Шығ.: Көз бен рух // ХХ ғасырдағы француз философиясы мен эстетикасы.
1 бас. – М., 1995; Философияны қорғау. – М., 1996.
380
МИЛЛЬ Джон Стюарт (1806–1873) – ағыл. философы, логик, экономист, позитивизмнің өкілі. Философияда Юм мен Берклидің және Конттың ізбасары. Адам тек «құбылысты» ғана танып біледі, оның шекарасынан тыс шыға алмайды. М. логикада индуктивизмнің белді өкілі білім алудың әдісі ретінде дедукцияны теріске шығара отырып, ол индукциялық жолмен зерттеудің әдістерін жасау болды. М. этикада Бентамның утилитаризмінің ықпалында қалды. Саяси экономияда М. еңбек құнының классикалық теориясын өндіріс шығындары жайлы вулгарлық теориямен аустырды, Мальтустың тұрғын халық теориясын (Мальтусшілдікті) жақтады. Әлеум. саяси көзқарасы жағынан М. – либерал.
Достарыңызбен бөлісу: |