Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті


Әдебиет: Общенациональная идея Казахстана: опыт философско- политологического анализа. – Алматы, 2006



бет302/571
Дата01.05.2022
өлшемі1,5 Mb.
#141614
1   ...   298   299   300   301   302   303   304   305   ...   571
Байланысты:
treatise187525

Әдебиет: Общенациональная идея Казахстана: опыт философско- политологического анализа. – Алматы, 2006.


ИЕРАРХИЯ (грек. Hіerarehіa hіeros – қасиетті және – билік) – мәде- ниеттануда әр сатыда тұрған түрлі мәдениетті көрсететін теориялық бағыт. Бұл жүйені теориялық бағыт бойынша мәдениеттанушылар белгілі бір мәдениетті маңызды, құнды болашақта дамуға бейім деп бағалайды. Екінші бір мәдениет құндылығы, маңызы жағынан төмендеу, өз құндылығын жоя бастаған деп бағаланады. Бірақ, бұл көзқарасқа қарсы тұрар концепция – эгалитаризм (мәдениет теңдігі).


ИЗОМОРФИЗМ (грек. іsos – тең, бірдей, morphe – түр, пішін) – көркем мәтіндегі мазмұн мен түрдің сәйкестігі. Кең мағынада алатын бол- сақ, көркем шығармадағы мазмұн мен форманың (идея, сюжет, стиль т. б.) үндесуі. Кейбір зерттеушілер қандай да болмасын көркем шығармаға И. тән деген тұжырым жасайды. Алайда, И. көркем шығармада көрініс табуы


281

әрқалай, көбіне суреткердің шеберлігіне, көркем шығарманың эстетикалық деңгейіне байланысты болады. Мыс., көркемдік жүйенің барлық саласында да И. бірдей көрініс таппауы мүмкін. Поэтикалық шығармаларда парал- лелизм үлкен рөл атқарады, онда мазмұндық пен дыбыстық бірліктің орны ерекше. Тіпті бейнелеу мақсатында объекті болып отырған бейне, не заттың ерекшелігіне байланысты лексикалық сөз байлығының өзін іріктеп, қолдану ерекшелігі байқалады. Н. Буало өзінің әйгілі «Поэтикалық өнер» атты еңбегінде идиллия жанрына талдау жасағанда «қарапайым» және «табиғи» деген ұғымдарды қолданса, ал одаға талдау жасағанда «экспрессивті» және «патетикалық» деген терминдерді қолданады. И. белгілері өлең өлшемдерінде, синтаксистік құрылым жүйесінде де көрініс табуы мүмкін (Қ. Ысқақов, Ф. Достоевскийлердің «тығыз» синтаксисі, немесе М. Әуезов, Л. Толстойлардың кең тынысты стилі т. б.).




ИЛАНДЫРУ (лат. verificare – ақиқатты көрсету) – объективті дүние туралы пайымдаулардың ақиқаттығы сезімдік деректермен салыстыру арқылы анықталуы керек деген позитивизмнің негізгі принциптерінің бірі. Ұғым Вена үйірмесінде тұжырымдалған. И. негізіне таным сезімдік тәжірибенің шеңберінен шыға алмайды деген тезис алынған.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   298   299   300   301   302   303   304   305   ...   571




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет