Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Әрінов Қ. К., Мұсынов Қ. М., Апушев А.Қ



Pdf көрінісі
бет254/490
Дата11.12.2021
өлшемі12,59 Mb.
#79075
1   ...   250   251   252   253   254   255   256   257   ...   490
Байланысты:
index (15)

Өнім  жинау.

    Астыққа  өсірілген  жүгері  гүлдей  бастағаннан  50-55  күн 

өткен соң, собықтағы дәннің толық пісер алдында орылады. 

       Жүгері 

собықтарын  16%,  ал  дәнін  13%-дан  аспайтын 

ылғалдылыққа дейін кептіріп қоймада сақтайды. 

 

ҚОНАҚ НЕМЕСЕ ШАЙ ЖҮГЕРІ (СОРГО) 

 

Халық  шаруашылығындағы  маңызы,  таралуы,  өнімі. 

Қонақ 

жүгері – азық түліктік және малазықтық дақыл. 



Африка,  Үнді  және  Шығыс  Азия  елдерінде  негізгі  тағамдық дақыл 

болып  саналады.  Сондықтан,  тағамдық  өсімдік  ретінде  әлемде  бидай 

мен күріштен кейін үшінші орын алады. 

Қонақ жүгері алуан түрлі мақсатта  пайдаланылатын дақыл. Дәні  –

малдың  бағалы  азығы,  құрама  жем,  крахмал,  спирт  және  қант 

өнеркәсібінде шикізат. 

Қонақ  жүгерінің  көк  балаусасын  мал  азығына  және  сүрлемге 

пайдаланады. Қатайып кеткенге дейінгі орылған қонақ жүгері сабағынан 

сапалы  пішен  алынады,  одан  кейінгі  өскен  алшынкөгін  күздік  

жайылымға қалдырады. 

Қонақ  жүгерінің  100  кг  дәнінде  119  азықтық  өлшем,  ал  көк 

балаусасында – 23,5, сүрлемінде – 22,0, пішенінде – 49,2 азықтық өлшем 

болады.  Қонақ  жүгері  дәнінде  15  пайызға  дейін    протеин,  лизинге  бай, 

қантты  сорттарында  10-15  пайыз  қант  бар,  одан  қою  шырын  алынады. 

Перспективалы  қант  беруші  дақылдар  қатарына  жатады.  Сыпыртқылық 

қонақ жүгері шашағынан сыпырғыш және  шөткі дайындалады. 

Қонақ  жүгері  қуаң  және  шөлейт  аймақтарда  сүрлемдік  дақыл 

ретінде жүгеріні алмастыра алады. 




 

273 


Қонақ  жүгері  отамалы  дақыл  болғандықтан  астық  дақыларына 

жақсы алғы егіс және ықтырмалық дақыл ретінде пайдаланылады. 

Қонақ  жүгері  –  жақсы  фитомелиорант,  сондықтан  сортаң  жерлерде 

тұзды  ыдыратқыш  дақыл  ретінде  өсіруге  болады.  Нұрғасенов  Т.Н., 

Арыстанғұлов  С.С.,  Каракальчев  А.С.  (2010)  тәжірибелерінде,  қонақ 

жүгеріні  АҚдала  күріш  өсіру  массивінің  «тастанды»  жерлерін  қайта 

игеру  мақсатында  биорекультивациялауға  өсірген.  Ғылыми  тәжірибе 

нәтижелеріне  сүйеніп,  олар  қонақ  жүгері  әрбір  гектарда  164,5  ц 

органикалық қалдықтар қалдыратыны анықталған. 

Ғалымдар  Ақдала  күріш  массивінің  қайта  сортаңдануына 

байланысты деградацияға ұшыраған жерлерінің құнарлылығын қалпына 

келтіруге қонақ  жүгеріні фитомелиорант ретінде ұсынады. 

Қонақ  жүгері  отаны  Африка  болып  есептелінеді.  Біздің  арамызға 

дейін  3  мың  жыл  бұрын  Үнді  және  Қытай  елдерінде  өсірілген,  ал  Орта 

Азия  мемлекеттерінде  2,5  мың  жыл  бұрын  белгілі  болған,  Ресейге  17 

ғасырда әкелінген. 

Дүние  жүзіндегі  егіс  көлемі  48  млн.  га,  дән    өнімділігі  –  14,2  ц/га. 

ТМД  елдерінде  қонақ  жүгеріні  150  мың  гектарға  өсіреді,  орташа 

өнімділігі  –  15  ц/га.  Республикадағы  егіс  көлемі  ағын,  бірақта 

перспективалы дақылдар қатарына жатады. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   250   251   252   253   254   255   256   257   ...   490




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет