Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Әрінов Қ. К., Мұсынов Қ. М., Апушев А.Қ


Тұқымның егін жинағаннан кейінгі пісіп-жетілуі



Pdf көрінісі
бет59/490
Дата11.12.2021
өлшемі12,59 Mb.
#79075
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   490
Байланысты:
index (15)

Тұқымның егін жинағаннан кейінгі пісіп-жетілуі.

 

Толық пісу 

кезеңінде  жиналған  көптеген  танаптық  дақылдардың  тұқымдары 

(жемістері)  қолайлы  жағыдайларда  көктеткенде  өнбейді,  немесе 

олардың  өну  қуаты  мен  өнгіштігі  төмен  болады.  Мұндай  тұқымдар 

морфологиялық  тұрғыдан  алғанда  жетілсе  де,  физиологиялық  жағынан 

шала  піседі  және  өніп  –  көктеу  қабілетіне  белгілі  мерзімде  сақтағаннан 

кейін  ғана  ие  болады.  Піскеннен  толық  өнгіштікке  жеткенге  дейінгі 

уақытты тұқымның егін жинағаннан кейінгі пісіп  – жетілуі деп атайды. 

Ол  тұқымның  тыныштық  кезеңі  (күйі)  түрінде  байқалады.  Тұқымның 

тыныштық  кезеңі  –  тірі  тұқымдардың  қалыпты  жағдайларда  өнбейтін 

немесе  өте  баяу  өнетін  күйі.  Бұл  ұзақ  эволюциялық  үдерістің 

нәтижесінде  орта  белдеудің  өсімдіктері  қалыптастырған  қасиет,  ол 

өсімдіктердің  өсіп-дамуына  қолайлы  жағдайларда  тұқымның  өніп-

көктеуін қамтамасыз  етеді  және  түрдің  сақталуына  мүмкіндік  жасайды. 

Егін  жинағаннан  кейінгі  тұқымның  пісіп-жетілу  ұзақтығы  өсімдік  түрі 

мен  сортына,  дәннің  толысып  пісу,  жинау  және  сақтау  жағдайларына 

байланысты.  Мәселен,  жүгері,  қарақұмық,  эспарцет  т.б.  тұқымдарына 

өте  қысқа  егін  жинағаннан  кейінгі  пісіп-жетілу  кезең  тән  –  бірнеше 

тәулік,  ал  еркекшөп,  арпа,  күнбағыс  ж.б.  –  20-30  тәулікке  дейін,  кейде 

одан  да  ұзақ  мерзім  қажет.  Күздіктер  жаздық  дақылдарға  қарағанда 

біршама  қысқа  егін  жинағаннан  кейінгі  пісіп-жетілу  кезеңімен 

ерекшеленеді.  Пісу  мен  егін  жинау  жағдайларының  әсері  мынадан 

байқалады:  ауа-райы  ылғалды  әрі  салқын  болғанда  тұқымның  егін 

жинағаннан 

кейінгі 


пісіп-жетілу 

кезеңінде 

тұқымда 

күрделі 


биохимиялық  үдерістер  жүреді:  жоғары  молекулалы  ақуыз  (белок) 

қосылыстарының  синтезі  аяқталады,  дербес  май  қышқылдары  майға 

айналады,  көмірсуларының  молекулалары  іріленеді,  ферменттердің 

қызметі  әлсірейді,  тұқым  қабығының  ауа-су  өткізгіштігі  артады. 

Кезеңнің  басында  тұқымның  өнгіштігі  төмен,  ал  соңында  –  қалыпты 

деңгейге жетеді. 



6. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   490




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет