Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті



бет395/571
Дата01.05.2022
өлшемі1,5 Mb.
#141614
1   ...   391   392   393   394   395   396   397   398   ...   571
Байланысты:
treatise187525

МАСЛОУ Абрахам (1908–1970) – американ ойшылы, гуманистік «жа- ғымды психоанализдің» негізін салушылардың бірі. Мәдениетті адамның негізгі қажеттіліктері арқылы талдады. Оның теориясының алғашқы тарауы
– жан-жақты жетілген, кемелдікке ұмтылған тұлға. Мәдениеттің кемелдік өлшемі – оның қажеттіліктерін қанағаттандыруы және тұлғаның әлеуетті мүмкіндіктерін жүзеге асыруға жағдай жасауы деп біледі. М-дың «жағым- ды психоанализінің» мақсаты: «Адам кім бола алар болса, сол болуы керек». М-дың зерттеу тақырыбы – шығармашылық, махаббат, ойын, болмыстың ең бағалы құндылықтары, сананың ең биік қалып-күйлері және олардың мәдениет қызметіндегі маңызы. М. өз тұжырымдамасын кез-келген мәдени институттарға (отбасы, білім, дін және т. б.) қолдануға болатын өмірдің жаңа философиясы деп біледі. М. теориясының өзегі – қажеттіліктің иерархияланған бес деңгейі. 1) физиологиялық қажеттіліктер, ағза қыз- метін қамтамасыз ететін қажетті жағдайлар; 2) адам өмірінің жеке адам деңгейінде, этномәдени қоғамдастық, адамзаттық біртұтастық деңгейіндегі маңызды шарттары – өз-өзін сақтауға, қауіпсіздікке, бейбітшілікке деген қажеттілік; 3) сүйіспеншілік пен қарым-қатынастың қажеттілігі; 4) өзін таныту, өз-өзін сыйлау, қадірлеуге деген қажеттілік; 5) қажеттіліктің ең биік түрі – маңыздылығын жоғарылату, өзінің әлеуеті мүмкіндіктерін жүзеге асыру және оны жетілдіруге – шығармашылыққа деген қажеттілік. Қазіргі индустриалды мәдениеттің репрессивтігін жете ұғына отырып М. негізгі белгілері қауіпсіздік деңгейінің жоғарылығы мен қабілеттердің мейлінше дамуы мүмкіндігі мен өзін-өзі жүзеге асыру болып табылатын идеалды қоғамның адамдардың әбден үндестік-үйлестікте бірігуінің моделін


367

жасады. Идеалды модельге бастар жол көптеген мәдени институттардың бағытын гуманистік бағытқа ауыстыру және адамдарының санасын өзгерту болып табылады деп білді. М. мәдениетті зерттеп тануда жаңа бағыт – трансперсональды психологияның негізін қалады.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   391   392   393   394   395   396   397   398   ...   571




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет