Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті



бет310/571
Дата01.05.2022
өлшемі1,5 Mb.
#141614
1   ...   306   307   308   309   310   311   312   313   ...   571
Байланысты:
treatise187525
1-практика. Оқиғаларға амалдар қолдану. Комбинаторика элементтері.
ИНВАРИАНТТЫЛЫҚ (лат. invariant – өзгермейтін) – жүйенің кейбір мәнді қасиеттерінің, үдерістің физикалық жағдайы мөлшерінің және т. б. сыртқы әсерлерден, соның ішінде қандай да бір орын ауыстырулардан немесе өзгертулерден тәуелсіздігі. Біртекті жүйелердегі тұрақтыны және өзгермейтінді бейнелейтін И. оның құрылымының анықтаушы сәті ретінде алға шығады. И. ұғымы әмбебап себептілік категориясын негізделуі үшін пайдаланылады. Әлемнің кейбір аймақтарындағы себеп-салдарлық құрылым (демек, тек соған тән себеп-салдарлық қатынастар сипатының жиынтығы) кеңістік-уақыттық координаттарды өзгерту кезінде инвариант болады. Заттардың, табиғаттың қасиеттері мен қатынастары идеясын көрсететін сақтау принципі И. ғылыми таным үшін іргелі маңызы бар.


285

Математикалық зерттеулерде И. қарастырылатын шаманың сол немесе бас- қа түрлердегі өзгертулерге сай өзгермейтіндігін (мыс. сандар, алгебралық ережелер, формулалар) көрсетеді. Осындай өзгертулер кезінде өзгермейтін шамалар инварианттар деп аталады.




ИНДЕТЕРМИНИЗМ – детерминизмге қарама-қарсы философиялық ілім: ол себептілік ұғымының мән-маңызын принципті түрде жоққа шыға- рып, табиғатта да, қоғамдық өмірде де, таным үдерісінде де кездейсоқтыққа баса мән береді. И. бойынша детерминизм ілімі адам еркінің бостандығын дұрыс түсіндіре алмайды, өйткені адамның таңдауы мен талғамын себеп- тілік тұрғысынан қарастыру – фатализмге, яғни, тағдырға сенуге, өмірде бәрі де мызғымас себеп-салдар тізбегі арқылы алдын-ала анықталып қойылған дейтін көзқарасқа жетелейді. Кейбір философиялық бағыттарда (мысалы, некантшылдықтың бадендік мектебінде) детерминизм принципі тек табиғат туралы ғылымдар саласымен шектеліп, «рух туралы ғылымдар, яғни мәдениет туралы ғылымдар саласы) И-ге бағындырылады. Непозитивизм, прагматизм және персонализм детерминизм принципті әрекетінің аясын тек таза логикалық саламен шектейді. И-дік көзқарас кванттық физиканың дамуына орай (белгісіздіктер принципі, кванттық ықтималдылық) күш алып, себептілік мәселесін XX ғ. философия мен ғылымның алдыңғы шегіне шығарып, И. мен детерминизм күресті.
Қазіргі кванттық физиканың дамуы (белгісіздіктер принципі, кванттық ықтималдылық) себептілік мәселесін XX ғ. философиясы мен ғылымының алдыңғы шегіне шығарып, И. мен детерминизмнің күресін ушықтыра түскені белгілі. Синергетиканың дамуы бұл мәселеге жаңа леп беріп, себеп пен салдар, қажеттілік пен кездейсоқтық, мүмкіндік пен шындық, заң мен заңдылық сияқты категориялардың диалектикалық байланысын тереңдете түсіндірмелеуге жол ашты. Кездейсоқтықты абсолюттендіріп, таза ықти- малдылықты асқындыратын И. де, бәрін де, керісінше, қажеттілікке саятын детерминизм де шектілік танытып, қазіргі ғылымда байыпты диалектика- лық детерминизмнің құдыреті орнығуда.
Әдебиет: Пригожин И., Стенгерс И. Порядок из хаоса. – М.: Прогресс, 1986; Сачков Н.В. Эволюция учения о причинности // Вопросы философии. 2003. №4.; Сабитов М.С. Формирование и развитие квантовой механики: Логико-гносеологический анализ. – Алма-Ата, 1984.


ИНДИВИД, индивидуум (лат. Individuum – бөлінбейтін) – бірыңғай, бөлек, бекітілген, қандай да бір тәсілмен ерекшеленген, шектелген нәрсе; бөлектенген, өзімен-өзі болатын мән, немесе жан иесі; әрқайсысы өз бетінше өмір сүретін тірі организм; адамдар ұжымымен салыстырғанда жеке, дара кісі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   306   307   308   309   310   311   312   313   ...   571




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет