ЭЗОТЕРИЗМ (ағылш. esoterіc – жұмбақ, белгілі адамдарға ғана анық жасырын сыр) – ұстаздан таңдаулы шәкіртке ауызба ауыз таралатын ілім. Мыс., Пифагордың ілімі солай таралған. Бұл ұғым экзотеризмге, яғни, қоғамдық дәрежесі бар ілімге қарсы. Әрбір терең ілімде, эзотерикалық, тек таңдаулыға, және экзотерикалық, жалпыға арналған нұсқалары. Ежелгі гректерде филос. ілімдерден бұрын діни мистериялар, яғни, жасырын діни жиындар болған. Мысалы, Элевсиндік мистериялар кезінде болған жағдайларды қатысушылар жарияламауға ант берген. Э-нің шығу себебі таным түрлерінің күрделілігіне байланысты. Ешбір мән бейнелі түрде ақырына дейін көрінбейді. Мәннің танымға жатпайтын кейбір қырлары арнайы символдар арқылы ғана белгіленеді, болмыстың құпия қырлары осы символдарды пайымдау арқасында ғана сезініледі. Э. көп нәрсеге шектеу қояды – белгілі діннің сырын паш етуге, жат кісілерді жасырын ілімнің ауызша, немесе, жазбаша символикасын үйретуге. Э-ң ең төмен сатысы үнсіздікте қабылданатын сыр, ортаңғы сатысы, айтуға тиісті емес сыр, жоғарғы сатысы, тұжырымдауға көнбейтін ең терең сырлар. Сонымен қатар Э. таза діни сипатқа тәуелді емес. Э. болмыстың ең ақырғы мәнісін интуиция, ұят, және мистикалық жан саяхаты арқылы тануға байланысты.
Достарыңызбен бөлісу: |