Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті



бет298/571
Дата01.05.2022
өлшемі1,5 Mb.
#141614
1   ...   294   295   296   297   298   299   300   301   ...   571
Байланысты:
treatise187525
1-практика. Оқиғаларға амалдар қолдану. Комбинаторика элементтері.
ИДЕАЛЬДІ ТИП. Әлеуметтік және тарихи танымда қолданылатын, концептуальді тәсілдерді анықтау үшін М. Вебер ұсынған әдістемелік категория. И.т. категориясының қалыптасуы, оның кең көлемді танымал болуы ХХ ғ. классикалық білімнен, классикалық емес білімге өту үдерісінің тек жаратылыстану ғылымдарында емес, сонымен қатар, социогумани- тарлық білімде де жүзеге асқанынан мәлімет береді. М. Вебер ғылым жасаған теория мазмұнының сынға алынбай ақиқатпен теңестіріліп, терең мәннің бейнеленуі деп берілуін, зерттеу жұмысына кедергі жасайтын, оның бағытын бұрып жіберетін «теория мен тарихты араластыруды» қауіпті қате деп есептейді. Оның пікірінше, «капитализм», «христиандық» тәрізді ұғымдар жиі бақыланатын эмпирикалық ақиқат қорытындысынан шығарылмайды. Сондықтан, ақиқатта нақты баламасы (аналогі) болмайтын зерттеуші «қиялы» И.т. болып көрінеді. Олар эмпирикалық ақиқатқа деген белгілі бір зерттеу бағытындағы көзқарастан пайда болады. И.т.
«ғылыми пәндік фантазия» жемісі болып көрінетіндіктен, біздің бос ой шырмағына (ойынына), әлде ғылыми мәнді ұстанымға қатысты екенімізді ешқашан анықтау мүмкін емес. Кез-келген концепцияның ғылымилығының жалғыз белгісі – зерттеудің жемістілігі. И.т-тің эвристикалық мәнділігі жоғары болса, ол соғұрлым ғылыми мәнді болады. Бұдан маңызды екі салдар туындайды: біріншіден, эмпирикалық мәліметтердің тек бір ғана жиынтығына жататын өзара бәсекелес, бірнеше И.т-тік конструкцияның паралельді өмір сүруі мүмкін. Олардың қайсысының ақиқат болатыны туралы сұрақ қойылмайды, арадағы айтыс тек қандай И.т-тің ғылыми білімнің өсуін қамтамасыз етіп, жұмысты жемісті істейтініне байланысты шешіледі. Екіншіден, нақты И.т. қаншалықты жетілген болып көрінсе де, ауыспалы, салыстырмалы, ол ерте ме, кеш пе жаңамен ауысады. Вебердің ойынша, тарихта және әлеуметтік ғылымдарда қолданылатын И.т-дің


278

өзара айырмашылығы бар. Тарихта көптеген жеке оқиғаларды жинақтап, жалпы заңдарды шығаруға бағытталмаған, дара оқиғаларды «мәдени мағынасында» түсінуге ұмтылатын И.т. осы «тарихи индивидуумды» түсіндіретін, себепті байланысты нақты үйлестіру бейнесі ретінде құры- лады. Оқиғалардың жалпы ережелерін іздеуге бағытталған әлеуметтік ғылымдар олардың нақты кеңістік уақыттағы анықтығына көңіл бөлмейді. Сондықтан әлеуметтанушы барлық тарихи дәуірлерге және кез-келген географиялық нүктеде қолданылатын таза идеалды үлгілерді құрастырады. Басқаша айтқанда, әр түрлі И.т. арасындағы айырмашылықтың сандық сипаты, олардың жалпылық дәрежесі болады.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   294   295   296   297   298   299   300   301   ...   571




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет