Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Әрінов Қ. К., Мұсынов Қ. М., Апушев А.Қ


 – ТАРАУ. ЕСІРТКІЛІ ДАҚЫЛДАР.  ТЕМЕКІ



Pdf көрінісі
бет481/490
Дата11.12.2021
өлшемі12,59 Mb.
#79075
1   ...   477   478   479   480   481   482   483   484   ...   490
Байланысты:
index (15)

9 – ТАРАУ. ЕСІРТКІЛІ ДАҚЫЛДАР.  ТЕМЕКІ 

 

Құрамында өте улы есірткілік қоздырғыш зат – алкалоид никотин – бар 

дақылдарға темекі мен қаратемекі жатады. Темекі Оңтүстік  және Орталық 

Америка  тұрғындарына  Европалықтар  бұл  құрылықты  ашқанға  дейін 

белгілі болған. Мәдени дақыл ретінде темекі 1560 жылы Францияда өсіріле 

бастады, 1605-1610 жылдар аралығында ол дүниежүзінің барлық елдеріне 

тарады. 

Россияда 1-Петрдің жарлығымен 1716 жылы себіле бастады, ал 1768 

жылы Петербургта алғашқы темекі өңдеу фабрикасы ашылды. 

Қазақстанда  темекі  Алматы  облысында  XIX  ғасырда  жеке 

шаруашылықтарда өсіріле бастаған және олар  «Верный  темекілері» деген 

атпен  ішкі  және  халықаралық  көрмелерде  жоғары  бағаланып  Неаполь, 

Париж, Барселона көрмелерінде алтын медальдарға ие болған.  

Бәсекеге  жол  бермес  үшін  Қырым  мен  Закавказье  плантаторлары 

Верный  темекілері  тек  Орта  Азияда  ғана  сатылуға  рұқсат  етілетін  патша 

жарлығын  шығартқызған.  Өндірістік  деңгейде  Қазақстанда  темекі  1920-

1930 жылдары ғана дами бастады. 

Қазіргі  кезде  темекі  дүниежүзінің  115  елдерінде  4  млн.  га  жерде 

себіледі.  Темекіні  ең  көп  егістігі  (2,96  млн.  га)  Қытайда  және  әлемде 

өндірілетін  шикізаттың  40%-ын  осы  ел  өндіреді,  АҚШ  –  0,7  млн  т., 

Индия  –  0,54,  Бразилия  –  0,40,  ТМД  елдері  –  0,30,  Түркия  –  0,26  млн. 

тоннаға дейін. 

Қазақстанда  темекі  Алматы,  Жамбыл  облыстарында  10,0  мың  га 

жерге  себіледі,  орташа  өнімділігі  гектарынан  2,0  т,  жылына  18-20  мың 

тонна  темекі  жапырағы  жиналады  Жекелеген  шаруашылықтарда  темекі 

жапырағының өнімі гектарына 5,0 тоннадан асып түседі. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   477   478   479   480   481   482   483   484   ...   490




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет