Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті



бет261/571
Дата01.05.2022
өлшемі1,5 Mb.
#141614
1   ...   257   258   259   260   261   262   263   264   ...   571
Байланысты:
treatise187525

ЕСІМ Ғарифолла. 1947 жылы Павлодар облысында дүниеге келген, ҚР ҰҒА академигі, философия ғылымдарының докторы, профессор, қоғам қайраткері. Өзінің шығармашылығын философияның әртүрлі саласына арнаған ғалым тұлға, мәдениет, дін, қоғам, адам, сана философиясымен айналысып келеді. Оның философия мен дін тарихына жататын дүниелерді, адам, қоғам мен сана болмысына қатысты нысандарды ғылыми талдаумен айналысқаны зиялы қауымға белгілі. Көптомдық «Сана болмысы» еңбегі және «Адамзат» атты шығармасы оқырмандар арасында кең тарап кетті. Е.- нің герменевтикалық тәсілмен байыптаған «Хакім Абай» және «Шәкәрім даналығы» атты шығармалары қазақ философиялық ойын танудағы және оны насихаттаудағы белгілі бір сапалы деңгейі болып табылады. Абай мен Шәкәрімнің терең ойлы дүниетанымына бойлау арқылы қазақтың ерекше менталитетін, болмысын айқындау зерттеушінің алдына қойған өзіндік мақсаты және ол осы мақсатқа жету барысында өзінің философиялық- этикалық пайымдаулары арқылы оқырмандарын сұхбатқа шақырады, бірге ойлануға, толғануға итермелейді. Фәлсафа тарихына үлкен мән бере отырып Е. қазақ болмысының ерекше қыры оның мұсылмандық сипаты екендігін көрсетіп береді. Қазақ Елі идеясын тұжырымдай отырып ғалым қазіргі елімізде ата-бабаларымыз ежелден армандаған «Жерұйықты» қалып- тастырудың өзіндік тиімді технологиясын қазіргі кезеңдегі жаңашылдық пен дәстүршілдіктің үйлесімді түйісуінен, өзара ықпалдасуынан және инно- вациялық ойлаудан іздейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   257   258   259   260   261   262   263   264   ...   571




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет