Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Әрінов Қ. К., Мұсынов Қ. М., Апушев А.Қ



Pdf көрінісі
бет323/490
Дата11.12.2021
өлшемі12,59 Mb.
#79075
1   ...   319   320   321   322   323   324   325   326   ...   490
Байланысты:
index (15)

Себу  жұмыстары.

 

Себу  мерзімі

.  Асбұршақты  ерте  жаздық  астық 

дақылдармен  бір  мерзімде  себеді,  топырақтың  беткі  қабатындағы 

ылғалды  жоғалтып  алмай  тұрғанда.  Қазақстанның  негізгі  асбұршақ 

өсіретін аймақтарында бұл мерзім төмендегідей: 

-  Солтүстік  және  Орталық  Қазақстанда  –  мамыр  айының  екінші 

онкүндігінің соңы – үшінші оңкүндігінің басы – 15-25 – мамыр; 

-  Оңтүстік  Қазақстан  облыстарында  –  сәуір  айының  екінші 

оңкүндігі – 11-20 сәуір; 

Шығыс  Қазақстанда  –  мамырдың  екінші-үшінші  бескүндігі  –  6-15 

мамыр. 


Аталған  мерзімдс  себілгенде  топырақ  жақсы  жылынады,  сіңімді 

ылғал қоры жаппай және қуатты егін көгін алуға жеткілікті, оның өсіп-

дамуындағы  ылғалмен  салыстырғандағы  қиын-қыстау  кезеңі  -  бүрлену-

гүлдену  -  қолайлы  ылғалдылық  жағдайында  өтеді,  өйткені  бұл  жаздың 

екінші жартысында түсетін жауын-шашынга сәйкес келеді. 

Себу  тәсілі. 

Асбұршақты  әдеттегі  жаппай  қатардағы  тәсілмен 

себеді,  ал  тұқымдық  алқаптарда  жаңа  келешекті  сорттарды  жедел 

көбейту үшін - кең қатарлы тәсілді қолданады. Біздің елімізде асбұршақ 

кәдімгі дәнді астық дақылдарын себетін сепкіштермен себеді. 

Себу  мөлшері. 

Қазақстанның  барлық  аймақтарында  жаппай 

қатардағы тәсілмен қара-қоңыр және оңтүстік-қара топырақтарында 0,7-

1,0  млн/га  өнгіш  тұқым,  ал  кәдімгі  қаратопырақтарда  0,8-1,2  млн/ға 

өнгіш  тұқым  себіледі.  Асбұршақ  егістігін  тырмалау  қажеттігі 

туындағанда  тұқымның  себу  мөлшерін  1,2-1,4  млн/га  өнгіш  тұқымға 

дейін арттыруға болады. 

Ірі тұқымды асбұршақ сорттары үшін оңтайлы себу мөлшері 0,8-0,9 

млн/га  өнгіш  тұқым.  Салмақтық  себу  мөлшері  ірітұқымды  сорттарда 

240-300 кг/га, ал ұсақ тұқымдыларда - 150-200 кг/га. 



Тұқымның  сіңіру  тереңдігі. 

Асбұршақта  тұқымдарының  ірілігіне 

байланысты  масақты  астық  дақылдарына  қарағанда  тұқымның  сіңіру 

тереңдігі  көбірек.  Ол  топырақ  және  метеорологиялық  жағдайларға 

қарай:  қаратопырақты  аймақтарда  тұқымды  6-8  см  сіңіреді, 

құрғақшылықты аудандарда - 8-9 см. Егер көктем салқын және ылғалды 

болса, сіңіру тереңдігін 5-7 см дейін азайтады, ал солтүсік аудандардың 

ауыр топырақтарында - 4-5 см-ге дейін. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   319   320   321   322   323   324   325   326   ...   490




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет