ИНДУКЦИЯ(лат. inductio – ой салу) – жеке фактілер жайындағы ғылыми білімнен немесе жалпы емес білімнен жалпы білімге, тәжірибелік нәтижелерден теориялық жалпылау мен қорытындыға, жекеден жалпыға, белгіліден белгісізге қарай қозғалудың логикалық әдісі. И. – жалпылаудың және ой қозғалудың формасы. Ол тәжірибелік таным мен ғылыми зерт- теудің тарихымен тығыз байланысқан. И. ертедегі үнділік логикада, Лаоцзы еңбектерінде, ертедегі грек логикасында зерттелді. Аристотель өзінің
«Бірінші аналитикасында» И-ның қарапайым формасы болатын толық И-ны қарастырды. Оның «Топикасындағы» И. толық емес И-ны да қамтиды. Сондықтан, бұл еңбектегі айтылған И. туралы түсінік едәуір кеңі- рек және жалпыланған. Дегенмен, И. жайындағы аристотельдік түсінік өте жеткіліксіз және қарапайым болды. Өйткені И-ның танымдағы рөлі мен орны дұрыс түсіндірілмейді, И. ой қорытындысының басқа формаларынан оқшауланып қарастырылды. Жаңа уақыт заманында И. жайындағы ілім онан әрі дамытылды. Бұл жерде Леонардо да Винчи мен Галилео Галилейді айтамыз. Олар шынайы білімге жетуде тәжірибе мен математика рөліне көп көңіл бөлді. Шынайы ғылым мұқият қойылған тәжірибе мен бақылауға негізделеді. Содан кейін тәжірибелік нәтижелерден математика тілінде өрнектелген табиғат заңдары мен заңдылықтарын тануға қарай қозғала- мыз. И. – Галилейдің ғыл.-зерт. әдісінің құрамдас бөлігі және жалпылаудың бір түрі. Ф. Бэконның И. туралы ілімінде И. қажетті және сенімді ғылыми ұғымдарды құру әдісі делінеді. Оның пікірінше, тек И. заттың табиғатын ашады, дәлелдеудің нағыз формасы. Сөйтіп, Ф. Бэкон танымдағы И. рөлін жоғары бағалап, дедукцияны мойындамады. Бұл ілім ағылшын ғалымдары Дж. С. Милль және Дж. Гершель, орыс ғалымдары М.И. Каринский мен Л.В. Рутковский еңбектерінде одан әрі дамытылды. Бұл еңбектердің құн- дылығымен бірге кемшіліктері де болды. И. мен дедукция арасындағы диалект материализмде ғана зерттеледі және дұрыс түсіндіріледі. И.- таным әдісі, өйткені ол жаңа ғылыми заңның, гипотезаның, ұстындардың қалып- тасуында маңызды рөл атқарады. Жеке тәжірибелік фактілерді немесе қағи- даларды индуктивтік жалпылау арқылы заң, гипотеза және ұстын пайда болады. Сондықтан, И. тәжірибе мен бақылауға тікелей тәуелді. И. аяқтал- маған тәжірибеге негізделгендіктен, проблемалық ой қорытындысын береді. Ол арқылы алынған қорытындының дұрыс немесе қате болуы да ықтимал. Мыс., Лавуазье өзі зерттеген қышқылдардың қажетті бөлігі деген индуктив- тік қорытынды жасады. Кейін мұндай қорытындының қате екені анықталды (мыс., тұз қышқылында оттегі жоқ). Зерттеулер мынадай қорытынды тапты: оттегі емес, сутегі – кез келген қышқылдың құрамдас бөлігі. Жалпыланған индуктивтік қорытындының негізі мен өлшемі – қоғамдық практика. Сон- дықтан, индуктивтік ой қорытынды проблемалық болғандықтан таным процесінде И. мен дедукция тығыз байланысқан. Ньютонның зерттеу әдісі И. мен дедукцияның бірлігіне негізделген. Физиканың аксиомалары неме- се ұстындары тәжірибелік фактілерді жалпылаудың нәтижесінде пайда болады. Физика ұстындарының негізгі мақсаты – осы ұстындар дедуктивтік жолмен тәжірибеде тексерілетін логикалық салдарлар алу. Тек, дедукция мен практика арасындағы өзара әрекеттесу нәтижесінде шынайы ақиқат- тар танылады. Индуктивтік зерттеуде индуктивтік ой қорытындыларының маңызы өте зор. Соңғылар мынадай қорытындыларға бөлінеді: 1) толық И., 2) толық емес И., 3) математикалық И., 4) трансфиниттік (шексіз) И. т. б. ғылыми зерттеуде танымның барлық фор-малары мен әдістерін өзара байланыста ұстау – зор табыс пен жетістіктің кепілі.