Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Әрінов Қ. К., Мұсынов Қ. М., Апушев А.Қ



Pdf көрінісі
бет189/490
Дата11.12.2021
өлшемі12,59 Mb.
#79075
1   ...   185   186   187   188   189   190   191   192   ...   490
Байланысты:
index (15)

Себу  тәсілі.

  Себу  тәсілі  астық  өнімімен  қатар  өнімнің  біркелкілігі 

мен  оның  сапасына  да  әсер  етеді.  Барынша  жетілдірілген  себу  тәсіліне 

неғұрлым  өсімдіктердің  қоректену  алаңы  квадрат  пішініне  жақындау 

егістіктер  жатады.  Мұндай  қоректену  алаңы  егістіктерде  өсімдіктердің 

жарықты,  қоректік  заттарды,  ылғалды  пайдалануы  жақсарады.  Бұл 

талаптарға  тарқатарлы,  тоғыспалы  және    тоғыспалы-диагоналды 

тәсілдер сәйкес келеді.  Алайда, 

Республикамыздың 

барлық 


аймақтарында  жаппай  қатардағы  себу  тәсілі  қолданылады;  аңыз  паясы 

сақталған 

танаптарда 

СЗС-2,1 


сепкіштері 

және 


оның 

модификацияларымен  себу  тәсілі  кең  тараған;  паясыз  алқаптарда  СЗП-

3,6  және  СЗ-3,6  сепкіштерімен  себілген  егістік  жақсы  нәтиже  береді. 

Барлық жағдайда да шетелдік осы заманғы кешенді  тұқымсепкіштердің 

артықшылықтары бұл бағытта күдік тудырмайды. 

Себу  мөлшері.

  Астық  өнімінің  мөлшері  көп  жағдайда  бір  өлшем 

егістіктегі өнімді масақтар санына байланысты өзгереді. Себу мөлшерін 

белгілегенде  себілетін  сорттың  түптену  деңгейі,  танаптың  ылғалмен 

қамтамасыз  етілуі  және  арамшөптермен  ластануы  ескеріледі.  Жаздық 

бидай  арпа  мен  сұлыға  қарағанда  әлсіз  түптенетіндіктен  ол  себу 

мөлшерін біршама арттыруды қажетсінеді.  

Құнарлы  топырақтарда  және  жеткілікті  ылғал  қоры  болғанда  әрі 

арамшөптермен  ластанған  танаптарда  себу  мөлшерін  арттырады,  ал 

құрғақшылықты аудандарда  - азайтады. 

Аймақтарға  қарай  жаздық  бидайдың  себу  мөлшері  2,5-тен  4,5 

млн/га өнгіш тұқым аралығында өзгереді:  

-  кәдімгі қара топырақтарда  - 3,5-4,5 млн/га өнгіш тұқым; 

 

- оңтүстік қара топырақтарда - 2,5-4,0 млн/га өнгіш тұқым; 



 

-  қара  қоңыр  (каштановые)  топырақтарда  -  2,0-3,2  млн/га  өнгіш 

тұқым. 

 

Себу  тереңдігі.



 

Жаппай  егін  көгін  алуда  және  жаздық  бидайдың 

біркелкі  пісуіне  тұқымның  топыраққа  сіңіру  тереңдігі  айтарлықтай  рөл 

атқарады.  Тұқымды  тым  терең  немесе  саяз  сіңіруге  болмайды.  Бұл 

жағдайда  егін  нашар  көктейді,  жаздық  жауын  шашынның  әсерінен 

қосымша  егін  көгі  пайда  болады,  астық  пісру  дәрежесі  әртүрлі 

дәндерден  қалыптасады  да  сапасы  төмен  болады.  Сондықтан  тұқым 

ылғалды қабатқа сіңірілуге тиіс. 

 

Еліміздің  көптеген  аудандарында  жаздық  жұмсақ  бидайдың 



қолайлы себу тереңдігі 5-8 см болып табылады.  

 

Тұқымның  сіңіру  тереңдігі  оның  сапасына,  топырақ  климат 



ерекшеліктеріне,  нақты  агротехникалық  шараларға  т.б.  байланысты. 

Көктем  салқын  болғанда  әрі  жеңіл  топырақтарда  тұқымды  саяз,  ал 

құрғақ болғанда тереңірек сіңіреді. Сіңіру тереңдігі 8-10см жеткізілгенде 



 

202 


егіннің  көктеуі  кешеуілдейді,  далалық  өнгіштік  пен  өнім  төмендейді. 

Мұндай жағдайда себу мөлшері 10% арттырылады. 

 

Кезінде  «С.  Сейфуллин  атындағы  Қазақ  агротехникалық 



университеті»  АҚ–ның    өсімдік  шаруашылығы  кафедрасының  күңгірт 

қара-қоңыр  топырақтағы    сүрі  танабында  жүргізген  зерттеулерінде 

(Әрінов  Қ.К.,  1998)  әртүрлі  іріліктегі  Сататовская  29  бидайы  сіңіру 

терңдіктерінен  түрліше  өзгерді.  Ірі,  орташа  және  ірі  тұқымдарының 

орташамен  қоспасы  бірдей  тереңдікке  сіңірілгенде  шамамен  бір  біріне 

жақын  өнім  жиналды.  Барынша  жоғары  далалық  өнгіштікпен  астық 

өнімі  барлық  тұқым  фракцияларын  5  және  7,5  см  сіңірілген  алқаптан 

алынды.  Көпжылдық  тәжірибелермен  өзіміздің  экспериментальды 

деректерімізге  сүйене  отырып  Қазақстанда  нақты  топырақ-климат 

жағдайына байланысты жаздық бидай тұқымының сіңіру терңдігі 5-6 см 

ден    (ылғалды  жылдары)  7-9  см  дейін  (қуаңшылықты  жылдар)  өзгереді 

демекпіз. 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   185   186   187   188   189   190   191   192   ...   490




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет