Тамыржемісті жинау.
Қант қызылшасының тамыржемісінің
техникалық пісуі басталғанда жинай бастайды, ол кезде тамыржеміс
клетка нәрі ағарып, қызылша қатарлары ашылады, жапырақтар
түссізденеді. Төменгі жапырақтар сарғаяды. Тамыржемістің өсуі
баяулайды және қанттылығы азаяды.
Республиканың оңтүстік шығысында қант қызылшасын жинауды
қыркүйек айының бірінші онкүндігінде бастайды.
Қант қызылшасы тамыржемісін жинауда лекті және танап шетіне
үйіп жинау тәсілдерін қолданады. Осы тәсілдер көмегімен жинау
операцияларын толықтай немесе жартылай механикаландыруға болады.
Лекті әдіс – ең прогрессивті тәсіл, онда қол күшімен істелетін
жұмыстарды және шығындарды азайтуға мүмкіндік жасалады. Қант
қызылша тамыржемісін лекті әдіспен жинағанда комбайнмен қазылған
тамыр жеміс іле машина қорабына салынып бірден зауытқа жөнелтіледі,
ал үйіп жинау тәсілімен жиналған тамыр жеміс пен танап жанында
436
жасалынған уақытша қырманға төгіліп, содан соң мүмкіндігіне қарай
зауытқа тасымалданады.
Достарыңызбен бөлісу: |