Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті



бет535/571
Дата01.05.2022
өлшемі1,5 Mb.
#141614
1   ...   531   532   533   534   535   536   537   538   ...   571
Байланысты:
treatise187525
1-практика. Оқиғаларға амалдар қолдану. Комбинаторика элементтері.
ФЕНОМЕНОЛОГИЯ – ХХ ғасыр философиясының ықпалды бағы- ты. Ф-ның тура мағынасы құбылыстарды суреттеу, немесе зерттеу. Ф. класси- калық бағытқа айналуы Э. Гуссерльдің есіміне байланысты. Ф. ұстанымда- ры бойынша, әлем дегеніміз әлемнің санада құбылуы. Зерттеушінің назары әлемге емес, әлемдегі заттарға емес, соларды ұғынудағы сананың әрекетіне аударылуға тиіс. Әлемнің санада құбылуы феномен деп аталады. Болмыс оның санадағы құбылуы ретінде алынғанда ғана біз нағыз танымға, таза ақиқатқа жетеміз. Сананың басты сипаты ретінде Ф. интенция саналады. Интенция дегеніміз сананың затқа бағытталуы. Егер жоғарыда санадан тыс болмыс жоқ десек, іс жүзінде таза сананың болуы да мүмкін емес. Сана тек бір нәрсе жөніндегі сана ретінде тірлік етеді. Заттың санада берілуі емес, сананың затты қабылдау нұсқасы қымбат. Міне, осыны түсінгенде ғана Ф-лық редукция жасалады. Ондай жағдайда өзге әлемнің бәрі жақшаға шығарылып, зерттеуші оның санадағы бейнесімен ғана қалады. Осы бейне- ні зерделеу барысы интенционалдық талдау деп аталады. Мұндай талдаудың негізінде бір жағынан белгілі мағынасы бар сананың объектісі бөлінсе, екінші жағынан, құбылудың өзгермелі тәсілі, снаның өзгермелі нұсқалары дараланады. Бұл бір біріне тәуелді құбылыстарды Гуссерль ноэзис және ноэма деп атайды. Ноэзис – сананың интенционалды нұсқасы, ноэма – санаға өзгеріс енгізетін оның нақты мағынасы. Сөйтіп, Ф-лық редукция арқылы сананың ноэтикалық және ноэматикалық құрылымын суреттеуге болады. Ф. маңызды ұғымдарының бірі интерсубъектілік. Гуссерль Ф-лық редукция- ны үш түрге бөлген: психологиялық, эйдетикалық, трансценденталды. Осыған байлнысты Ф. зерттеудің үш дәрежесі бар: дескриптивтік, эйдетикалық және трансценденталды Ф. психологиялық редукция психикалық тәжірибенің таза нәтижелеріне арналған. Ф. редукцияның бұл сатысында зерттеуші тәжіри- бе шеңберінде қалады. Эйдетикалық редукция жасалғанда феномендердің тәжірибеден тыс таза мағынасы зерделенеді. Бұл тәсіл қиялдың еркін нұсқалары деп аталады. Трансценденталды редукцияда субъекті мен объект бір біріне кірігіп, жаңа мағына жасайды. Шығарм.-ның соңғы кезеңінде Гуссерль өмірлік әлем ұғымын енгізеді. Өмірлік әлем трансценденталды субъектіліктің жемісі. Әрбір тұлғаны қоршаған орта қалыптастырса, жеке субъектіні тану аз, оны өмірлік әлемімен бірге тұтас зерделегеніміз жөн.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   531   532   533   534   535   536   537   538   ...   571




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет