Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті



бет335/571
Дата01.05.2022
өлшемі1,5 Mb.
#141614
1   ...   331   332   333   334   335   336   337   338   ...   571
Байланысты:
treatise187525
1-практика. Оқиғаларға амалдар қолдану. Комбинаторика элементтері.
КАТОЛИЦИЗМ (гр. katholikos – жалпы, басты, бүкіл әлемдік) – христиан дінінің басты тармағының бірі. Қазір К. дінінің 1 млрд. астам адам өкілі. К. шіркеуі қатал орталықтандырылған. Ватикан – біртұтас бүкіл әлемдік орталық, ал Рим папасы – барлық католиктердің басшысы. Папа сенім мен морль мәселесінде күнәсіз адам, сондықтан оны Иисус Христостың істерін жерде жүзеге асырушы өкілі деп санайды. К. айрықша ерекшеліктері: Қасиетті Рух тек Құдай әкеден ғана емес, Құдай Баладан да тарайды; 1439 ж. Күнәһарлардың жандары азап шегу арқылы тазаратын орын
– тазартылу (чистилище) догматы қабылданды; К. – дін қызметкерлерінің билгілі идеясын (иерократия) өздерінің басты қағидаларының бірі ретінде


312

дәріптейді. Сондықтан да, К. ылғи да билік, саяси міндеттер, папалар билігінің кең таралуы және дін қызметкерлерінің артықшылықтары туралы мәселелерге ерекше көңіл бөледі. К. бойынша, шіркеуден тыс жағдайда адамды құтқару жолы жоқ, құдайдан кешірімді ақша арқылы алуға болады (индульгенция). Осыдан келіп, адамзат тарихы папа билігінің барлық жерде жеңуі үшін күресу тарихы деп түсіндіреді.


Қазір К. ғылыммен, философиялық ағымдармен, медицинамен т. б. тығыз байланыста. Саясатта – адам құқығын мойындайды, реакциялық саяси тәртіптерді санайды, барлық демократиялық күштердің бірігуін уағыздайды. К. Италияда, Испанияда, Португалияда, Францияда, Бельгияда, Австрияда, Латын Америкасында басты конфессия болып саналады.


КАУЗАЛДЫҚ (лат. себептілік) – себеп пен іс-әрекеттің заңды бай- ланысы. К. қағида ретінде мынаны көрсетеді: кез келген құбылыстың себебі бар және ол сол мезгілде басқа бір құбылыстың себебі болады. Себепсіз ештеңе болмайды. Себеп пен әрекет бұрыннан қазірге, одан болашаққа бара- тын қатар түзейді. Себеп сыртқы жағдайға (бірдеңе болып жатады) және іш- кі жағдайға (оның арқасында бірдеңе болып жатады) бөлінеді. Бұл екеуінен басқа сылтауды айтуға болады. Егер порох құрғақ болса (сыртқы жағдай) және дұрыс құрылса (ішкі жағдай), онда соққының арқасында (сылтау) – ол тұтанады (әрекет). Философия тарихында, себептілік қағидасын алғашқы рет Демокрит талдады. Оның ілімін кейірінек келе стоиктер мен эпикур жал- ғастырды. Орта ғасырда себептілік қағидасы тек Құдайдың табиғатымен ғана байланыстырылып қаралды. Жаңа заманда (Бэкон, Галилей, Кеплер т. б.) сырт күштің әсерінсіз табиғатта болатын себептілік (каузалдық) туралы зерттеулер орын алды. Табиғатта болатын объективті себептіліктің орнына субъективті себептілік туралы ілімдер де пайда болды. Юмның пікірінше, каузалдыққа сену ассоциацияға, әдетке байланысты болса, Канттың ойынша, жалпыға бірдей каузалдық қағида-априорлы болады. Шопенгауэр каузалдықтың үш түрін айырып қарастырады: өз мағынасындағы себеп (биорганикалық әлемге тән), тітіркену (органикалық-өсімдіктер өміріне тән) және себеп-дәлел (мотив барлық жанды тіршілік иелерінің қимыл- әрекеттерінде кездеседі). Милль, Спенсер т. б. себептілікті индукцияның көмегімен тек тәжірибеде ғана кездеседі деп түсіндірді, ал позитивистер (Конт, Авенариус, Мах т. б.) каузалдық ұғымын функционалды тәуелділік ұғыммен алмастырды. Соңғы кездері, каузалдық бардың мәнін түсіндіруші мүмкіндік ретінде қарастырылады. Қазіргі физиктер каузалдық қағидасын барлық жағдайда қолдануға болмайды дейді. Айталық, микроәлемге байланысты каузалдық тек жұмыс болжамы, мүмкін ереже ретінде қарастырылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   331   332   333   334   335   336   337   338   ...   571




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет