1
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ҒЫЛЫМ КОМИТЕТІ
ФИЛОСОФИЯ, САЯСАТТАНУ
ЖӘНЕ ДІНТАНУ ИНСТИТУТЫ
ҚАЗАҚ ФИЛОСОФИЯСЫ ТАРИХЫ
(ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін)
ХХ ғасырдағы қазақ философиясы
4-том
Алматы
2016
2
Қазақ философиясы тарихы
(ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін)
ӘОЖ 101.1 (035.3)
КБЖ 87.6
Қ 17
ҚР БҒМ Ғылым комитеті Философия, саясаттану және дінтану
институтының Ғылыми кеңесі баспаға ұсынған
ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі, әлеуметтану ғылымдарының докторы,
профессор З.К. Шәукенова және философия ғылымдарының докторы,
профессор С.Е. Нұрмұратовтың жалпы редакциясымен
Рецензенттер:
З.С. Айдарбеков, философия ғылымдарының докторы, профессор
Г.К. Әбдіғалиева, философия ғылымдарының докторы, профессор
Б.М. Сатершинов, философия ғылымдарының докторы, доцент
Авторлық ұжым:
Нысанбаев Ә.Н., ҚР ҰҒА академигі, философия ғылымдарының докторы, профессор
(авторлық топтың жетекшісі) – Алғы сөз және қорытынды, 1.1, 2.7, 2.8; Барлыбаева Г.Ғ.,
философия ғылымдарының докторы (авторлық топтың жетекшісі) – Алғы сөз және
қорытынды, 2.7, 3.5; Қасабек А.Қ., философия ғылымдарының докторы, профессор –
3.1; Ғабитов Т.Х., философия ғылымдарының докторы, профессор – 3.5; Нұрышева
Г.Ж., философия ғылымдарының докторы, профессор – 1.2; Сәбит М.С., философия
ғылымдарының докторы, профессор – 3.2; Изотов М.З., философия ғылымдарының
докторы, профессор – 3.3; Колчигин С.Ю., философия ғылымдарының докторы, профессор
– 3.2; Құрманғалиева Ғ.Қ., философия ғылымдарының докторы, доцент – 3.4; Тайжанов
А.Т., философия ғылымдарының докторы, профессор – 2.8; Нұрмұратов С.Е., философия
ғылымдарының докторы, профессор – 1.1, 3.1, 3.3; Әбішев Қ.Ә., философия ғылымдарының
докторы, профессор – 2.5; Шайкемелев М.С., философия ғылымдарының докторы –
3.3; Құсайынов Д., философия ғылымдарының докторы – 2.3; Әлжан Қ.Ұ., философия
ғылымдарының кандидаты – 2.6; Ошақбаева Ж.Б., философия ғылымдарының кандидаты
– 1.1, 2.4, 2.6; Қоңырбаева К.М., философия ғылымдарының кандидаты – 2.1; Мейірманов
А.Д., философия ғылымдарының магистрі – 2.2; Жаңабаева Д.М., PhD докторы – 3.2.
Қ 17 Қазақ философиясы тарихы (ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін).
ХХ ғасырдағы қазақ философиясы / З.К. Шәукенова және С.Е. Нұрмұратовтың жалпы
редакциясымен. – Алматы: ҚР БҒМ ҒК Философия, саясаттану және дінтану Институты,
2016.
ISBN – 978-601-304-015-8
4-том. – 391 б.
ISBN – 978-601-304-075-2
Қазақ философиясы тарихы бойынша бес томдық іргелі академиялық зерттеудің
төртінші томы ХХ ғасырдағы қазақтың көрнекті ойшылдарының қоғамдық-әлеуметтік,
теориялық-әдіснамалық, этикалық, эстетикалық, дүниетанымдық көзқарастарын филосо-
фиялық тұрғыдан саралауға және еліміздегі ұлттық кәсіби философиялық мектептердің
қалыптасуы мен дамуын зерттеуге арналған. Бұл ұжымдық монографияда ғасыр басындағы
ұлттық ағартушылық философиядан және ежелгі тарихи тамырлардан бастау алып, одан
кейінгі тарихи-мәдени, қоғамдық алғышарттарға сай дамыған кеңестік кезеңдегі ұлттық
философиялық мектептердің тарихы пайымдалып, оның болашақ көкжиектері зерделенді.
Ұжымдық монография қоғамтанушы ғалымдарға, жоғары оқу орындарының
оқытушыларына, докторанттарына, магистранттарына, бакалаврларына, қазақ филосо-
фиясы мәселелері қызықтыратын көпшілік оқырман қауымға арналған.
ӘОЖ 101.1 (035.3)
КБЖ 87.6
ISBN – 978-601-304-075-2 © ҚР БҒМ ҒК Философия, саясаттану
ISBN – 978-601-304-015-8 (ортақ) және дінтану институты, 2016
3
А Л Ғ Ы С Ө З
АЛҒЫ СӨЗ.......................................................................................................
5
I тарау. ХХ ҒАСЫР БАСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ЗИЯЛЫЛАРЫНЫҢ
РУХАНИ МҰРАСЫН ЗЕРДЕЛЕУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ-
ӘДІСНАМАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1.
ХХ ғасырдың басындағы қазақтың философиялық
пайымдауының мәні мен ерекшеліктері.....................................
11
1.2.
Қазақ зиялыларының рухани мұрасындағы
өмір мәні мәселесі.............................................................................
43
II тарау. АЛАШ ҚАЙРАТКЕРЛЕРІНІҢ САЯСИ ЖӘНЕ
ӘЛЕУМЕТТІК-ФИЛОСОФИЯЛЫҚ ИДЕЯЛАРЫ
2.1.
Ә. Бөкейханның әлеуметтік-философиялық идеялары.........
70
2.2.
Ахмет Байтұрсынұлының ғылыми-теориялық еңбектерінің
философиялық қырлары.................................................................
95
2.3.
Ж. Аймауытовтың әлеуметтік-философиялық және
этикалық көзқарастары...................................................................
114
2.4.
М. Дулатовтың рухани мұрасындағы дүниетанымдық
идеялар................................................................................................
146
2.5.
М. Шоқайдың әлеуметтік философиясы.....................................
160
2.6.
С. Торайғыров шығармашылығының философиялық
негіздері...............................................................................................
177
2.7.
М. Жұмабаевтың дүниетанымы және философиясы............... 190
2.8.
М. Әуезов дүниетанымы және құндылықтар әлемі.................
210
III тарау. ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ КӘСІБИ ФИЛОСОФИЯНЫҢ
ҚАЛЫПТАСУЫ МЕН ДАМУЫ
3.1.
ХХ ғасырдың екінші жартысындағы ұлттық философиялық
мектептердің қалыптасу ерекшеліктері....................................... 227
3.2.
Алматыдағы диалектикалық логика мектебі.............................
262
3.3
Ғылым философиясы және әдіснамасы мектебі........................
293
3.4.
Қазақстандағы фарабитанудың қалыптасуы мен дамуы........
321
3.5.
Қазақстандағы этика және эстетика: жалпы сипаттамасы...... 345
ҚОРЫТЫНДЫ................................................................................................. 380
МАЗМҰНЫ
Қазақ философиясы тарихы
(ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін)
4
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Ғылым комитеті Философия, саясаттану және дінтану
институты туралы мәлімет .........................................................................
386
Информация об Институте философии, политологии
и религиоведения Комитета науки Министерства образования
и науки Республики Казахстан ...................................................................
388
Information about the Institute for Philosophy, Political Science
and Religion Studies of Science Committee of the Ministry
of Education and Science of the Republic of Kazakhstan ..........................
390
5
А Л Ғ Ы С Ө З
АЛҒЫ СӨЗ
ХХ ғасырдың басында саяси және мәдени тәуелсіздік идеясы
құндылықтық мағынада қазақ халқының санасында айрықша ны-
шан бере бастады. Қазақ даласындағы тіршілік үшін күрес озық
ойлы азаматтарды рухани дүниедегі жаңа ізденістерге жетеледі.
Ағартушылық философиясының кеңінен үгіттеле, насихаттала
бастауы да осы тарихи кезеңге сәйкес келеді.
ХХ ғасырдың басындағы саяси-әлеуметтік және мәдени-
өркениеттік ахуал қазақ қоғамында барынша қайшылықты бол-
ды. Сондықтан осы тығырықтан шығудың жолын іздеу қажеттілігі
туды. Алдымен, қазақ зиялыларының этникалық жандануының
тарихи құбылыс ретінде қалыптасуына бірден-бір түрткі болатын
құбылыстарды, тетіктерді іздеу объективті қадамдардың қатарына
жатады. Екінші жағынан, Ресей қалаларында білім алған алдыңғы
қатарлы қазақ азаматтары халықтың мүшкіл күйінің одан ары
жалғасуына іштей келісе алмады, осы қайшылықты жағдайдан
шығудың әр түрлі жолдарын іздей бастады.
Қазақ хандығының Ресей империясы құрамына алдымен
бір бөлігі еркімен, кейін қалғандары күшпен енуіне байланысты
қазақтың дәстүрлі мәдениеті мен көшпелілік әдебі оның табиғатына
жат отарлық және христиандық экспансияға ұшырай бастады.
Қазақ қоғамында үстемдік құрып отырған анархия емес, оның өзіне
ғана тән, еуропалықтан өзгеше реттелген мәдени қатынастары бол-
ды. Ұзақ уақыт өркениетті дүниеден оқшауланып келген қазақтар,
қазіргі кезде өздерінің келешектегі тағдырына күйретуші әсер
ететін ықпалдарға ұшырамау үшін рухани жаңару жолына түсуге
дайын тұрды.
Ресей әкімшілігі барлық рухани және әлеуметтік үдерісті өз
мүддесі тұрғысынан пайдалануға тырысты, оның ішкі әлеуетін,
құндылықтарын өз көкжиегі шеңберімен шектеді. Осы тұрғыдан
қазақтың әдет-ғұрып жүйесін нақтылап ұстап, осы «биіктіктен»
тұншықтырып бақты, соған сай ішкі қыр-сырын білуге, құпиясын
ашуға тырысты. Қазақтың әдет-ғұрып нормаларын бірте-бірте
Қазақ философиясы тарихы
(ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін)
6
ығыстырып, босаған аумақты өз заңдарымен толықтырып, ал
әдет нормаларын қызмет істейтін өмір салаларында белгілі бір
шектеулер қойып, бақылауға алып, барынша өз әмірін жүргізуге
талпынды. Керек жерінде өз заңдарын әдептік заңдармен қатар,
«бәсекелестіре» қабылдады.
XX ғасырдың басында қазақ қоғамы мен мәдениетінде жаңа
идеологиялық сипаттағы заманауи нышандар пайда бола ба-
стады. Біріншіден, Ресей Қазақстанды толық отарлау саясатына
көшті. Бұрынғы дәстүрлі басқару мен реттеу тетіктерінің орны-
на империялық заңдар енгізілді. Билер соты өз қызметінен айы-
рылып қалды. Оны әлсірету мақсатында Ресей әкімшілігі билер
сотының шешіміне шағым беруді ресми түрде бекітті, яғни түбінде
барлық мәселені болыстар мен ояз әкімшілігі шешіп отырды.
Алайда, кейінгі Кеңес өкіметіндей Ресей дәстүрлік мәдени реттеу
тетіктерін толық жоймады.
Екіншіден, Ресей өкіметі озінің Қазақстан жеріндегі мүдде-
мұраттарына қарсы келмейтін, олардың іске асуына кедергі жа-
самайтын құқықтық «аудандардың», ұстындардың, нормалардың
өмір сүруіне бейтараптық танытты, мүмкіндігінше оларды
«көрмеуге», «байқамауға», не болмаса «айналып өтуге» тыры-
сты. Сөйтіп, аймақтардың, қағида-жарғылардың тыныштығын
бұзбауға, «мазасын алмауға» ұмтылды. Тіптен, мұндай әдет-ғұрып
құқығы нормаларын жергілікті халықты «игеріп», басқарып тұру,
оны «тыныштықта ұстап тұру» мүддесі тұрғысынан келіп, осы
көзқарас аясында бағалап, пайдалануға тырысты.
Үшіншіден, қазақтың дәстүрлі мәдениетіндегі түбегейлі
өзгерістер табиғи жолмен емес, күштеу ұстыны арқылы
жүргізіліп отырылды. XIX ғасырдың ортасы мен XX ғасырдың
басы — қазақ халқының отаршылдыққа қарсы толассыз ұлт-
азаттық қоғалыстар, көтерілістер кезеңі. Батыс зерттеушілерінің
пікірі бойынша, Ресейдің отарлау тәсілдері басқа еуропалық ірі
мемлекеттердің тәсіліне қарағанда қаталдау болды. Қазақтар сая-
си және қарулы жолмен өз мақсаттарына жете алмайтын еді.
Батыс тарихшылары патшалық Ресейдің жүргізген экономи-
калық саясатына қарсы қазақтардың мұндай наразылығының
негізгі себебі, олардың қазақ руларының жайылымдары мен
шабындықтарын тартып алып, Еуропадан келген келімсіктерге
беруінен көрінетін аграрлық саясат деп көрсетіп жүр. XIX ғ.
аяғында бұл саясат үкімет тарапынан қолдау тауып, ресми сипатқа
7
А Л Ғ Ы С Ө З
ие болды. Сөйтіп, қазақтың дәстүрлі мәдени реттеу тетіктерінің
біртіндеп істен шығуы далада тек мінез-құлықтық ретсіздік қана
емес, сонымен бірге ұлттық сананың оянуына әкелді.
Қазақ қоғамында үздіксіз ұлт-азаттық қозғалыс дүмпуі ба-
сталды және бұл қазіргі тәуелсіз Қазақстанға дейін апарған сара
жолға айналды. Қоғам қайраткері М. Дулатұлы ХХ ғасыр басында
өзінің атақты «Оян, қазақ!» деген мәдени бағдарламасын жария-
лады.
Ұлт-азаттық қозғалысының қайраткерлері аса діндар
болмағандарымен, қазақтың өзіндік мәдениетін қорғаушы күштің
бірі ретінде мұсылмандықты қолдады. Ресей империясы өзінің
жағрафиялық орналасуы мен тарихы бойынша мұсылмандық ел-
дермен қашанда қақтығыста болып келді. Бұл Ресей құрамындағы
мұсылман этностарында исламдық мемлекеттер бізге түбінде
көмек береді деген наным туғызды. Панисламизм мен пантюр-
кизм өзіндік ағымдар ретінде Ресей жағдайында отаршылдыққа
қарсы күрестің туына айналды. Бұл кездейсоқ нәрсе емес еді.
Батыс тарихшыларының бәрі мұның шын себебі — XX ғ. ба-
сына қарай, Ресейдің отарлау саясатының қанат жаюына байланы-
сты, жердің жетіспеушілігі, сондай-ақ ұлы державалық үкіметтің
жаппай орыстандыру саясатына наразылық, бұратана халықтың
құқықсыздық жағдайы, ислам дүниесі мен Ресей империясының
дәстүрлі қарама-қарсылығы және т. б. деп дұрыс көрсетті. Көтерілісті
уақытша басқанымен, оған қатынасқандарды жазалау шараларын
жүргізгенімен патша үкіметі қазақтардың наразылығын біржола
жоя алмады. Заманауи қисынға сәйкес тәуелсіздік пен еркіндік,
бостандық үшін күрес кез келген халықтың ұлттық құндылықтар
жүйесінен берік орын ала бастайды.
Қазақтың ұлт-азаттық қозғалысында империялық нормалар-
ды қалып ретінде қабылдамау және төл мәдениетке қатысты
құндылықтарды заман талабына сәйкестендіруге бағытталған
ұмтылыс үлкен рөл атқарды. Қазақтың дәстүрлі мәдениетін
жаңа заманның жаңа талаптарына сай әрі үйлесімді өзгертудің
бір бағдарламасын қазақ ағартушылары негіздеген. Егер «Зар за-
ман» мәдениетінің өкілдері ресейлік ықпалды түгелімен теріске
шығарып, өткен уақыт құндылықтарын ғана жандандыруға
шақырса, қазақ ағартушылары екі сипаттағы Ресейді, демек
өзіндік ерекшеліктері бар мәдениеттерді бір-бірінен айыра білді
(орыс білімділері және әкімшілік жүйе).
Қазақ философиясы тарихы
(ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін)
8
Қазіргі жаһандану кезеңінде, яғни ХХI ғасырдың басын-
да қазақ халқының ұлттық санасы мен дүниетанымы түбірінен
жаңарып, өзiн-өзi жүйелі түрде тану, сөйтіп өзiн басқаға та-
ныту, өзiнiң бай ежелден қалыптасқан тарихы мен ұлттық
дәстүрлерiн қастерлеу мен құрметтеу, ұлы тұлғалар мен ойшыл-
дарын бүкiл дүниеге таныту, бай рухани және мәдени қазынаны
әлемдiк өркениетпен ұластыру бағытында қыруар шаруалар
атқарылып жатыр және атқарыла бермек. Дегенмен, осы замана-
уи маңыздылығы бар нағыз рухани қайта түлеу мағынасындағы іс-
әрекеттердің іргетасы сонау ХХ ғасырдың басындағы әйгілі қазақ
зиялыларының шынайы, халық сүйгіш қызметтерімен астасып
жатады, солардан рухани бастау алады. Сондықтан ұлттық намыс
пен тарихи тамырластықтың көрінісін жандандыру арқылы өте
бай этностық мәдени мұрамыздың рухани келбетін өзектілендіре
түсеміз, данагөй ойшылдар мен тұлғалардың есімін халық жа-
дында берік сақтаймыз. Осындай ұрпақтар арасындағы рухани
сабақтастықтың арқасында тарихи көпірлер жалғасатыны белгілі.
Төртінші том қазақтың ХХ ғасыр басындағы атақты
ойшылдарының шығармашылығын философиялық зерделеу-
ге және ХХ ғасырдың екінші жартысында қалыптасқан ұлттық
философиялық мектептердің қалыптасуын зерделеуге арналған.
Әрине, ХХ ғасырдың басында қазақ қоғамында еңбекте аталған та-
рихи тұлғалардан өзге көптеген ойшылдар, қоғам қайраткерлері
болғаны белгілі. Олардың еңбегі әр қилы жинақтарда жарық
көруде. Сонымен қатар бұл томда, негізінен, ХХ ғасырдағы
еліміздегі кәсіби философияның түпкі сұраныстарына жақын
келетін еңбектерге қатысты ойлар, тұжырымдамалар сұрыпталып
алынды.
Қазақстанда кәсіби философияның қалыптасуы мен дамуы-
ның өзіндік ерекшеліктері болды. Осы тарихнаманың кезеңдері
мен бағыт-бағдарлары туралы бірнеше еңбек жарық көрді.
Қазақстандағы кәсіби философияның іргесін қалауы қоғамның
әлеуметтік мүддесінен, тарихи процестің қисынанан туындалады.
Дегенмен, философиялық ойлау жүйесінің барлық технология-
сы жөнінде мағлұматтардың қордалануы, өзара философиялық
сұхбаттың мәдениетін қалыптастыру, категориялық аппаратты
игеру сияқты күрделі процестер жүре бастаған болатын. Бұл Ал-
матыда, кейін әлемде үлкен беделге ие болған екі философиялық
мектептердің қалыптасуына алып келді.
9
А Л Ғ Ы С Ө З
Әлемге әйгілі философия саласының кадрларын дайындау-
да мәскеулік философиялық орталықтың әсері орасан болатын.
Әсіресе, Э.В. Ильенков, Е.П. Ситковский, П.В. Копнин, Б.М. Кедров,
П.Н. Федосеев, И.В. Кузнецов, М.М. Розенталь және т. б. көрнекті
мамандар елімізде жетекші мамандардың өсіп-өркендеуіне
көмегін берді. Мәселен, Жабайхан Әбділдин, Ағын Қасымжанов,
Лев Науменко, Мамия Баканидзе, Герасим Югай, Әбдімәлік
Нысанбаев және т. б. Қазақстандағы кәсіби философияның
бастауындағы ірі тұлғалар болып табылады. Олардың қажырлы
еңбектерін әрі қарай дамытып, кәсіби философиялық мектеп-
терге қосқан Қ.Ә. Әбішев, Ғ.Ғ. Ақмамбетов, А.А. Хамидов, А.Б.
Қапышев, С.Ю. Колчигин, Г. В. Малинин, М.С. Орынбеков, Қ.Х.
Рахматуллин, М.С. Сәбит, Н.Қ. Сейтахметов, Г. Г. Соловьева, Б.Ғ.
Нұржанов, І.Е. Ерғали, Қ. Ш. Шүлембаев, А.Т. Тайжанов және т. б.
дарынды ізденушілер де болды.
Сонымен
Қазақстандағы
философиялық
мектептер
гуманитарлық ғылымдар саласында маңыздылығы бар қайшылық,
даму, рухани келісім, өзара түсінісу, нақтылық, белсенділік сияқты
көптеген ұғымдарға философиялық пайымдаулар жасалып,
көптеген еңбектер әлемдік ғылыми әдебиеттер тізіміне қосылды.
Сондықтан қазақстандық философтардың беделі біршама жоғары
деңгейде болды.
Қазақстан сияқты елге әр ұлттың өкілдерін әкеліп, әртүрлі
дін мен ділдің, тіл мен мәдениеттің үйлесуіне мәжбүрледі. Бұл
қоғамдық дамудың жаңа қисынын туындатып, бұрынғы дәстүрлі
қатынастардың орнына жаңа әлеуметтік шындыққа сәйкес келетін,
оны үйлесімдендіруге ықпал ететін теория мен әдіснаманы қажет
етті.
XX ғасырдың екінші жартысында Қазақстан жерінде ұлт
мәселесімен, әлеуметтік өмір саласымен айналысқан, оның
теориялық-әдіснамалық негіздерін жасаған ғалымдардың бір
тобы болды. Олардың қатарында – Д. К. Кішібеков, М.М. Сужи-
ков, Н.Ж. Жанділдин, Т.С. Сәрсенбаев, М.С. Әженов, А.А.Айталы
сияқты және т. б. мамандар болды.
Қазіргі Қазақстанның жағдайында еліміздің ортағасырлық
территориясында дүниеге келіп, Шығыстың мұсылмандық ой-
шылына айналған, әлемге аты әйгілі Әбу Насыр әл-Фараби
ілімін зерттеу кәсіби философия тұрғысынан жүргізілді. Оған
Қазақ философиясы тарихы
(ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін)
10
үлес косқан отандастарымыз А.Х. Қасымжанов, Ә.Н. Нысанба-
ев, М.С. Бурабаев, С.К. Сатыбекова, Ғ. Құрманғалиева және т. б.
Әл-Фарабидің бірнеше еңбектері қазақ тілінде жарық көрді. Бұл
жұмыстар қазіргі кезеңде әрі қарай жалғасуда.
Тек қана Батыста ғана емес Шығыста да өзіндік терең фило-
софия болғандығын XX ғасырда еліміздің кәсіпқой философта-
ры дәлелдей алды. Ал, қазіргі кезеңде бұл процестер әрі қарай
өрбу үстінде. Оған тәуелсіз Қазақстан әлеуметтік кеңістігінде
толық жағдайлар жасалынуда. Қазақстанның әлеуметтік және
философиялық ой-пікірінің ежелгі заманнан қазіргі күнге дейінгі
тарихы мен даму логикасын көрсетуді Қ.Б. Бейсембиев, О.А.
Сегізбаев, Ғ. Есім, С.Н. Ақатай, А.Қ. Касабек, Т.Х. Ғабитов, С.Е.
Нұрмұратов сияқты мамандар қолға алған болатын.
Қазақстанның әр бұрышында ғалымдар тәуелсіз еліміздің
рухани кеңістігінде интеллектуалды ұлтты қалыптастыру
мақсатында еңбек етуде. Сонымен кәсіби философияның елімізде
қалыптасуының кейбір тұстары қысқаша осындай кейіпте бол-
ды. Дегенмен оған тереңірек баға беру қажет екені белгілі және
бұл Қазақстанның әрі қарай өзінің мәдени салаларын дамытуға
негіз болады, философияны өркендетуге арқау болады деген
үміттеміз. Еліміздегі тәуелсіздік тұсындағы қазақ халқының
қоғамдық санасындағы түбегейлі өзгерістер тарихи тағдырдың
тәлкегімен ұмыт болған ұлттық дәстүр мен құндылықтарды қайта
жаңғыртуымен сипатталады. Олар туралы келесі томда баяндала-
ды.
11
I тарау. ХХ ғасыр басындағы қазақ зиялыларының
рухани мұрасын зерделеудің теориялық-әдіснамалық негіздері
I тарау. ХХ ҒАСЫР БАСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ЗИЯЛЫЛАРЫНЫҢ
РУХАНИ МҰРАСЫН ЗЕРДЕЛЕУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ-
ӘДІСНАМАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 ХХ ғасырдың басындағы қазақтың философиялық
пайымдауының мәні мен ерекшеліктері
Қазақ философиясының өткені мен бүгінін ғылыми зерттеу
мәселесі халқымыздың рухани мәдениетін өркендету үшін аса
маңызды екені белгілі. Тәуелсіздікке қол жеткізген соңғы ширек
ғасырда елімізде ежелден қалыптасқан ұлт философиясының
тарихи бастауларына, оның идеялық эволюциясына үлкен мән
беріліп, көптеген ғылыми зерттеулер жүргізіліп жатқанын айта
аламыз. Соңғы жылдардағы қазақ философиясының тарихы-
на арналған 5 томдық топтаманы шығарудың қолға алынуы
соның кепілі. Көршілес жатқан тәжік пен әзірбайжан халықтары
өздерінің бірнеше томдық ұлттық философиясына арналған
ғылыми жинақтарының топтамаларын шығарып қойғаны да
белгілі.
Әрине, XX ғасырдағы қазақ қоғамындағы философиялық
ойдың, оның ішінде құндылықтық бағдарлардың анықтала түсуі
және халық арасында өрбіп отыруы жайлы көптеген еңбектер осы
кезге дейін елімізде қазақ және орыс тілдерінде жарық көргенін
айта келіп, олардың кейбіреулерінің біздің ғылыми-зерттеу
нысанымызға, зерделеу бағытымызға өте жақын келетін мазмұны
мен құрылымы бар екенін ескерте аламыз. Қоғамдық санадағы
түбегейлі өзгерістерді алып келген ХХ ғасырдың соңы мен ХХI
ғасырдың басы көптеген құнды дүниелерді жаңаша баяндауға,
зерделеуге мүмкіндіктер ашып берді. Міне соның арқасында
қазақ қоғамының рухани әлемі шынайы бағалауын алып жатыр,
халқымыздың нағыз рухани келбеті көрсетілуде.
Бұл жерде кезінде кеңестік кезеңнің өз талаптары кейбір
еңбектердің мәтініне өзіндік түзетпелер жасағанын жасыр-мауы-
мыз да керек. Әрине, ондай жағдайға барлық ғылымдар саласы
Достарыңызбен бөлісу: |