Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті



бет343/571
Дата01.05.2022
өлшемі1,5 Mb.
#141614
1   ...   339   340   341   342   343   344   345   346   ...   571
Байланысты:
treatise187525
1-практика. Оқиғаларға амалдар қолдану. Комбинаторика элементтері.
Клещёва (Хафизова) Райса Ахметовна

1932 жылы 9 шілдеде партия қызметкерінің отбасында дүниеге келген. Мектепті алтын медальмен бітіргеннен кейін ол М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің философия факультетіне оқуға түседі. 1955 жылы оқуды бітіргеннен кейін ол Қарағанды педагогикалық институтына жұмысқа жіберілді. Педагогикалық институттың оқытушысы, ғылыми жұмыс жөніндегі проректоры, ҚарМУ оқу ісі жөніндегі проректоры болып жұмыс істеді. 1974-1992 жылдары – философия кафедрасының меңгерушісі. 1992 жылдан 2004 жылға дейін – ҚарМУ философия кафедрасының профессоры.


1963 жылы КСРО Ғылым академиясының Философия институтында кандидаттық диссертациясын сәтті қорғады. Кандидаттық диссертациясын қорғағаннан кейін 1983 жылы С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінде философия ғылымдарын докторы болды. Оның жетекшілігімен 9 кандидаттық диссертация, бірқатар магистрлік және студенттік диссертациялар қорғалды. Ол өзі бастаған топтан 4 адамның философия докторы атануына көп үлес қосты.
Ол 300-ге жарияланымның, оның ішінде бірқатар монографиялардың авторы. Шетелде де, Мәскеуде, Ленинградта, Свердловскіде, Иркутскіде және бұрынғы Кеңес Одағының басқа қалаларында өткен ғылыми форумдарда бірнеше рет сөз сойледі. Ол Свердловск қаласындағы философиялық ғылымдар бойынша кандидаттық және докторлық диссертацияларды қорғауға арналған диссертациялық кеңестердің мүшесі болды. 2004 жылдан бастап бірнеше жыл бойы әл-Фараби атындағы ҚазҰу-дың философия кафедрасының профессоры қызметін атқарды.




КОГЕН Герман (1842–1918) неміс философы. 1876–1912 ж.ж. Марбург қаласында тұрған. Наторп сияқты К. де марбург мектебінің негізін қалаушылардың бірі. К. бойынша, ойлау идеяны ойлау ретінде, ал болмыс ойлау пәні ретінде тепе-тең, бірдей. Шындықтың (нақтылықтың) ешқандай да метафизикалық негізі жоқ. Тәжірибе үрдісі дегеніміз зат қалыптастыру процесі. Кез-келген ғылымның (философияның да) тәсілдік символы – математика. К. пікірінше, Канттың моралі «Ежелгі өсиет» моралі. Сондықтан, мемлекет – ең басты мақсат емес, ол жеке адамдардың моральдық дамуын ұйымдастырушы және гуманистік идеалды жүзеге асырушы құрал. Құдай – барлық идеялардың ортасы, ол – ақиқат идеясы.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   339   340   341   342   343   344   345   346   ...   571




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет