Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті



бет10/571
Дата01.05.2022
өлшемі1,5 Mb.
#141614
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   571
Байланысты:
treatise187525

Әдебиет: Қазақ халқының философиялық мұрасы. Т. 19. Мәдениет фило- софиясы. – Астана: Аударма, 2006; Мәдени-философиялық энциклопедия. – Алматы, 2007.


11


АБСТРАКЦИЯ (лат. abstractіo – ойша бағамдау) – шынайылықтың бейнесін ойша бағамдау және толтыру арқылы құрастыру. Ойша бағамдау арқылы заттың немесе құбылыстың қарапайым жобасын жасайды, ал толтыру арқылы оны күрделендіріп, түрлі нобайына алаңдамай, танымдық мәні бар ғылыми таңбаға айналдырады. Абай бұл сөзді ой суреті деп аударған.


АБСУРД (лат. absurdus жалған естілетін, үйлесімсіз) – мәнсіздік, қайшылықты ой. Орта ғасырларда логикалық категория ретінде қол- данылған. А. Камюдің шығармаш.-нда философиялық мәнге ие болды. Француз ойшылы өзінің «Сизиф туралы миф» деген шығармасында:
«Мағынасыздық адамзат өркениетінің тағдыры, осыны түсінген тұлға тағдырын жеңіп шығады» дейді. Бұл ой бағыты белгілі дәстүрге айналып, ХХ ғ-дың 2-жартысында С. Беккет, Э. Ионеско есімдерімен әйгіленген А. драмасын тудырады


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   571




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет