Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті



бет58/571
Дата01.05.2022
өлшемі1,5 Mb.
#141614
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   571
Байланысты:
treatise187525

Әдебиет: ҚҰЭ. Т. 1., 387 б.




АПАТИЯ (грек. ảπάθεια: − терістеу бірлігі, πάνος − аффект, лат. tranquillitas animi, енжарлық, самарқаулық) – антикалық этикада аффектіге бой алдырмау немесе оған самарқау қарауды білдіретін термин. А. этикалық түсініктің қайнар көздері Платонның философиясынан басталып, киниктер мен мегар мектептерінде толық мазмұнға ие болғандығы Аристотельдің
«Никомах этикасы» еңбегінде атап өтілген. Киниктер мен стоиктер философиясында тағдыр адамға қандай қуаныш сыйласа да асып-таспай, барынан айырылып, бақытсыздыққа душар болып, тағдыр тәлкегіне ұшыраса да қайғыға батып, қорқыныш пен үрейге салынбай, тұрақтылығын сақтап, адамшылық жолынан таймайтын дана (софия) адамның болмысы А. ұғымымен берілген. Рим ойшылы Сенека А. сөзін грек тілінен «қандай да болмасын азапқа мойымайтын жан (рух) деп тәржімалаған жөн» деп санаған. А. ұғымы әсіресе стоиктердің этикалық ілімінде ізгілік атаулының айрықша қасиеті болып, өзгеше мән-мағына береді. Егер де мегарлықтар апатияны мүлдем «сезімсіз» сүлесоқтық күйі десе, стоиктер оны «сыртқы» заттарды теріс ұғынудың салдарынан пайда болатын аффектілерді (оларға ең алдымен қайғы, үрей, құштарлық, ләззатты жатқызады) жеңудің оң тәсілі деп түсіндіреді. Стоиктердің пайымдауынша А. − бақытқа жетудің бірден- бір қажетті шарты. Адам А-қ кемелдікке философиямен шұғылдану, өзін- өзі ізгілікке тәрбиелеу және қатаң өмір салтын (аскеттік) ұстануы арқылы ғана жете алады.
Филон Александрийский тарапынан ерте христиандық этикаға енгізіл- ген А. термині, мұнда әулие жанның болмысын суреттеуде қолданылды. Сонымен қатар, А. терминінің этикалық түсінігі Жаңа заманда Спинозаның, кейін И. Канттың философиясында көрініс тапқан.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   571




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет