АЛЕКСАНДРИЯ МЕКТЕБІ (б.д.д. I ғ. – б.д. VI ғ.). Антика филосо- фиясындағы А. м. ғылыми әдебиеттерде екі түрлі түсіндіріледі. Бұл бір жа- ғынан – б.д.д. І ғасырда Мысырдағы Александрия қаласында өмір сүрген Филон Александрийскийдің философиясы. Филон Александрийский стоик- тік платонизмнің әдістерімен Інжілге түсіндірме жазған ойшыл. Бұл бағыт платондық идеяларды болмыстың негізі деп санайды, дегенмен, осы мектеп идеяларды барлық әлемге жайылған және барлық жанды және жансыз заттарды жарататын шығармашылық от бейнесінде пайымдайды. Әлі де
42
таза монотеистік әдістерді қолдануды меңгермеген сол кездегі барлық ерте христиандық діни ілімдер стоиктік платонизмнің зор ықпалында болды. Александрия қаласынан шыққан Климент пен оның шәкірті Ориген де осы ойлау салтының өкілдері саналады. Екінші жағынан кең мағынасында
А. м-не бірінші ғасырлардағы пұтқа табынатын жаңа пифагоршылдық пен эклектикалық мектептерді және жаңа платондық дәстүрдегі барлық бағыттарды жатқызады. Егерде жаңа платоншылдық ілімдердің Римде, Сирияда, Пергамда, Александрияның өзінде де кеңінен таралғанын есерсек, онда А. м-н Филонның және 2–3 ғасырларда өмір сүрген александриялық христиан ойшылдарының философиялық мектебі деп санау қисынға келеді.
АЛЛЕГОРИЯ (грек. allegoria – пернелеп айту), пернелеу – оқырманның не көрерменнің санасына, қиялына ерекше әсер ететіндей, бейне жасаудың көркемдеуші құралы, көркемдік тәсіл. А. көркемдік тәсілдердің ең көнесі, бастауын мифтен алып, фольклорда ерекше дамыған. Әлемдік сөз өнерінде ғасырлар бойы қалыптасқан типологиялық ортақ бейнелер А-лар арқылы беріледі. Алайда, ұлттық ұғым-санада, дәстүр-салтқа байланысты мұндай бейнелер барлық халықта бірдей әсер тудырмайтын кездері де де болады. А. ауыз әдебиетінің барлық жанрларында, оның ішінде жануарлар туралы ертегілерде, халық мысалдарында, өтірік өлеңде, жазба әдебиетте, сатиралық жанрларда жиі қолданылады. Ол пернелеп айтуға, дерексіз ұғымды деректі нәрсеге ауыстырып бейнелеуге икемді тәсіл болғандықтан мысал жанрында ерекше дамыған. Эзоп, Лафонтен, Крылов, Абай, Байтұрсынов т. б. шығармаларында А. айрықша орын алған. Абайдың «Қарға мен түлкі» мысалындағы түлкі мен қарға бейнесі арқылы адам баласының бойындағы қулық пен аңқаулық, даңғазалық сияқты мінез табиғаты пернелей өткір мысқылмен шебер берілген.
Достарыңызбен бөлісу: |