде  көп  себіледі,  қара  бидайдың  көлемді  егістіктері 

Польша мен Германияда, арпанікі - Канада мен Германияда орналасқан. 

Қазақстанда күздік дақылдар оңтүстік және оңтүстік-шығыс аймақтарда 

орналасқан.  Қыстың  қолайсыз  жағдайларына  төзімділігі  басқа  дақылдарға 

қарағанда нашарлау болғандықтан күздік арпаның негізгі егістіктері Оңтүстік 

Қазақстан  облысында,  біраз  егіс  көлемі  Жамбыл,  Алматы  облыстарында 

орналасқан.  Қазақстанда  жалпы  алғанда  астық  дақылдары  16934  мың 

гектарға егілсе оның 578 мың гектарын күздіктер алып жатыр, ал оның 536,5 

мың гектарына күздік бидай себіледі, басқа күздік дақылдардың үлесі 42 мың 

гектар  ғана.  Соңғы  жылдары  Солтүстік  Қазақстанның  жекелеген 

шаруашылықтары  да  күздік  астық  дақылдарына  (күздік  бидайға)  көңіл 

аударуда. 

Күздік  астық  дақылдарының  өнімділігі  жаздық  дақылдарға  қарағанда 

әлдеқайда  жоғары,  өйткені  олар  күзгі,  ерте  көктемгі  ылғал  қорын  тиімді 

пайдаланады және егістіктері негізінде суармалы аймақтарда орналасқан.  

Дүниежүзінде  астық  дақылдарының  өнімділігі  29,5  ц/га,  оның  ішінде 

бидайдікі 26,1, қара бидайдікі 21,0, арпанікі 23,3 ц/га. Бидайдың ең жоғары 

өнімі Францияда - 76,0, Германия мен Венгрияда - 41,5 ц/га; қара бидайдікі 

Францияда  -47,0,  Германияда  -  51,5,  Австрияда  -  39,5  ц/га;  арпанікі 

Францияда - 65,1, Ұлыбританияда – 51,8, Германияда – 57,4, Данияда  52,1 

ц/га. 


Ресурстар әлеуетін (потенциалын) дұрыс пайдаланбаудың салдарынан 

бұл көрсеткіштер Қазақстанда 2-3 есе төмен. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   259   260   261   262   263   264   265   266   ...   490




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет