Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті


Әдебиет: Мырзалы Серік. Философия. – Алматы: Бастау, 2008



бет293/401
Дата29.11.2023
өлшемі1,5 Mb.
#194070
1   ...   289   290   291   292   293   294   295   296   ...   401
Байланысты:
treatise187525

Әдебиет: Мырзалы Серік. Философия. – Алматы: Бастау, 2008.


МҰРАТ – категориясы кез-келген этикалық жүйенің түйінді ұғымына жатады. Өйткені әдептік нормалар күнделікті күйбең өмірдің тар міндет- терінен жоғары, болашақпен байланысты тұжырымдалады. М. – тұлға немесе әлеуметтік топтардың мінез-құлқы мен арман-тілектерінің сипаты мен көріністерін айқындайтын «рухани күш, үлгі-өнеге. Арман мен М. құстың қос қанатындай өмір шындығынан туады, олармен рухтанған адам қиыншылық пен кертартпа қырсықтың сор батпағынан құтылуды аңсайды. Арман мен М. адамның өмірге деген құштарлығын арттыра түседі. Шын- дық – бұл іске асырылған арман болса, М. – алыстағы көкжиек. М. туралы нақтылы ұғымға жету үшін оны этномәдени контекстіде қарастырған жөн. Жоғарыда аталып өткендей, хандық дәуірінің ақын-жыраулары мұрат сияқты қазақтың ділдік, әдептік түсініктерін төлтумалық сипатта барынша суреттеп берген.
Жаңа қалыптасқан мемлекет үшін басты М. – ел берекелігі және оның тұтастығы жолындағы қажымас қайратты қажет ететін күрес. Бұл М-ты іске асыратын тұлғаға батырдың сомдалған бейнесі жатады. Қуаң даланы алғашқы игергендер – номадтар және басқа мәдени ареалдар (орман, тау, суармалы алқап және т. б.) оларды көп қызықтыра қоймаған. Көшпелілер- дің өзіндік санасында дала ол үшін ең қолайлы мекен болып есептелген. Қазақ сахарасы қазақ елінің балама түсінігіне айналған. Өзен мен көлдің өзі жайлауға ыңғайлы жер деп есептелген.
Адамзат ұрпағы өз мүмкіндігін табиғат құбылыстарымен де шамалай алатынын әсіресе үндестік сазы, үйлесім ұғымымен айқынырақ түсіндіруге болады. Өйткені жан иесі өзінің белгілі бір дәрежеде жаратылыс жұрағаты екенін сезінбей жүре алмайды. Әлде-бір адам болмысын, көңіл-күйі, жан сарайын, қажет кезінде сыртқы мүсін-келбетін жете таныту үшін де көркем шығармада жаратылыс құбылыстарының тікелей көмекке келетін сәттері аз емес. Үйлесімділік дейтініміздің бір көрінісі сол. Қазақтың өнегелі бата сөзінде ең бірінші үміт жерге, сосын сол жердегі ерге және осы ерді өсірген елге айтылады.
М. ретінде қастерленетін туған табиғат дәстүрлі қазақы дүниетанымда батыстық бағындырылуға тиісті түсінігінен мүлдем басқаша қабылданады. Тел (бинарлық) оппозицияға негізделген көшпелі қазақтардың тіліндегі табиғат туралы түсініктері ұтымды болған, табиғат көрінісі, кеңістік бітімі әрекет пен бірлікте ғана көрінеді. Біріншіден, М. шексіз ізгілік, мінсіз жағдаят, абсолютты жетілгендік деп түсіндіріледі. Бұл мағынада М. діни түсініктегі
«жұмақ» ұғымына сәйкес келеді. Екіншіден, М. түпкі мақсат, арман-тілек, ең жақсы қоғам, мінсіз адам дегендерге жақын мағынада қолданылады. Бұл әр түрлі утопиялық ілімдерге тән позиция. Үшіншіден, М. ұғымы ішкі құндылығы жоғары және жеткілікті тұтастықпен байланыстырылады. М. жеке тұлғадан гөрі, жалпылама әлеуметтік тұтастыққа көбірек иек артады.
Қызығу – тіршілік иесі адамның өмірге деген құштарлығы және оны нәпсіқұмарлықпен теңеуге де болмайды. Нағыз кісіде қызығу иманды- лықпен бақыланып отырылады. «Қызығу» позициясы тіршілікті жандан- дыратын, оған мән мен мағына беретін бастауды білдіреді. Осы кісі құш- тарлықтан айырылып, тірі өліктің бір түріне айналып кетуі мүмкін. Қызығу абстрактыланған бейне емес, ол «өмір қызықтары» ретінде нақтылы көрініс табады. Қызықты өмірде М. тіршілік мақсаттарына айналады жә- не бұл мақсаттар кісілік қасиеттерді бекітуге бағытталады. Әрине, бұл М-ты нәпсіқұмарлыққа шақыру деп анайы түсіну дұрыс емес. Дәстүрлі әдеп адамдық толыққанды тіршілікпен бас тартуды қаламайды. М. жақын- даған сайын алыстай беретін сағым сияқты емес. Кейбір, әсіресе өмір туралы дұрыс түсінігі қалыптаспаған жастар, шындықтағы алғашқы қиын- дықтардан кейін-ақ өмір мен мұраттардың арасы түпсіз тұңғиық екен деп ойлап қалады. М. тек кітаптарда, адамзаттың қиял-армандарында ғана болады, ал адамдардың күнделікті әрекеттерінде оған орын жоқ деседі. Өмірді раушан гүлдермен безендіру үшін, гүлдегі тікенектерді де ескеру қажет. Ел М-ы мен ер М-ы бір-бірімен тұтас әрекет етеді. Хандық дәуірдегі толассыз жаугершілік елдік М-тарды алдыңғы қатарға шығарып отырады.
«Өзім жаман болсам, ағам жақсы», «у ішсең де руыңмен іш» деп жариялаған қоғамда, оған қоса қатал, қуаң далада жалғыз өмір сүрудің мүмкіндігі жоқ еді. Сол себепті кісілік еркіндіктің өзі шектеулі болды. Әрине, рулар арасында оппозициялық қатынастар да белең алып отырды. Бұл, әсіресе, бейбіт кезеңдерге тән еді. Бірақ, тоқтаусыз сыртқы қауіп рулық еркіндікті ортақ мүддеге бағындырып отырды және жеке кісінің жоқтаушысы рулық мүдделер этникалық тұтастыққа тәуелді бола бастады. Саяси-потестарлы биліктің қай бөлігінде болмасын көсемдерді жеке басының қабілетіне байланысты қолдау, мойындау басым. Бұл меритократиялық ұстаным саяси биліктің өміршеңдігінің бірден-бір кепілі. Қай ру болмасын өзінің басшылығынан жігерлі адамды көруге ықтиярлы және мүдделі. Сол сияқты хан сайланар адамның ел тізгініне ие болар қабілетін айрықша ескереді. Яғни, хан-сұлтандар ел мұратына сәйкес болуы міндетті. Айталық, ақын- жыраулар Абылай сияқты хандарды үлгі-өнеге тұтып, оларда кездесетін жеке кемістіктерді аяусыз сынап отырған. Мәселе – қазақ сахарасында қалыптасқан үйлесімділік пен ынтымақтастықтың ерекше бітімінде. Адам- дық қарым-қатынастарды реттеуде ақын-жыраулар жоғары үлгі – ел М-ын білдіретін төрешілер қызметін атқарған. Егер елбасылар осы М-тарға сәйкес болмаса, ақын-жыраулар оларды аяусыз және өткір сынға алған.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   289   290   291   292   293   294   295   296   ...   401




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет