Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті



бет467/571
Дата01.05.2022
өлшемі1,5 Mb.
#141614
1   ...   463   464   465   466   467   468   469   470   ...   571
Байланысты:
treatise187525
1-практика. Оқиғаларға амалдар қолдану. Комбинаторика элементтері.
САНТАЯНА Дж. (1963–1952) – тегі испандық американ философ- жазушысы, сыни реализм өкілі. С-ның көзқарастарын Э. Гуссерль феноме- нологиясына жақындастыратын позициялардың бірі, оның шындық ақиқатын іздестірудегі «түбегейлі скептицизмі». Э. Гуссерльдің феномено- логиялық редукционизміне келіңкірейтін «түбегейлі скептицизм» арқылы С. ақиқаттығы күдік тудырмайтын шындықты – «мән патшалығын» немесе Платонша «идеялар әлемін» негіздейді. С-ның түсінуі бойынша мәндер әлемі әркім үшін жеке дара, өзіндік ерекшелікті әлем. Сондықтан да С. өзі- нің философиясының негізгі категориялары ретінде шынайы және жалған болмыс категорияларын алады. Эмпирикалық заттар әлемін С. «хайуандық сенімге» негізделген жалған болмыс деп таниды да шынайы болмысты
«алогикалық», «қисынсыз», «бейберекет» өмірден емес, мәндер әлемінен, шынайы құндылықтар мен моральдық нормалар әлемінен табады. Нақты шындықты «жалған, үмітсіз, мәнсіз, абсурдты, сүрең» деп анықтайтын С. үшін өмірден безіну, эскапизм (ағылш. «escape» – безіну, қашу) тән. С. болмыстың метафизикалық жүйесін құрды, эстетика, мәдениет және әдебиет саласында көптеген ізденістер жүргізді. Поэзия, дін мен өнерді адам іс-әрекетінің ең биік шыңы деп тапқан С. оларды күнделікті күйбең тіршілік қажеттілігіне ғана бағышталған ғылым-техника әлеміне қарсы қояды, сөйтіп «рух аристократиясын» жақтайды. Философияның мәнін әлемді теориялық тұрғыдан түсіндіруден гөрі әлемге деген моральдық – эстетикалық қатынасты қалыптастыруынан іздеу керек деп түсінген С. өз шығармаларының көбін шынайы адами құндылықтарға арнайды. Мыс.,
«Болмыс әлемдері» (1927) атты шығармасында С. моральдың үш деңгейін көрсетеді – ақыл-ойға дейінгі, ақыл-ойдан кейінгі және рационалды. Ақыл-ойға дейінгі мораль күйінде адамзат хайуани соқыр сенім ырқы- нан босай алмайды, сондықтан да өмір түгелдей дерлік табиғилық жағдайда өтеді. Рационалды мораль тұрмыста өзінің жеткіліксіздігін сездіреді. Ал пострационалды мораль деңгейінде ғана рух өзінің шынайы бостандығына ие болып, ізгілік, әсемдік пен жоғары құндылықтарды қалыптастыра алады. Маңызды құндылықтар қатарына поэзия мен дінді қойған С. олардың күнделікті өмір мен шындыққа «үш қайнаса сорпасы қосылмайды» деп біледі, өйткені поэзия мен дін адам рухының тереңінен туындайды әрі сол таңғажайып терең руханиятты танытады. С. бақытты рухтың тәннен, дүниеден және білімнен тыс болуымен байланыстырады. Әлеуметтік тақырыпқа жазылған «Үстемдік пен билік» (1951) атты еңбе- гінде С. қоғамның дамуын өзін-өзі сақтау, материалдық игіліктерге ұмтылу сияқты инстинктермен түсіндіреді.Өзінің ізбасарларынан тұратын дәс- түрлі түрдегі филос. мектебі болмаған күнде де С-ның шығарм.-ы әлі күнге дейін көптеген ой ізденістеріне арқау болып келеді.
Әдебиет: Юлина Н.С. Философия Дж. Сантаяны и американский реализм // Современный объективный идеализм. – М., 1963; Луканов Д.М. Дж. Сантаяна и экзистенциализм // Вопросы философии. – М., 1981. 7 с.


САРТР Ж.П. (1905–1980) – француз философы, жазушы, атеистік экзистенциализмнің негізін салушылардың бірі. С.-дың филос. көзқарас- тарының қалыптасуына феноменология мен экзистенциализм ерекше ықпал етті. Сондықтан да оның шығарм-нда С. Кьеркегор, З. Фрейд, Э. Гуссерль, М. Хайдеггердің алатын орны зор. С. экзистенциалистік гуманизм қағида- ларын қалыптастыруды өзіндік мақсат деп таныған, сондықтан да оның шығармаларының орталық мәселелері қашанда адаммен, оның әлемге, басқа да өзі сияқты жандарға, құдайға деген қатынасымен байланысты. Экзистенциализмнің «тіршілік (экзистенция) мәннен бұрын тұрады» деген негізгі идеясын бетке ұстаған С. адам тіршілігін шынайы болмыс деп түсінеді. «Адам субъективтілігі әлемінен, адамның өзіндік әлемінен басқа еш әлем жоқ», – дейді С. «Экзистенциализм дегеніміз гуманизм» атты шығармасында. Адами шындықта болмыстың үш көрініс түрі бар: «өзіндік болмыс», «өзі-үшін – болмыс» және «басқа-үшін – болмыс». Осылардың үшеуі де өмір сүрудің қарапайым нақтылығын құрастырады, тек абстрактілі түрде ғана ажыратылады. Адам тіршілігі, яғни экзистенциясы рационалды тануға келмейді, сондықтан да ол ешқашан зерттеу объектісі бола алмайды да, өйткені ол, біріншіден, өзіндік біртуар жеке даралық, сол себепті жалпы мәнділікке ұмтылмайды; екіншіден, экзистенция – біздің әрқайсымыз, өзіміз. Экзистенция күнделікті өмірдің сезімі мен тілегінен, сенімі мен қаупінен, тәжірибесі мен үмітінен, қамы мен мұқтажынан құралады. Олай болса, экзистенцияға біз ғылымда қалыптасқан дәстүрлі объективтілік тұрғысынан қарай алмаймыз, оған өнерге жақын суреттеу әдісі ғана лайық келеді. Сондықтан болар С. өзінің көзқарасын жүйелі филос. трактаттар арқылы ғана емес, көркем шығарм. туындылары – романдар, пьесалар, эсселер және т. б. арқылы жеткізуге тырысты. Тіршілік онтологиялық тұрғыдан алғашқы болып табылған күнде тіршілік өзін жоқтан бар етеді, жоқтан жасайды. Адам мәнсіз әлемге лақтырылып жіберілген, әуелде ол ешкім де еш нәрсе де емес. Адам өмір сүре бастағаннан кейін ғана өзі туралы, өмір туралы, басқалар туралы түсінік құрады, келешекке ұмсынады, өзін- өзі жобалайды. Адам, ең алдымен, жоба, «өзі-үшін – болмыс», тек содан кейін ғана сол жобаны жүзеге асыру немесе асырмау, қол жеткізу немесе қол жеткізбеу. Сонымен адам өз мәнін өзі жасайтын тіршілік иесі болып шықты, ендеше өзімен болып жатқан жағдайлардың барлығы үшін адамның жеке басы ғана жауапты. Адамға таңдау еркі жазылған. Әрбір адам өзінің қандай болатындығын әрбір іс-әрекетімен, әрбір тілек талабымен анықтап отырады. Өмір сүру дегеніміз адамдардың біріккен тіршілік болмысы. С. да басқа экзистенциалистер сынды жеке экзистенцияның «басқаларға» салыстырмалы түрде тәуелді екенін мойындайды. Бұл мәселені шиеленістіре түскен С. «Басқаны» тұлға болмысының «бас ауыртарлық» сұрағы деп біледі. Менің «басқа үшін-болмысым» менің «өзім-үшін – болмысыммен» кереғар келіп, қақтығыс көзіне айналады деп түсінеді С. осы тұста ол адамдар арасындағы қарым-қатынастың гегельдік «үстемдік ету және бағыну» моделін келтіреді. «Басқаға» деген қатынас қашанда басқаның көз алдында өз басыңды еркін мойындатудан тұрады деп ұғынады С. үстемдік көрсету позициясы адамның жобаларының жобасы, іргетасы – «құдай болу тілегінен», өзіне-өзі жеткілікті «өзі-үшін – болмыс» күйіне талпынудан туындайды деп көрсетеді С. бостандық пен таңдау еркін иемденген адам үшін жауапкершілік мәселесі өте маңызды. Адам тек қана өз болмысы үшін емес, сонымен қатар әлем үшін, ондағы болып жатқан оқиғалар үшін өзінің ойымен, сөзімен, іс-әрекетімен, тілек-талпынысымен жауапкершілікті.
«Адам еркін болуға келгендіктен әлем тауқыметінің бәрін өз арқасымен көтереді», – дейді С. С-дың филос. және көркем әдебиеттік шығармалары жеке тұлғаның қадір-қасиеті, құндылығы, шығарм. мүмкіншілігі туралы көп сөз қозғайды. Саяси көзқарастары жағынан С. демократизм, марксизм, волюнтаризм эклектикасын құрайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   463   464   465   466   467   468   469   470   ...   571




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет