Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті


Әдебиет: Аль-Фараби. Философские трактаты. – Алма-Ата



бет199/571
Дата01.05.2022
өлшемі1,5 Mb.
#141614
1   ...   195   196   197   198   199   200   201   202   ...   571
Байланысты:
treatise187525

Әдебиет: Аль-Фараби. Философские трактаты. – Алма-Ата: Наука, 1970; Энгельс Ф. Диалектика природы. – М.: Политиздат, 1964; Кедров Б.М. Классификация наук. – М.: Мысль, 1985.


ҒЫЛЫМ ЛОГИКАСЫ – ғылыми танымның логикалық заңдылықта- рын зерттейтiн филос. ғылымның бiр саласы. Fылым, ғылыми теория өзiнiң зерттейтiн затын ұғым мен ой формаларында бейнелейдi. Соның арқа- сында ғылым берiлген пән саласында ой-өрiсiнiң барысын, ережелерiн анықтайды. Осыған орай әрбiр ғылымның өзiндiк логикасы бар деуге


186

болады. Олай болса ғылымды логикалық тұрғыдан талдау мәселесi әбден заңды. F. л. жалпы ғылымға, ғылыми бiлiмге тән заңдылықтарды зерттейдi. Филос. зерттеудiң арнайы бiр объектiсi ретiнде F. л. жөнiнде мәселе алғаш позитивизм философиясында көрсетiлген. Позитивизм философияны формальды логика деп түсiнедi де, философияның мiндетiн ғылым тiлiне талдау жасау деп анықтайды. Көрнектi позитивист Рейхенбахтың айтуынша, философтың қолынан бар келерi – ғылым нәтижелерiн талдау, оларға мағына беру және дұрыстығын анықтау. Таным теориясы ғылымды талдау болады. Философияның өзіндік проблематикасын жоққа шығара- тын бұл концепция, әрине, қате. Бірақ бұдан ғылым логикалық талдаудың объектісі бола алмайды деген қорытынды шықпайды. Формальды логика дайын, қалыптасқан білімді қарастырады; білімнің жалпы ғылымға тән формальдық құрылымын, элементтерінің байланысын зерттейді. Ғылы- ми білімді талдап зерттеуге формальды логиканың дайын аппаратын қол- данудың практикалық пайдасы зор. Қазіргі оны пайдаланбайтын ешбір ғылым саласы жоқ. Мұндай зерттеу адамның кейбір іс-әрекет функцияла- рын машинаға жүктеуді жүзеге асыру үшін де қажет. Сайып келгенде,


«ғылым логикасы» – өз алдына ғылым саласы ғана немесе ерекше логи- калық жүйе емес, ол ғылым сияқты күрделі объект жайындағы білімдер- дің жиынтығы.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   195   196   197   198   199   200   201   202   ...   571




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет